Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі. 1999 жылғы 3 қараша N 87. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2002.03.29. N 828 жарлығымен.

      Мемлекеттің кадр саясатын жүзеге асыру тетігін жетілдіру мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      2. "Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 3874 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 9, 57-құжат) күші жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы     
Президентінің 1999 жылғы    
3 қарашадағы N 87 өкіміне   
қосымша             

Қазақстан Республикасының орталық және жергіліктімемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ

Орталық мемлекеттік органдардың басшы лауазымды адамдары мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бойынша

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен тағайындалатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшы лауазымды адамдарын тағайындау немесе босату туралы ұсыныстарды Республика Премьер-Министрі (Үкімет мүшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бойынша), Республика Президенті Әкімшілігінің Басшысы (Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшылары бойынша) ұсынылып отырған тағайындаудың немесе босатудың себептері мен дәлелдерін көрсете отырып, Мемлекет басшысының қарауына жазбаша енгізеді.

      2. Республика Президентінің өкімдерімен, сондай-ақ Республика Президентінің немесе оның уәкілеттік беруімен Президент Әкімшілігі Басшысының келісімі бойынша жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын тағайындау немесе босату туралы ұсыныстарды тиісті орталық органның басшысы Әкімшілікке жазбаша түрде енгізеді және Әкімшіліктің Кадр жұмысы бөліміне жібереді.
      Бұл ретте Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың және ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсыныстарды Премьер-Министр ұсынылып отырған тағайындаудың немесе босатудың себептері мен дәлелдерін көрсете отырып, Республика Президентінің қарауына енгізеді.
      Әкімшіліктің Кадр жұмысы бөлімі қажетті құжаттарды дайындайды, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінде кандидатураны зерделеуді, келісуді немесе кандидатпен әңгімелесуді ұйымдастырады және материалдарды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы, Республика Президентінің немесе уәкілеттік беруімен Әкімшілік Басшысының келісім беруі туралы мәселені шешу үшін Президент Әкімшілігінің Басшысына береді.
      Осы тармақта аталған ұсыныстарды Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінде қаралу сатысына соқпай, Әкімшілік Басшысы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей баяндауы мүмкін.

Прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, салық полициясы және кеден қызметі органдары бойынша

      3. Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарларын қызметке тиісінше Бас прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының Мемлекет басшысының Әкімшілігіне енгізген жазбаша ұсыныстары бойынша Республика Президенті тағайындайды.
      Мемлекет басшысының шешімі бойынша Бас прокурордың немесе Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары қызметіне кандидатуралар, олар тағайындалғанға дейін, тиісінше Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі мен Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығында зерделенуі мүмкін, олар тиісті қорытынды дайындап, Әкімшілік Басшысына ұсынады.

      4. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, мынадай қызметтерге тағайындауға кандидатуралар Мемлекеттік-құқық бөлімінде алдын ала зерделенуге тиіс:
      Бас прокуратура департаменттерінің, дербес басқармаларының және бөлімдерінің бастықтары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокурорлары мен оларға теңестірілген басқа да прокурорлар; Бас прокуратураның қарауындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу мекемелері мен оқу орындарының бірінші басшылары;
      Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, Ішкі істер министрлігі департаменттерінің бас басқармаларының, дербес басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары, облыстар, Астана және Алматы қалалары, көліктегі ішкі істер басқармаларының бастықтары; Ішкі істер министрлігінің қарауындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу мекемелері мен оқу орындарының бірінші басшылары;
      Әділет министрінің орынбасарлары, Әділет министрлігі комитеттерінің төрағалары, облыстар, Астана және Алматы қалалары әділет басқармаларының бастықтары, сот қаулыларын орындау жөніндегі облыстық (Астана және Алматы қалалары) департаменттердің бастықтары, Әділет министрлігінің қарауындағы облыстық (Астана және Алматы қалалары) ұйымдардың басшылары;
      Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің төрағасы, оның орынбасарлары, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Кеден басқармаларының бастықтары;
      Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық полициясы комитетінің төрағасы, оның орынбасарлары, Салық полициясы комитетінің облыстық (Астана және Алматы қалалары) басқармаларының бастықтары.
      Ұсынылған кандидатураларды зерделеудің қорытындысын Мемлекеттік-құқық бөлімі Әкімшілік Басшысының қарауына ұсынылатын келісім берудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы тұжырым түрінде ресімдейді.
      Егер кандидат орталық атқарушы органдағы қызметке ұсынылатын болса ұсынылған кандидатураларды зерделеу кезінде Үкіметтің пікірі ескеріледі. Бұл үшін Премьер-Министр Кеңсесі Президент Әкімшілігіне тиісті жазбаша қорытынды табыс етеді.

      5. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, мынадай қызметтерге тағайындалуға кандидатуралар Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығында алдын ала зерделенуге тиіс:
      Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің, дербес басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық (Астана және Алматы қалалары) департаменттерінің бастықтары; Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарауындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу мекемелері мен оқу орындарының бірінші басшылары;
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас Штабының бастығы - Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары; бірінші орынбасары; Қорғаныс министрінің орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскер тектерінің қолбасшылары; әскери бөлімдердің командирлері (дивизия және одан жоғары); Қорғаныс министрлігі бас басқармаларының, дербес басқармаларының және бөлімдерінің бастықтары; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясының бастығы.
      Ұсынылған кандидатураларды зерделеудің қорытындысын Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы Әкімшілік Басшысының қарауына ұсынылатын келісім беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы тұжырым түрінде ресімдейді.

      6. Аталған мемлекеттік органдардың жекелеген лауазымды адамдарын тағайындау немесе босату жөніндегі ұсыныстар Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен Премьер-Министрдің Кеңсесіне соқпай Қазақстан Республикасы Президентінің жеке өзіне және оның Әкімшілігінің Басшысына баяндалуы мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдар бойынша

      7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері орынбасарларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің, қалалардағы аудандар әкімдерінің қызметтеріне тағайындауларды оларға қатысты жоғары тұрған әкімдер Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрінің немесе олар уәкілдік берген лауазымды тұлғалардың келісімімен жүргізеді.
      Ұсынылған кандидатураларды жоғарыда аталған қызметтерге тағайындау жөніндегі материалдарды тиісінше облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Президент Әкімшілігіне енгізеді, онда Кадр жұмысы бөлімінде зерделеніп, Әкімшіліктің Ұйымдастыру-бақылау бөлімімен келісілгеннен кейін Премьер-Министр Кеңсесіне жіберіледі. Ол мәселенің Үкіметте келісілуін ұйымдастырады.
      Мәселе Үкіметте қаралғаннан кейін материалдар қайтадан Әкімшіліктің Кадр жұмысы бөліміне беріледі, ол Әкімшілік Басшысының келісімімен кандидатпен әңгіме өткізу және Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінде келісу үшін оны шақыруды ұйымдастырады. Содан кейін тиісті құжаттар Қазақстан Республикасының Президентіне баяндау үшін Әкімшілік Басшысына беріледі.
      Жекелеген жағдайларда Әкімшілік Басшысы Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша әңгімелесуге шақырусыз да кандидатты тағайындауға келісім беруі мүмкін.

      8. Облыстар әкімдерінің орынбасарларын, қалалар мен аудандар әкімдерін қызметтен босату осы мәселе Президент Әкімшілігінің Басшысымен және Үкіметпен келісілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Бұл үшін облыс (Астана және Алматы қалаларының) әкімдері Президент Әкімшілігі Басшысының атына ұсынылатын босатудың себептерін көрсетіп, жазбаша ұсыным жолдайды. Мәселе тиісінше зерделеніп, Мемлекет басшысына баяндалғаннан кейін Әкімшілік Басшысы осы босатуға келісім береді немесе ұсынымды қабылдамай тастайды.

Осы Ереженің өзге де мәселелері

      9. Тиісті Жарлықтар мен өкімдердің жобаларын, сондай-ақ тағы да басқа қажетті құжаттар дайындауды, әдетте, Президент Әкімшілігінің Кадр жұмысы бөлімі жүзеге асырады, бірақ тиесілілігіне қарай Әкімшілік Басшысы Әкімшіліктің кез келген құрылымдық бөлімшесіне тапсыруы мүмкін.

      10. Ұсынылған кандидатураларды тиісті қызметтерге тағайындау туралы ұсынымға Президент Әкімшілігі айқындайтын тізбе бойынша құжаттар қоса беріледі.
     Ұсынымда қызметке тағайындауға ұсынылған кандидаттардың іскерлік және жеке басының қасиеттеріне қысқаша сипаттама беріледі. Лауазымды адам орнынан түскен немесе ол өз тілегі бойынша қызметтен босатылған жағдайда материалдарға мемлекеттік қызметшінің тиісті өтініші қоса беріледі.

     11. Қажет болған жағдайда Президент Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелері қосымша материалдарды сұратып алдырады, не тағайындалатын немесе босатылатын мемлекеттік қызметшінің іскерлік және жеке басының қасиеттерін зерделеуді жергілікті жерге барып ұйымдастырады.

Об утверждении Положения о порядке согласования, назначения на должность и освобождения от должности руководящих должностных лиц центральных и местных государственных органов Республики Казахстан

Распоряжение Президента Республики Казахстан от 3 ноября 1999 года N 87. Утратило силу - Указом Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года N 828 (U020828)

      В целях совершенствования механизма осуществления кадровой политики государства:
      1. Утвердить Положение о порядке согласования, назначения на должность и освобождения от должности руководящих должностных лиц центральных и местных государственных органов Республики Казахстан (прилагается).
      2. Признать утратившим силу распоряжение Президента Республики Казахстан № 3874 от 19 марта 1998 года "Об утверждении Положения о порядке согласования, назначения на должность и освобождения от должности руководящих должностных лиц исполнительных органов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., № 9, ст.57).

     Президент
Республики Казахстан

                                                 Приложение
                                          к распоряжению Президента
                                             Республики Казахстан
                                          № 87 от 3 ноября 1999 г.

                         Положение
      о порядке согласования, назначения на должность
и освобождения от должности руководящих должностных лиц
       центральных и местных государственных органов
                  Республики Казахстан

        По руководящим должностным лицам центральных
         государственных органов и акимам областей,
                 городов Астаны и Алматы

      1. Представления о назначении или освобождении руководящих должностных лиц центральных и местных государственных органов, назначаемых Указами Президента Республики, вносятся Премьер-Министром Республики (по членам Правительства, акимам областей, гг. Астаны и Алматы), Руководителем Администрации Президента Республики (по руководителям органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики) на рассмотрение Главе государства в письменной форме, с указанием причин и мотивов предлагаемого назначения или освобождения.
      2. Представления о назначении или освобождении должностных лиц центральных государственных органов, производимые распоряжениями Президента Республики, а также по согласованию с Президентом Республики или по его уполномочию с Руководителем Администрации Президента, вносятся в письменной форме в Администрацию руководителем соответствующего центрального органа и направляются в Отдел кадровой работы Администрации.
      При этом представления о даче согласия на назначения на должности или освобождении от должностей руководителей центральных исполнительных органов, не входящих в состав Правительства, и ведомств, вносятся Премьер-Министром на рассмотрение Президенту Республики, с указанием причин и мотивов предлагаемого назначения или освобождения.
      Отдел кадровой работы Администрации готовит необходимые документы, организует изучение кандидатуры, согласование или собеседование с кандидатом в структурных подразделениях Администрации и передает материалы Руководителю Администрации Президента для решения вопроса о назначении на должность или освобождении от должности, даче согласия Президентом Республики или по его уполномочию Руководителем Администрации.
      Указанные в настоящем пункте представления могут докладываться непосредственно Президенту Республики Казахстан Руководителем его Администрации, минуя стадию рассмотрения на уровне структурных подразделений Администрации.

  По органам прокуратуры, внутренних дел, национальной
   безопасности, налоговой полиции и таможенной службы

      3. Заместители Генерального прокурора, Председателя Комитета национальной безопасности назначаются на должность Президентом Республики по письменному представлению соответственно Генерального прокурора и Председателя Комитета национальной безопасности, вносимому в Администрацию Главы государства.
      По решению Главы государства кандидатуры на должности заместителей Генерального прокурора или Председателя Комитета национальной безопасности, до их назначения, могут быть изучены соответственно Государственно-правовым отделом Администрации Президента и Секретариатом Совета Безопасности, которые готовят соответствующие заключения, представляемые Руководителю Администрации.
      4. Подлежат предварительному изучению в Государственно-правовом отделе Администрации Президента, если иное не будет решено Главой государства или Руководителем его Администрации, кандидатуры на следующие должности:
      начальников департаментов, самостоятельных управлений и отделов Генеральной прокуратуры, прокуроров областей, гг. Астаны и Алматы, других приравненных к ним прокуроров; первых руководителей научных, научно-исследовательских учреждений и учебных заведений, подведомственных Генеральной прокуратуре;
      заместителей Министра внутренних дел, председателей комитетов Министерства внутренних дел, начальников департаментов, главных управлений, самостоятельных управлений и отделов Министерства внутренних дел, начальников управлений внутренних дел областей, гг. Астаны и Алматы, на транспорте; первых руководителей научных, научно-исследовательских учреждений и учебных заведений, подведомственных Министерству внутренних дел;
      заместителей Министра юстиции, председателей комитетов Министерства юстиции, начальников управления юстиции областей, гг. Астаны и Алматы, начальников областных (гг. Астаны и Алматы) департаментов по исполнению судебных постановлений, руководителей областных (гг. Астаны и Алматы) организаций, подведомственных Министерству юстиции;
      Председателя Таможенного комитета Министерства государственных доходов, его заместителей, начальников таможенных управлений по областям, гг. Астане и Алматы;
      Председателя Комитета налоговой полиции Министерства государственных доходов, его заместителей, начальников областных (гг. Астаны, Алматы, на транспорте) управлений Комитета налоговой полиции.
      Итоги изучения представленных кандидатур Государственно-правовой отдел оформляет в виде заключения о возможности или невозможности дачи согласия, представляемого на рассмотрение Руководителю Администрации.
      При изучении представленных кандидатур учитывается мнение Правительства, если кандидат представляется на должность в центральном исполнительном органе. Для этого Канцелярией Премьер-Министра представляется в Администрацию Президента соответствующее письменное заключение.
      5. Подлежат предварительному изучению в Секретариате Совета безопасности, если иное не будет решено Главой государства или Руководителем его Администрации, кандидатуры на следующие должности:
      начальников департаментов самостоятельных управлений и отделов Комитета национальной безопасности, начальников областных (гг. Астаны и Алматы) департаментов Комитета национальной безопасности; первых руководителей научных, научно-исследовательских учреждений и учебных заведений, подведомственных Комитету национальной безопасности;
      начальника Генерального Штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан - первого заместителя Министра обороны; заместителей Министра обороны; командующих родами войск Вооруженных Сил Республики Казахстан; командиров войсковых частей (от дивизий и выше); начальников главных управлений, самостоятельных управлений и отделов Министерства обороны; начальника военной академии Вооруженных Сил Республики Казахстан.
      Итоги изучения представленных кандидатур Секретариат Совета Безопасности оформляет в виде заключения о возможности или невозможности дачи согласия, представляемое на рассмотрение Руководителю Администрации.
      6. Представления по назначению или освобождению отдельных должностных лиц, упомянутых государственных органов могут докладываться лично Президенту Республики Казахстан и Руководителю его Администрации, минуя структурные подразделения Администрации Президента и Канцелярии Премьер-Министра.

              По местным исполнительным органам

      7. Назначения на должности заместителей акимов областей, гг. Астаны и Алматы, акимов городов и районов, акимов районов в городах производятся вышестоящими по отношению к ним акимами по согласованию с Президентом Республики Казахстан и Премьер-Министром, или с уполномоченными ими должностными лицами.
      Материалы по назначению предложенных кандидатур на вышеуказанные должности вносятся соответственно акимом области, гг. Астаны и Алматы в Администрацию Президента, где изучаются Отделом кадровой работы, и после согласования с Организационно-контрольным отделом Администрации направляются в Канцелярию Премьер-Министра. Последняя организует согласование вопроса в Правительстве.
      После рассмотрения вопроса в Правительстве материалы вновь передаются в Отдел кадровой работы Администрации, который с согласия Руководителя Администрации организует вызов кандидата для проведения с ним собеседования и согласования с заинтересованными структурными подразделениями Администрации Президента и Канцелярией Премьер-Министра. Затем соответствующие документы передаются Руководителю Администрации для доклада Президенту Республики.
      В отдельных случаях Руководитель Администрации, по согласованию с Президентом Республики, может дать согласие на назначение кандидата на должность без вызова на собеседование.
      8. Освобождение заместителей акимов областей, акимов городов и районов проводится только после согласования данного вопроса с Руководителем Администрации Президента и Правительства. Для чего на имя Руководителя Администрации акимом области (гг. Астаны и Алматы) направляется письменное представление с указанием причин предлагаемого освобождения. После соответствующего изучения вопроса и доклада Главе государства Руководитель Администрации дает согласие на это освобождение или отклоняет представление.

           Иные вопросы настоящего Положения

      9. Подготовка проектов соответствующих указов и распоряжений, а также других необходимых документов осуществляется, как правило, Отделом кадровой работы Администрации Президента, но может быть поручена Руководителем Администрации любому структурному подразделению Администрации по принадлежности.
      10. К представлению о назначении предлагаемых кандидатур на соответствующие должности прилагаются документы по перечню, определяемому Администрацией Президента.
      В представлении дается краткая характеристика деловых и личных качеств кандидатов, предлагаемых для назначения на должность. В случае отставки должностного лица или освобождения им должности по собственному желанию к материалам прилагается соответствующее заявление государственного служащего.
      11. При необходимости заинтересованные структурные подразделения Администрации Президента запрашивают дополнительные материалы, либо организуют изучение деловых и личных качеств назначаемого или освобождаемого государственного служащего с выездом на место.