Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы сыртқы сауданың кедендік статистикасы саласында әдіснамалық және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы
ХАТТАМА
(2019 жылғы 26 сәуірде күшіне енген - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2019 ж., № 3, 34-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы,
1997 жылғы 26 қыркүйектегі кеден ісіндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Келісімді басшылыққа ала отырып,
саудалық келіссөздерді жүргізу үшін сыртқы сауда бойынша нақты және салыстырмалы деректердің маңыздылығын, сондай-ақ деректермен алмасу өзара сауданың дұрыс дамуына ықпал ететінін мойындай отырып,
екі елдің өзара сауда туралы ақпарат саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға ұмтыла отырып,
өзара түсіністік пен силастыққа негізделген ұйымдастырушылық және әкімшілік әлеуетін ескере отырып,
төменде көрсетілгендер туралы келісті:
1-бап
Тараптар сыртқы сауданың кедендік статистикасы мен статистикалық ақпаратты талдау саласында өзара консультациялар жүргізеді және әдіснамалық әзірлемелермен алмасуды жүргізетін болады.
2-бап
Тараптар үш айда бір рет осы Хаттамаға 1-қосымшаға сәйкес берілетін деректерінің құрылымына сәйкес үйлестірілген жүйенің (HS) 6 белгілерінің деңгейінде өзара сауда бойынша деректермен алмасады, сондай-ақ түпкілікті жылдық деректермен алмасады.
3-бап
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы өзара сауда статистикасының деректері алшақтығының себептеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізу мақсатында, Тараптар жазбаша сұрау салу бойынша осы Хаттамаға 2-қосымшаға сәйкес жекелеген тауарлар топтары бойынша берілетін деректердің Құрылымына сәйкес мейлінше көп алшақтық анықталған тауарларға қатысты ақпаратты береді.
4-бап
Өзара сауда деректерін салыстыру 2010 жылғы 16 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының тауарлармен өзара сауда кедендік статистикасы деректеріне салыстырмалы талдау жүргізу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тараптар өзара сауда туралы деректерді салыстыру мәселелері бойынша үнемі кездесулер өткізеді, олардың нәтижелері туралы бар алшақтықтардың болуы мүмкін себептерін көрсете отырып, бір-біріне хабарлайды. Кездесулер Тараптардың бірінің мемлекет аумағында кезектілікпен өткізіледі.
5-бап
Тараптар осы Хаттама бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде қазақ, қытай, орыс немесе ағылшын тілін пайдаланады.
6-бап
Деректермен алмасу хат, электронды хат немесе компакт-диск (CD) нысанында жүзеге асырылады. Тараптардың байланыс деректері Хаттамаға 3-қосымшада көрсетілген.
Екі Тарап та осы Хаттаманың 3-бабына сәйкес алмасатын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
7-бап
Осы Хаттамаға сәйкес берілетін статистикалық деректер Тараптардың біреуінің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға жариялануға немесе таратылуына болмайды, сондай-ақ басқа Тарап сот немесе әкімшілік іс жүргізуде дәлел ретінде пайдаланбауы тиіс.
8-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Хаттамаға оның ажырамас бөлігі болып табылатын және тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
9-бап
Тараптар осы Хаттаманы түсіндіру және қолдану кезінде туындайтын дауларды келіссөздер мен консультациялар жүргізу жолымен шешеді.
10-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама 5 (бес) жыл мерзімге жасалады, егер Тараптардың бірде біреуі оның қолданысының кезекті мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей оның қолданысын тоқтату туралы өзінің ниетін екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде хабардар етпесе, ол кейінгі бесжылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады.
2019 жылғы 26 сәуірдегі Бейжің қаласында әрқайсысы қазақ, қытай, және орыс тілінде екі данада жасалды, барлық мәтіндердің бірдей заңдық күші бар.
Осы Хаттаманың мәтіндері арасында алшақтық болған жағдайда орыс тіліндегі мәтіннің басымдылық күші болады.
Осы Хаттама күшіне енгеннен бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы сыртқы сауданың кедендік статистикасы саласында әдіснамалық және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы 2012 жылғы 8 желтоқсандағы Хаттаманың қолданысы тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының | Қытай Халық Республикасының |
Қаржы министрлігі үшін | Бас кедендік басқармасы үшін |
1-қосымша |
Тұрақты негізде екі жақты алмасу үшін деректер
ТІЗБЕСІ
№ | Алмасу үшін деректердің атауы | Тән деректер (мөлшері бойынша есеп) |
1 | Шығарылған елі | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты), импорт - бұл шығарылған ел, ал экспорт - межелі ел. |
2 | Алушы ел | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты) тек экспортқа, алушы ел үшін |
3 | Жөнелтуші ел | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты) тек импорт үшін, жөнелтуші ел үшін |
4 | Күнтізбелік жыл/ай | Символдың типі (деректер сипаттамасына сәйкес) |
5 | Көлік түрі | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты) |
6 | Рәсімдеу кеден органы | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты) |
7 | Шекарадағы кеден бекеті | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты) |
8 | Тауар коды | Символдың типі (6 белгі) |
9 | Салмағы, нетто | Символдың типі (килограмм) |
10 | Қосымша өлшем бірлігінің коды (негізгі) | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты) |
11 | Қосымша өлшем бірлігінің саны | |
12 | Қосымша өлшем бірлігінің коды | Символдың типі (ел, таңбаларының санына байланысты) |
13 | Статистикалық құны доллармен | Тұтастық типі |
2-қосымша |
Тауар топтары бойынша берілетін егжей-тегжейлі деректер
ҚҰРЫЛЫМЫ
№ | Алмасу үшін деректердің атауы | Тән деректері (мөлшері бойынша есеп) |
1 | Шығарылған елі | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты), импорт - бұл шығарылған ел, ал экспорт - межелі ел. |
2 | Алушы ел | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты) тек экспортқа, алушы ел үшін. |
3 | Жөнелтуші ел | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты) тек импорт үшін, жөнелтуші ел үшін |
4 | Күнтізбелік жыл/ай | Символдың типі (деректер сипаттамасына сәйкес) |
5 | Көлік түрі | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты) |
6 | Рәсімдеу кеден органы | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты) |
7 | Шекарадағы кеден бекеті | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты) |
8 | Тауар коды | Символдың типі (6 белгі) |
9 | Салмағы, нетто | Килограмм |
10 | ҚХР алғашқы өлшем бірлігінің коды (ҚР-дағы негізгі өлшем бірлік бойынша) | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты) |
11 | ҚХР алғашқы өлшем бірлігі бойынша саны (ҚР-дағы негізгі өлшем бірлігі бойынша) | |
12 | ҚХР екінші өлшем бірлігінің коды (ҚР-дағы қосымша өлшем бірлігі) | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты) |
13 | ҚХР екінші өлшем бірлігі бойынша саны (ҚР-дағы қосымша өлшем бірлігі бойынша) | |
14 | Тауардың статистикалық құны | Символдың типі (АҚШ доллары) |
15 | Көлік құралының нөмірі | Символдың типі (көлік құралының нөмірін сәйкестендіру) |
16 | Қосымша дереккөздерден алынған көлік құралының нөмірі (қытай Тарапы үшін) | Символдың типі (көлік құралының кодын сәйкестендіру) |
17 | Тауар шығарылған күн | Символдың типі (жыл, ай, күн) |
18 | Экспорттық/импорттық декларацияның нөмірі | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты) |
19 | Жөнелтушінің сәйкестендіру нөмірі | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты), тек экспорт кезінде |
20 | Алушының сәйкестендіру нөмірі | Символдың типі (ел таңбаларының санына байланысты), тек импорт кезінде |
21 | Келісімшарт нөмірі (болған кезде) | |
22 | Көліктік жүкқұжат нөмірі (болған кезде) |
3-қосымша |
Байланыс деректері
ҚР Қаржы министрлігі | ҚХР Бас кеден басқармасы |
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті |
Статистикалық талдау бөлімі |