Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, әсіресе дәрігерлердің қамаудағы немесе тұтқындалған тұлғалардың азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың түрлерінен қорғаудағы рөліне қатысты медициналық этика принциптері

БҰҰ Бас Ассамблеяның 1982 ж. 18 желтоқсандағы 37/194 қарарымен қабылданған

      Бас Ассамблея,
      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына азаптау немесе басқа қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың түрлеріне, тұтқындау немесе түрмеге қамаудың кез келген формасына шалдыққан тұлғалардың қорғанысына қатысты медициналық этика кодескін әзірлеуді ұсынған өзінің 1976 жылғы 13 желтоқсандағы 31/85 қарарына сілтеме жасай отырып,
      1979 жылғы қаңтардағы өзінің алпыс үшінші сессиясында қосымшасында Халықаралық медициналық ұйымдар кеңесімен әзірленіп, «Азаптау немесе басқа қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың түрлеріне шалдыққан тұлғалардың қорғанысындағы денсаулық сақтау саласы қызметкерлірінің рөліне қатысты медициналық этика принциптері» деп аталған принциптер жиынтығының жобасы бар «Медициналық этика кодексін әзірлеу» деп аталған баяндамада атап айтылған принциптерді мақұлдауды қаулы еткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Атқарушы комитетіне қайта алғысын білдіре отырып,
      Кеңес Бас Ассамблеяға оның отыз алтыншы сесиясында медициналық этика принциптері жобасын әзірлеуді аяқтау жөнінде шараларды қолдануды ұсынған Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің 1981 жылғы 6 мамырдағы 1981/27 қарарын ескере отырып,
      қабылдау мақсатында өзінің отыз жетінші сессиясында медициналық этика принциптерін қарастыруды қаулы еткен 1981 жылғы 25 қарашадағы 36/61 қарарына сілтеме жасай отырып,
      медициналық кәсіп өкілдері мен денсаулық сақтау саласының басқа қызметкерлері медициналық этикаға қайшы келетін әрекеттермен айналысатындығына үрейлене отырып,
      әлемде маңызды дәрігерлік қызмет дәрігердің көмекшісі, фельдшер, физиотерапевт және санитарлар сынды, оған рұқсаты жоқ немесе дәрігерлер ретінде дайындалмаған денсаулық сақтау саласының қызметкрлермен орныдалатын тәжірибе кең етек жайғанын тани отырып,
      Токиода 1975 жылдың қазанында өткізілген жиырма тоғызыншы Дүниежүзілік медициналық ассамблеямен қабылданған тұтқындау және түрмеге қамаумен байланысты азаптау және басқа қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе оның құндылықтарын қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың түрлеріне қатысты дәрігерлерге арналған Жетекші принциптер бар, Дүниежүзілік медициналық ассоциацияға байланысты Токио декларациясын ризашылықпен атай отырып,
      Токио декларациясына сай мемлекеттер, сондай-ақ сәйкес ұйымдар азаптау немесе басқа қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерін қолдануға қатысқысы келмеген денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін немесе олардың отбасы мүшелерін қорқыту немесе қуғын-сүргінге шалдықтырудың кез келген азаптауына қарсы шаралар қолдану керектігін ескерте отырып,
      азаптау немесе басқа қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе оның құндылықтарын қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың түрін білдіретін кез келген әрекет адамның қадір-қасиетін қорлау, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарлығы мақсаттарының бұзылуы мен Адам құқықтары туралы жалпыға ортақ декларациның бұзылуы деп танылатынын жариялаған 1975 жылғы 9 желтоқсандағы Бас Ассамблеяның 3452 (ХХХ) қарарында бірауыздан қабылданған Барлық тұлғаларды азаптау және басқа қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың түрлерінен қорғау туралы Декларацияны растай отырып,
      3452 (XXX) қарармен қабылданған Декларацияның 7 бабына сай, әр мемлекет осы Декларацияның 1 бабында анықталған азаптау әрекеттерін жүзеге асыру, азаптауға қатысу, сыбайлас болу, азаптауға шалдықтыруға айдап салу немесе ниет білдіру оның қылмыстық құқығына сай қылмыс ретінде қарайтын ережені қамтамасыз ету керектігін еске сала отырып,
      еш бір жағдайда медициналық этикаға сай келетін дәрігерлік тәжірибемен айналысатын тұлға бұл қызмет кімге көрсетілетініне тәуелсіз, медициналық этиканы бұзатын әрекеттерді орындауға немесе қызметті жүзеге асыруға тапсырма алмайтыны немесе мәжбүрленбейтіндігіне көз жеткізе отырып, алайда денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, әсіресе дәрігерлер кінәлі болуы мүмкін медициналық этиканың бұндай бұзылуы үшін жауапқа тартылу керек,
      денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, әсіресе дәрігерлер мен мемлекеттік қызметкерлер орындауы керек осы салада жаңа нормаларды енгізуге тырыса отырып,
      1. қамауға алынған немесе тұтқындалған тұлғаларды осы қарарға қосымшада берілген азаптау және басқа қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың түрлерінен қорғауда денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің, әсіресе дәрігерлердің рөліне қатысты Медициналық этика принциптерін мақұлдайды;
      2. барлық үкіметтерді осы Медициналық этика прициптерін осы қарармен бірге, сол мемлекеттің ресми тілінде ең кең, әсіресе қызметіне тұтқындау немесе түрмеге қамау кіретін медициналық және парамедициналық қызметкерлер мен мекемерлердің арасында таралуын қамтамасыз етуге шақырады;
      3. барлық сәйкес үкіметаралық ұйымдарға, әсіресе, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен мүдделі үкіметтік емес ұйымдарға Медициналық этика принциптерін көпшілікке, әсіресе, медициналық және парамедициналық салада белсенді әрекет ететін тұлғаларға жеткізуді ұсынады.

      111-ші жалпы отырыс,
      1982 жылғы 18 желтоқсан

Қосымша

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, әсіресе дәрігерлердің қамаудағы немесе тұтқындалған тұлғалардың азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың түрлерінен қорғаудағы рөліне қатысты медициналық этика принциптері

1 принцип

      Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, әсіресе, қамаудағы немесе тұтқындалған тұлғаларға медициналық қызмет көрсететін дәрігерлер олардың физикалық және психикалық денсаулығын қорғауға және қамаудағы немесе тұтқындалған тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға көрсетілетін емдеудің сапасы мен дәрежесін қамтамасыз етуге міндетті.

2 принцип

      Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, әсіресе дәрігерлер, егер олар азаптау әрекеттерін жүзеге асыру немесе басқа қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың түрлеріне қатысу немесе сыбайлас болу, немесе оларға шалдықтыруға айдап салу немесе оларды орындауға талпыныс жасауды білдіретін әрекеттермен белсенді немесе пассивті түрде айналысса, медициналық этиканы өрескел бұзады, сондай-ақ қолданыстағы халыақаралық құжаттарға сай қылмыс жасайды.

3 принцип

      Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, әсіресе дәрігерлер, егер олар мақсаттары тек қана тексерілу, дене немесе психикалық денсаулығын қорғау немесе жақсарту болып табылмайтын қамауға алынған немесе тұтқындалған тұлғалармен кез келген басқа кәсіби қатынасқа араласқан болса, медициналық этиканы бұзады.

4 принцип

      Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, әсіресе дәрігерлер, егер олар:
      a) бұндай қамауға алынған және тұтқындалған тұлғалардың дене немесе психикалық денсаулығына кері әсер етуі мүмкін және сәйкес халықаралық құжаттарға қайшы келетін қамауға алынған және тұтқындалған тұлғаларды сұрау кезінде өзінің білімдері мен тәжірибесін қолданса;
      b) қамауға алынған және тұтқындалған тұлғалардың денсаулық жағдайы оларды дене немесе психикалық денсаулығына кері әсер етуі мүмкін және сәйкес халықаралық құжаттарға қайшы келетін қарым-қатынас немесе жазалау түрлеріне шалдықтыруға жарамды екендігін куәләндірсе немесе куәләндіруге қатысса, немесе сәйкес халықаралық құжаттарға қайшы келетін кез келген осындай қарым-қатынас немесе жазалауды қолдануға басқа кез келген формада қатысса, медициналық этиканы бұзады.

5 принцип

      Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, әсіресе дәрігерлердің қамауға алынған немесе тұтқындалған тұлғаға қатысты кез келген жуастатушы үдеріске қатынасы, егер ол аса медициналық критерилерімен қамауға алынған немесе тұтқындалған тұлғаның өзінің, басқа қамауға алынғандар немесе тұтқындалғандардың, немесе күзет қызметкерлерінің дене немесе психикалық денсаулығын немесе қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті деп аталмаса, және өзінің дене немесе психикалық денсаулығына қауіп төндірмесе, медициналық этиканы бұзуы болып табылады.

6 принцип

      Еш бір негізде, соның ішінде төтенше жағдайды қосқанда, жоғарыда баяндалған принциптерден ешқандай ауытқуға жол берілмейді.

Принципы медицинской этики, относящиеся к роли работников здравоохранения, в особенности врачей, в защите заключенных или задержанных лиц от пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания

Приняты резолюцией 37/194 Генеральной Ассамблеи ООН от 18 декабря 1982 года

      Генеральная Ассамблея,
      ссылаясь на свою резолюцию 31/85 от 13 декабря 1976 года, в которой она предложила Всемирной организации здравоохранения подготовить проект кодекса медицинской этики, относящегося к защите лиц, подвергаемых любой форме задержания или тюремного заключения, от пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания,
      вновь выражая свою признательность Исполнительному комитету Всемирной организации здравоохранения, который постановил на своей шестьдесят третьей сессии в январе 1979 года одобрить принципы, изложенные в докладе, озаглавленном "Разработка кодексов медицинской этики", в приложении к которому содержался проект свода принципов, подготовленный Советом международных медицинских организаций и озаглавленный "Принципы медицинской этики, относящиеся к роли работников здравоохранения в защите лиц от пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания",
      учитывая резолюцию 1981/27 Экономического и Социального Совета от 6 мая 1981 года, в которой Совет рекомендовал Генеральной Ассамблее принять меры по завершению разработки проекта принципов медицинской этики на ее тридцать шестой сессии,
      ссылаясь на свою резолюцию 36/61 от 25 ноября 1981 года, в которой она постановила рассмотреть проект принципов медицинской этики на своей тридцать седьмой сессии с целью их принятия,
      будучи встревожена тем, что нередко представители медицинской профессии и другие работники здравоохранения занимаются деятельностью, которую трудно увязать с медицинской этикой,
      признавая, что в мире все шире распространяется практика, когда важная медицинская деятельность выполняется работниками здравоохранения, не имеющими разрешения или не подготовленными в качестве врачей, такими как ассистенты врачей, фельдшеры, физиотерапевты и санитары,
      с признательностью напоминая о Токийской декларации в отношении Всемирной медицинской ассоциации, в которой содержатся Руководящие принципы для врачей, касающиеся пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания в связи с задержанием и тюремным заключением, принятые двадцать девятой Всемирной медицинской ассамблеей, состоявшейся в Токио в октябре 1975 года,
      отмечая, что в соответствии с Токийской декларацией государства, а также другие соответствующие организации должны принять меры против любых попыток подвергнуть работников здравоохранения или членов их семей угрозам или репрессиям вследствие отказа таких работников оставаться безучастными к применению пыток или других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения,
      подтверждая Декларацию о защите всех лиц от пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания, единогласно принятую Генеральной Ассамблеей в ее резолюции 3452 (XXX) от 9 декабря 1975 года, в которой она заявила, что любое действие, представляющее собой пытку или другие жестокие, бесчеловечные или унижающие достоинство виды обращения и наказания, является оскорблением человеческого достоинства, нарушением целей Устава Организации Объединенных Наций и нарушением Всеобщей декларации прав человека,
      напоминая, что в соответствии со статьей 7 Декларации, принятой в резолюции 3452 (XXX), каждое государство должно обеспечить такое положение, при котором все действия совершения пыток, как это определено в статье 1 настоящей Декларации, участие в пытках, соучастие в них, подстрекательство или намерение подвергнуть пытке, рассматривались бы в соответствии с его уголовным правом как преступления,
      будучи убеждена, что ни при каких обстоятельствах лицо, занимающееся медицинской практикой, соответствующей медицинской этики, независимо от того, кто получает эти услуги, не наказывается или не принуждается к выполнению действий или к осуществлению деятельности в нарушение медицинской этики, но вместе с тем такое нарушение медицинской этики, в котором работники здравоохранения, в особенности врачи, могут оказаться виновными, должно влечь за собой ответственность,
      стремясь ввести новые нормы в этой области, которые должны выполнять работники здравоохранения, в особенности врачи и государственные служащие,
      1. одобряет Принципы медицинской этики, относящиеся к роли работников здравоохранения, в особенности врачей, в защите заключенных или задержанных лиц от пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания, содержащиеся в приложении к настоящей резолюции;
      2. призывает все правительства обеспечить самое широкое распространение этих Принципов медицинской этики совместно с настоящей резолюцией на официальном языке данного государства, в частности среди ассоциаций медицинского и парамедицинского персонала и учреждений, в функции которых входит задержание или тюремное заключение;
      3. предлагает всем соответствующим межправительственным организациям, в частности Всемирной организации здравоохранения, и заинтересованным неправительственным организациям довести Принципы медицинской этики до сведения самого широкого круга лиц, особенно тех, которые занимаются активной деятельностью в медицинской и парамедицинской областях.

      111-е пленарное заседание,
      18 декабря 1982 года

Приложение

Принципы медицинской этики, относящиеся к роли работников здравоохранения, в особенности врачей, в защите заключенных или задержанных лиц от пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания

Принцип 1

      Работники здравоохранения, в особенности врачи, обеспечивающие медицинское обслуживание заключенных или задержанных лиц, обязаны охранять их физическое и психическое здоровье и обеспечивать лечение заболеваний такого же качества и уровня, какое обеспечивается лицам, не являющимся заключенными или задержанными.

Принцип 2

      Работники здравоохранения, в особенности врачи, совершают грубое нарушение медицинской этики, а также преступление, в соответствии с действующими международными документами, если они занимаются активно или пассивно действиями, которые представляют собой участие или соучастие в пытках или других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видах обращения и наказания, или подстрекательство к их совершению, или попытки совершить их.

Принцип 3

      Работники здравоохранения, в особенности врачи, совершают нарушение медицинской этики, если они вовлечены в любые другие профессиональные отношения с заключенными или задержанными лицами, целью которых не является исключительно обследование, охрана или улучшение их физического или психического здоровья.

Принцип 4

      Работники здравоохранения, в особенности врачи, совершают нарушение медицинской этики, если они:
      a) применяют свои знания и опыт для содействия проведению допроса заключенных и задержанных лиц таким образом, что это может отрицательно повлиять на физическое или психическое здоровье или состояние таких заключенных или задержанных лиц и не согласуется с соответствующими международными документами;
      b) удостоверяют или участвуют в удостоверении того, что состояние здоровья заключенных или задержанных лиц позволяет подвергать их любой форме обращения или наказания, которое может оказать отрицательное воздействие на их физическое или психическое здоровье и которое не согласуется с соответствующими международными документами, или в любой другой форме участвуют в применении любого такого обращения или наказания, которые не согласуются с соответствующими международными документами.

Принцип 5

      Участие работников здравоохранения, в особенности врачей, в любой процедуре смирительного характера в отношении заключенного или задержанного лица является нарушением медицинской этики, если только оно не продиктовано сугубо медицинскими критериями как необходимое для охраны физического или психического здоровья или безопасности самого заключенного или задержанного лица, других заключенных или задержанных лиц или персонала охраны и не создает угрозы его физическому или психическому здоровью.

Принцип 6

      Не может быть никаких отклонений от вышеизложенных принципов ни на каких основаниях, включая чрезвычайное положение.