Біріккен Ұлттар Ұйымының қылмыс және билікті асыра пайдалану құрбандары үшін әділ сот төрелігінің негізгі ұстанымдары туралы Декларация

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 ж. 29 қарашасындағы 40/34 қарарымен бекітілді

A. ҚЫЛМЫС ҚҰРБАНДАРЫ

      1. «Құрбандар» термині астарында жекеше немесе ұжымдық түрде залал келтірілген, оның ішінде дене жарақаты немесе рухани залал, эмоционалдық азап, материалдық залал немесе билікті қылмысты түрде асыра пайдалануға тиым салатын заңдарды қоса алғанда, мүше мемлекеттердің қолданыстағы ұлттық қылмыстық заңдарын бұзатын әрекет немесе әрекетсіздік нәтижесінде негізгі құқықтарға айтарлықтай қысым көрсетілген тұлғалар деген мағына жатыр,
      2. Осы Декларацияға сәйкес құқық бұзушы анықталғанынан, тұтқындалғанынан, сотқа төрелігінің қолына берілгенінен немесе сотталғанынан тәуелсіз, сонымен қатар құқық бұзушы мен құрбанның арасындағы туыстық қарым-қатынасқа тәуелсіз қандай да бір тұлға «құрбан» болып саналуы мүмкін. «Құрбан» терминінің құрамына тиісті жағдайларда тікелей құрбанның қамқорлығындағы адамдар немесе жақын туыстары, сонымен қатар құрбандарға жәрдем көрсетуге талпыну барысында немесе витимизацияның алдын алу барысында залал келтірілген және ауыр жағдайға тап болған тұлғалар да кіреді.
      3. Осы Декларациядағы ережелер нәсілге, тері түсіне, жынысына, жасына, тіліне, діни сеніміне, ұлтына, саяси және тағы басқа да көзқарастарына, мәдени пікірі немесе тәжірибесіне, мүліктік, сословиелік немесе отбасылық жағдайына, этникалық немесе әлеуметтік тегіне және еңбекке қабілетіне тәуелсіз қандай да бір айырмашылықтардың ескерілуінсіз барлық тұлғаларға қатысты қолданылады.

Әділ сот төрелігіне қол жетімділік және әділетті қарау

      4. Құрбандарға аянышпен қарап, олардың абыройын құрметтеу қажет. Олар әділ сот механизмдеріне қол жеткізуге және келтірілген залал үшін ұлттық заңнамаға сәйкес жедел түрде өтемақы алуға құқылы.
      5. Қажет болған жағдайларда құрбандарға жедел әрі әділ түрде, қымбатқа түспейтін және қол жетімді түрде ресми немесе ресми емес рәсімдер арқылы өтемақы алу мүмкіндігін қамтамасыздандыру мақсатында соттық және әкімшілік механизмдерді құрып, оларды бекіту қажет. Осындай механизмдер көмегімен өтемақы алуға тырысқан құрбандарға олардың құқықтары туралы хабарлау қажет.
      6. Соттық және әкімшілік іс-шаралардың көбінесе құрбандар қажеттіліктеріне мынай жолдар арқылы жауап беруге қолғабыс ету қажет:
      a) құрбандарға соттың істі қарауының барысы мен мерзімі, көлемі туралы, олардың алатын орны, сол істердің қаралу нәтижесі туралы ақпаратты, әсіресе қатаң қылмыс жағдайларында, сонымен қатар осындай ақпарат сұралған кезде беруі тиіс.
      b) олардың жеке мүдделері қозғалған кезде, айыпталушыларға келтірілер зардапсыз және қылмыстық соттың ұлттық жүйесіне сәйкес соттың істі қарау барысында құрбандарды өз пікірлері мен қалауын айту мүмкіндіктерімен қамтамасыздандыру;
      c) басынан аяғына дейін соттың істі қарау барысында құрбандарға қажетті көмекті көрсету;
      d) келеңсіз жағдайлар немесе құрбандар санының артуына жол бермес үшін, қажет болған кезде және жағдайларда олардың жеке өмірлерін ұорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері, құрбандар тарапындағы куәлар мен оларды қорқытудан, алудан қорғау үшін шаралар қолдану;
      e) істі қарау барысында себепсіз кідірістердің алдын алу және құрбандарға өтемақы төлеу туралы шығарылған шешімдер мен қаулыларды орындау;
      7. Қажет болған жағдайда дауларды реттеудің делдалдық, арбитраж және қарапайым құқық соттары немесе жергілікті тәжірибе секілді ресми емес механизмдерін бейбіт келісімге келу және құрбандарға өтемақы беруге септігін тигізу үшін пайдалану қажет.

Реституция

      8. Белгілі бір жағдайларда құқық бұзушылар немесе олардың іс-әрекеттері үшін жауапкершілік тартатын үшінші жақ тұлғалар құрбандарды, олардың отбасыларын немесе қамқорлығындағы тағы басқа да адамдарды әділ реституциямен қамтамасыздандыру қажет. Мұндай реституция мүлікті қайтару немесе келтірілген залал немесе зиян үшін төлемақы, виктимизация салдарынан болған шығындарды өтеу, қажетті қызметтермен қамтамасыз ету және құқықтарын қалпына келтіру сияқты іс-шараларды қамтиды.
      9. Үкіметтерге реституцияны басқа да қылмыстық санкцияларға қосымша қылмыстық істер бойынша қолданылатын жазалау шараларының бірі ретінде өз тәжірибесіне, ережелеріне, заңдарына енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет.
      10. Қоршаған ортаға айтарлықтай ауыр зардап әкелген жағдайларда реституция құрамына, тиісті шешім шығарылған болса, мүмкіндігінше қоршаған ортаны мен инфрақұрылымды қайта қалпына келтіру, қауымның мүлігін алмастыру және келтірілген залал қауымның орын ауыстыруын талап еткен жағдайда көшуге байланысты шығындарды өтеу сияқты іс-шаралар енеді.
      11. Мемлекеттік лауазымды тұлғалар немесе ресми немесе жартылай ресми түрде әрекет ететін өкілдер ұлттық қылмыстық заңдарда бұзған жағдайда, құрбандар лауазымды тұлғалардың немесе келтірілген залалға жауапкершілік тартатын өкілдердің мемлекетінен реституция алуы қажет. Виктимизацияға әкеліп соққан әрекет немесе әрекетсіздік орын алған үкімет жоқ болған жағдайда, құрбандарды орын басушы үкіметпен немесе мемлекетпен қамтамасыздандырады.

Өтемақы

      12. Құқық бұзушыдан немесе басқа да көздерден өтемақыны толықтай алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекет қаржылай өтемақыны қамтамасыздандыру шараларын қолға алуы тиіс:
      а) аса ауыр қылмыстардың нәтижесінде айтарлықтай дене жарақаттарын алған немесе физикалық немесе психикалық денсаулығына зиян келген құрбандарға;
      b) осындай виктимизация салдарынан қайтыс болған немесе физикалық немесе психикалық түрде іс-әрекетке қабілетін жоғалтқан тұлғалардың отбасыларына, қамқорлығындағы адамдарға.
      13. Құрбандарға өтемақы төлеу мақсатын көздейтін ұлттық қорларды құруда, нығайтуда және кеңейтуде көмек көрсету. Қажет болған жағдайда, құрбан болған тұлғаның азаматтығы тиесілі мемлекет құрбандарға келтірілген залалды өтеуге мүмкіндігі болмаған жағдайларда осы мақсатта басқа да қорлар құрылуы мүмкін.

Әлеуметтік көмек

      14. Құрбандарға үкіметтік, ерікті, қауымдық және жергілікті арналар бойынша қажетті қаржылай, медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмектер көрсетілуі қажет.
      15. Құрбандарды медициналық және әлеуметтік қызметтердің және тағы басқа да көмектердің көрсетілуі туралы ақпараттандырып, оларды пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыздандыру қажет.
      16. Полиция, сот жүйесінің қызметкерлері, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер қызметкерлері мен тағы басқа да қызметкерлерге құрбандардың мұқтаждықтарын түсінуге мүмкіндік беретіндей қажетті дайындықтан өтуі және де жедел жәрдем көрсетудің негізгі нұсқаулықтарын білуі тиіс.
      17. Құрбандарға қызмет көрсету барысында келтірілген залал сипатымен немесе жоғарыда 3 тармақта айтылған факторлармен сипатталған ерекше мұқтаждықтары бар тұлғаларға ерекше назар аудару қажет.

B. БИЛІКТІ АСЫРА ПАЙДАЛАНУ ҚҰРБАНДАРЫ

      18. «Құрбандар» термині астарында жекеше немесе ұжымдық түрде залал келтірілген, оның ішінде дене жарақаты немесе рухани залал, эмоционалдық азап, материалдық залал немесе нәтижесінде адам құқықтарына қатысты халықаралық деңгейде белгіленген нормалардың бұзылысы болып табылмайтын негізгі құқықтарға айтарлықтай қысым көрсетілген әрекет немесе әрекетсіздік тұлғалар деген мағына жатыр,
      19. Мемлекеттерге билікті асыра пайдалануға тиым салатын және осындай асыра пайдаланушылық құрбандары үшін қорғаныс құралдарын қарастыратын ұлттық заңнамалық нормаларды енгізу туралы мәселені қарастыруы қажет. Мұндай іс-шаралар құрамына, негізінен реституцияға және/немесе өтемақыға құқық және қажетті медициналық, қаржылай, психологиялық және әлеуметтік көмек пен қолдау алу құқығы кіреді.
      20. Мемлекеттерге анықтамасы 18 тармақта берілген құрбандарға қатысты жан-жақты халықаралық келісімшарттарды жасау мүмкіндігін қарастыру қажет.
      21. Өзгермелі жағдайларға әсер ету қабілеттерін қамтамасыздандыруға арналған қолданыстағы заңдар мен тәжірибені белгілі бір мерзім аралығында қайта қарап, қажет болған жағдайда, саяси және экономикалық билікті асыра пайдаланудың аса ауыр түрлерін танытатын іс-әрекеттерге тиым салатын және осындай іс-әрекеттердің алдын алу шаралары мен механизмдерінің жүзеге асыруына ат салысатын заңнамалық ережелерді қабылдап, іске асыруы қажет, сондай-ақ осындай іс-әрекеттердің құрбанын құқықтық қорғау құралдары мен құқықтарын дамытып, кеңінен қолданылуын қамтамасыздандыруы қажет.

Декларация Организация Объединенных Наций об основных принципах правосудия для жертв преступлений и злоупотребления властью

Утверждена резолюцией Генеральной Ассамблеи ООН 40/34 от 29 ноября 1985 года

A. Жертвы преступлений

      1. Под термином "жертвы" понимаются лица, которым индивидуально или коллективно был причинен вред, включая телесные повреждения или моральный ущерб, эмоциональные страдания, материальный ущерб или существенное ущемление их основных прав в результате действия или бездействия, нарушающего действующие национальные уголовные законы государств-членов, включая законы, запрещающие преступное злоупотребление властью.
      2. В соответствии с настоящей Декларацией то или иное лицо может считаться "жертвой", независимо от того, был ли установлен, арестован, предан суду или осужден правонарушитель, а также независимо от родственных отношений между правонарушителем и жертвой. Термин "жертва" в соответствующих случаях включает близких родственников или иждивенцев непосредственной жертвы, а также лиц, которым был причинен ущерб при попытке оказать помощь жертвам, находящимся в бедственном положении, или предотвратить виктимизацию.
      3. Положения, содержащиеся в настоящей Декларации, применимы ко всем лицам без каких-либо различий, независимо от расы, цвета кожи, пола, возраста, языка, вероисповедания, национальности, политических или иных взглядов, культурных убеждений или практики, имущественного, сословного или семейного положения, этнического или социального происхождения и нетрудоспособности.

Доступ к правосудию и справедливое обращение

      4. К жертвам следует относиться с состраданием и уважать их достоинство. Они имеют право на доступ к механизмам правосудия и скорейшую компенсацию за нанесенный им ущерб в соответствии с национальным законодательством.
      5. В тех случаях, когда это необходимо, следует создать и укрепить судебные и административные механизмы, с тем чтобы обеспечить жертвам возможность получать компенсацию с помощью официальных или неофициальных процедур, которые носили бы оперативный характер, являлись бы справедливыми, недорогостоящими и доступными. Жертв, стремящихся получить компенсацию с помощью таких механизмов, следует информировать об их правах.
      6. Следует содействовать тому, чтобы судебные и административные процедуры в большей степени отвечали потребностям жертв путем:
      a) предоставления жертвам информации об их роли и об объеме, сроках проведения и ходе судебного разбирательства и о результатах рассмотрения их дел, особенно в случаях тяжких преступлений, а также в случаях, когда ими запрошена такая информация;
      b) обеспечения возможности изложения и рассмотрения мнений и пожеланий жертв на соответствующих этапах судебного разбирательства в тех случаях, когда затрагиваются их личные интересы, без ущерба для обвиняемых и согласно соответствующей национальной системе уголовного правосудия;
      c) предоставления надлежащей помощи жертвам на протяжении всего судебного разбирательства;
      d) принятия мер для сведения к минимуму неудобств или жертв, охраны их личной жизни в тех случаях, когда это необходимо, и обеспечения их безопасности, а также безопасности их семей и свидетелей с их стороны и их защиты от запугивания и мести;
      e) предотвращения неоправданных задержек при рассмотрении дел и выполнения постановлений или решений о предоставлении компенсации жертвам.
      7. В тех случаях, когда это необходимо, следует использовать неофициальные механизмы урегулирования споров, включая посредничество, арбитраж и суды обычного права или местную практику, с тем чтобы содействовать примирению и предоставлению возмещения жертвам.

Реституция

      8. При соответствующих обстоятельствах правонарушители или третьи стороны, несущие ответственность за их поведение, должны предоставлять справедливую реституцию жертвам, их семьям или иждивенцам. Такая реституция должна включать возврат собственности или выплату за причиненный вред или ущерб, возмещение расходов, понесенных в результате виктимизации, предоставление услуг и восстановление в правах.
      9. Правительствам следует рассмотреть возможность включения реституции в свою практику, положения и законы в качестве одной из мер наказания по уголовным делам в дополнение к другим уголовным санкциям.
      10. В случаях причинения серьезного ущерба окружающей среде реституция, если будет вынесено соответствующее решение, должна включать, насколько это возможно, восстановление окружающей среды и инфраструктуры, замену имущества общины и возмещение расходов, связанных с переселением в тех случаях, когда такой ущерб вызывает необходимость перемещения общины.
      11. Когда государственные должностные лица или другие представители, действующие в официальном или полуофициальном качестве, нарушают национальные уголовные законы, жертвы должны получать реституцию от государства, должностные лица или представители которого несут ответственность за причиненный ущерб. В тех случаях, когда правительство, при котором имело место приведшее к виктимизации действие или бездействие, уже не существует, реституция жертвам должна предоставляться государством или правительством - преемником.

Компенсация

      12. В тех случаях, когда компенсацию невозможно получить в полном объеме от правонарушителя или из других источников, государствам следует принимать меры к предоставлению финансовой компенсации:
      а) жертвам, которые в результате тяжких преступлений получили значительные телесные повреждения или существенно подорвали свое физическое или психическое здоровье;
      b) семьям, в частности иждивенцам лиц, которые умерли или стали физически или психически недееспособными в результате такой виктимизации.
      13. Следует содействовать созданию, укреплению и расширению национальных фондов для предоставления компенсации жертвам. При необходимости в этих целях могут создаваться и другие фонды, в том числе в тех случаях, когда государство, гражданином которого жертва является, не в состоянии возместить жертве причиненный ей ущерб.

Социальная помощь

      14. Жертвам следует оказывать необходимую материальную, медицинскую, психологическую и социальную помощь по правительственным, добровольным, общинным и местным каналам.
      15. Следует информировать жертвы о наличии медицинских и социальных услуг и другой соответствующей помощи и обеспечить им полную возможность пользоваться ими.
      16. Работникам полиции, системы правосудия, здравоохранения, социальных служб и другому соответствующему персоналу следует проходить подготовку, позволяющую обеспечить понимание ими потребности жертв и руководящих принципов оказания надлежащей оперативной помощи.
      17. При предоставлении услуг и помощи жертвам следует уделять внимание тем, кто испытывает особые потребности, обусловленные характером причиненного ущерба или факторами, упомянутыми в п. 3, выше.

B. Жертвы злоупотребления властью

      18. Под термином "жертвы" понимаются лица, которым индивидуально или коллективно был причинен вред, включая телесные повреждения или моральный ущерб, эмоциональные страдания, материальный ущерб или существенное ущемление их основных прав в результате действия или бездействия, еще не представляющего собой нарушения международно-признанных норм, касающихся прав человека.
      19. Государствам следует рассмотреть вопрос о включении в национальные законы норм, запрещающих злоупотребление властью и предусматривающих средства защиты для жертв таких злоупотреблений. В число таких средств следует, в частности, включить право на реституцию и/или компенсацию и необходимую материальную, медицинскую, психологическую и социальную помощь и поддержку.
      20. Государствам следует рассмотреть возможность заключения многосторонних международных договоров, касающихся жертв, определение которых приводится в п. 18.
      21. Государствам следует периодически пересматривать существующие законы и практику для обеспечения их способности реагировать на изменяющиеся условия, в случае необходимости принимать и вводить в действие законодательные положения, запрещающие деяния, представляющие собой серьезные виды злоупотребления политической или экономической властью, и содействующие мерам и механизмам предотвращения таких деяний, а также развивать и широко обеспечивать соответствующие права и средства правовой защиты для жертв таких деяний.