Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
достық қатынастарды дамытуға, оның ішінде кеден ісі саласында ынтымақтастық жасау арқылы дамытуға ниет білдіре отырып,
кеден қызметтерінің ынтымақтастығы арқылы Тараптардың арасындағы жолаушылар мен жүк қатынастарын дамытуға және жеделдетуге ықпал етуге ұмтыла отырып,
кедендік құқық бұзушылық Тараптардың экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіретінін ескере отырып,
кеден заңдарын сақтау және кедендік құқық бұзушылықпен күрес Тараптардың кеден қызметтерінің ынтымақтастық жасауы кезінде неғұрлым табысты жүзеге асырылатынына кәміл сене отырып,
мына төмендегі мәселелер жайында келісті:
1-бап
Айқындамалар
Осы Келісімнің мақсаттары үшін қолданылатын:
"кеден заңдары" - тауарларды, жолаушылардың қол жүгі мен жүгін, валюталық және басқа құндылықтарды, халықаралық почта жөнелтімдерін әкелу, әкету және олардың транзиті, кеден баждарын, салықтарын, және басқа да төлемдерін алу, жеңілдіктер беру, тыйым салу және шектеу шараларын белгілеу, сондай-ақ мемлекеттердің кеден шекаралары арқылы тауарлардың қозғалысына бақылау жасау тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын:
"кеден қызметтері" - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бас кеден басқармасы және Ресей Федерациясының Мемлекеттік кеден комитеті;
"кедендік құқық бұзушылық" - кеден заңдарының нормаларын бұзуды;
"тұлға" - жеке немесе заңды тұлғаны;
"есірткі құралдар" - БҰҰ-ның есірткі құралдар туралы 1961 жылғы Біртұтас Конвенциясының Z980257_ тізімдеріне енгізілген, содан кейінгі өзгерістер мен толықтыруларда қамтылған заттарды;
"жүйкені бұзатын заттар" - терминдері БҰҰ-ның жүйкені бұзатын заттар туралы 1871 жылғы Конвенциясының Z980249_ тізімдеріне енгізілген заттарды білдіреді.
2-бап
Келісімнің қолданылу өрісі
1. Осы Келісімнің негізінде кеден қызметтері өздерінің құзыреті шеңберінде және Тараптардың заңдарын сақтай отырып:
а) Тараптардың арасында жолаушылар мен жүк қатынастарын жетілдіру;
б) кеден баждарының, алымдарының және басқа да төлемдердің дұрыс алынуын, сондай-ақ кеден жеңілдіктерінің қолданылуын қамтамасыз ету;
в) кедендік құқық бұзушылықтың алдын алу, жол бермеу және тергеу мақсаттарында ынтымақтастық жасайтын болады.
2. Осы Келісім Тараптардың басқа халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелерін қозғамайды.
3-бап
Кедендік жоралғыларды жеңілдету
1. Кеден қызметтері:
а) өзара келісу бойынша кедендік хаттауды жеңілдету жөнінде қажетті шаралар қолданады;
б) бір-бірінің кедендік құнттамаларын (пломбыларды, мөр таңбаларды, бұрыштама мөрлерді), бір-бірінің кеден құжаттарын мойындайды, ал қажет болған жағдайда әкеліне жатқан тауарларға өздерінің кедендік құнттамаларын қосады.
2. Транзитпен келе жатқан тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне Тараптардың заңдарына сәйкес тыйым салынған немесе кедендік құқық тәртібін бұзған деп пайымдауға негіз болған жағдайлардан басқа кезде осы тауарлар мен көлік құралдары кедендік тексеруден босатылады.
4-бап
Анықтамалар ұсыну
1. Тараптардың кеден қызметтері бір-біріне сұрау салу бойынша бір Тараптың аумағында әкетілген тауарлардың екінші Тараптың аумағына заңды негізде әкеліне жатқанын қуаттайтын анықтамалар береді. Анықтамаларда тауарлардың хатталуына мұрындық болған кеден ресімдерінің түрі мен нәтижелері көрсетіледі. Бұл мұның, сондай-ақ тауарлар екінші Тараптың аумағынан қайта экспортталатын жағдайларға да қатысы бар.
2. Кеден қызметтері бір-біріне сұрау салу бойынша өздеріне бағынысты кеден органдары берген анықтамалардың немесе басқа құжаттардың түпнұсқа екені және барлық қажетті деректерді қамтитыны туралы мәліметтер береді.
5-бап
Есірткілердің заңсыз айналымымен күрес
1. Тараптардың кеден қызметтері алдын ала сұрау салмай-ақ есірткі құралдар мен жүйкені бұзатын заттардың заңсыз айналымына жол бермеу, оны тергеу және тыю жөніндегі іс-қимылды жандандыру мақсатында және мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде бір-біріне:
а) есірткі құралдар мен жүйкені бұзатын заттардың заңсыз айналымымен айналысатыны белгілі немесе осыған күдік туғызатын адамдар туралы;
б) есірткі құралдар мен жүйкені бұзатын заттардың заңсыз айналымы үшін пайдаланылып жүргені белгілі немесе осылай пайдаланылуда деп күдік туғызатын көлік құралдары, оның ішінде контейнерлер мен почта жөнелтімдері туралы мәліметтер хабарлайды.
2. Тараптардың кеден қызметтері есірткі құралдар мен жүйкені бұзатын заттардың заңсыз айналымының қолданылып жүрген тәсілдері туралы, сондай-ақ оларға бақылау жасаудың жаңа әдістері туралы бір-біріне алдын ала сұрау салмай-ақ хабарлап отырады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес қайсыбір Тарап алған мәліметтер, хабарлар мен құжаттар нашақорлыққа және есірткі құралдар мен жүйкені бұзатын заттардың заңсыз айналымына қарсы күреспен айналысатын оның құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдарына берілуі мүмкін.
4. Кеден қызметтері Тараптар заңдарының негізінде және өзара келісу бойынша қажет болған жағдайда есірткі құралдар мен жүйкені бұзатын заттардың заңсыз айналымына қатысты адамдарды анықтау мақсатында олардың бақылау жасалатын жіберілімдері әдісін пайдаланады.
Бақылау жасалатын жіберілімдері әдісін пайдалану туралы шешімді Тараптар әрбір нақты жағдайда жеке қабылдайды және қажет болған жағдайда Тараптардың қаржы уағдаластықтарын ескеруі мүмкін.
5. Тараптар осы Келісімнің қолданылу өрісін есірткі құралдар мен жүйкені бұзатын заттар өндіру үшін пайдаланылатын заттарға да тарата алады.
6-бап
Мәліметтер беру
1. Тараптардың кеден қызметтері сұрау салу бойынша, оның ішінде хабарламалар, хаттамалар және өзге де материалдар немесе олардың куәландырылған көшірмелерін жіберу арқылы:
а) кеден баждарының, алымдарының және басқа да төлемдерінің дұрыс алынуына, сондай-ақ кеден жеңілдіктерінің қолданылуына байланысты жағдайлар туралы;
б) сұрау салушы Тараптың кеден заңдарына қайшы келетін жасалған немесе әзірленіп жатқан іс-әрекеттер туралы өздерінің қарауында бар мәліметтерді беріп отырады.
2. Кеден қызметтері Тараптар күресуге ерекше мүдделі болып отырған кеден заңдарының ықтимал бұзылуы туралы мәліметтерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде, оның ішінде алдын-ала сұрау салмай-ақ хабарлайды. Мұның бірінші кезекте:
а) айналадағы табиғи ортаға немесе халықтың денсаулығына қатер төндіруі мүмкін тауарлардың;
б) қару-жарақтың, оқ-дәрінің, жарылғыш және улағыш заттардың, қопарғыш құрылғылардың;
в) елеулі тарихи, көркемдік, мәдени немесе археологиялық құндылығы бар заттардың;
г) Тараптардың заңдарына сәйкес жоғары кедендік баждар немесе салықтар салуға жататын тауарлардың;
д) айрықша зор маңызы бар және кеден қызметтері арасында келісілген, тарифтік емес шектеулер қолданылатын және жоғары кеден баждары немесе салықтары салынуға тиіс тауарлардың тізіміне енгізілген тауарлардың қозғалысы кезіндегі заң бұзушылыққа қатысы бар.
7-бап
Құжаттар беру
1. Тараптардың кеден қызметтері осы Келісім күшіне енгеннен кейін үш ай ішінде кеден мәселелері бойынша қолданылып жүрген заң актілері мен өзге де нормативтік актілердің көшірмелерін бір-біріне береді және бұдан кейін кеден заңдарының барлық өзгерістері мен толықтырулары жайында бір-біріне тез арада хабарлап отырады.
2. Бір Тараптың кеден қызметі екінші Тараптың кеден қызметінің сұрау салуы бойынша кеден заңдарын қолдану мәселелері бойынша қабылданған әкімшілік органдар шешімдерінің көшірмелерін береді.
3. Осы бапқа сәйкес құжаттар беру туралы сұрау салулардың осы Келісімнің 11-бабының 2-тармағының "д" тармақшасында қойылған талаптардан өзгешелігі сол - істің мән-жайы баяндалмауы мүмкін.
4. Құжаттардың алынғанын сұрау салып отырған кеден қызметі оларды алу мерзімін көрсетіп қуаттайды.
8-бап
Тәжірибе алысу және көмек көрсету
1. Тараптардың кеден қызметтері:
а) өздерінің қызметінде техникалық-көмекші құралдарды қолданудың тәжірибесі туралы;
б) кедендік құқық тәртібін бұзуда жасалатын жаңа құралдар мен тәсілдер туралы;
в) барлық Тараптар үшін ықылас туғызатын басқа да кеден мәселелері бойынша ақпарат алысып тұрады.
2. Тараптардың кеден қызметтері кеден ісі саласында, оның ішінде:
а) кеден қызметтері пайдаланатын техникалық құралдармен танысу мақсатында өзара ықылас туғызатын жағдайларда кеден қызметкерлерін алмасуда;
б) кеден қызметкерлерін оқытып, олардың арнаулы дағдыларын жетілдіруге көмектесуде;
в) кеден мәселелері бойынша сарапшылар алмасуда;
г) кеден мәселелеріне қатысты кәсіптік ғылыми және техникалық мәліметтер алмасуда бір-біріне көмектесіп отырады.
9-бап
Тергеу
1. Бір Тараптың кеден қызметінің сұрау салуы бойынша екінші Тараптың кеден қызметі осы Келісімнің 2-бабының 1-тармағының "б" және "в" тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша тексеру немесе тергеу жүргізеді. Тексеру немесе тергеу нәтижелері осы Келісімнің 6-бабының 1-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес сұрау салушы кеден қызметіне хабарланады.
2. Тексеру немесе тергеу сұрау салынған Тараптың кеден аумағында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргізіледі.
3. Сұрау салып отырған кеден қызметі сұрау салушы кеден қызметінің ресми адамдарына тексеру немесе тергеу кезінде қатысуға рұқсат беруі мүмкін.
10-бап
Сарапшылар мен куәгерлер
Бір Тараптың сот немесе әкімшілік органдары қаралып отырған кедендік құқық бұзушылыққа байланысты тиісті сұрау салған жағдайда екінші Тараптың кеден қызметі өзінің қызметкерлеріне осындай сот немесе әкімшілік талқысында куәгерлер немесе сарапшылар ретінде қатысуға өкілеттік бере алады. Бұл қызметкерлер өздерінің қызмет міндеттерін атқару кезінде анықтаған фактілер бойынша айғағын немесе тұжырымдамасын береді. Сот немесе әкімшілік талқысына қатысу туралы сұрау салуда сұрау салып отырған кеден қызметінің қызметкері қандай іс бойынша және кім ретінде қатысуға тиіс екені көрсетілуі керек.
11-бап
Сұрау салудың нысаны мен мазмұны
1. Осы Келісімнің 9-бабының 1-тармағында көзделген сұрау салу жазбаша түрде жіберіледі. Сұрау салуды орындау үшін қажет құжаттар түпнұсқаларға, ресми түрде куәландырылған көшірмелерге немесе фотокөшірмелерге қоса тіркелуге тиіс.
2. Сұрау салу мынадай деректерді қамтуға тиіс:
а) мүддесі сұрау салуға негіз болған кеден органы;
б) ресми түрі;
в) ресімге қатысушылардың фамилиялары, мекен-жайы және оның заң жағынан сұрыпталуы.
12-бап
Сұрау салуды орындау
1. Тараптардың кеден қызметтері Тараптар мемлекеттерінің заңдарына сәйкес және өздерінің құзыреті шеңберінде сұрау салуды орындауда бір-біріне көмектесіп отырады.
2. Егер сұрау салуды орындау сұрау салып отырған Тарап мемлекетінің егемендігіне немесе хауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін басқа яки осы Тарап мемлекетінің заңдарына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келсе, оны орындаудан бас тартылады.
3. Сұрау салуды орындауға көмектесуден бас тартылғаны жайында, сондай-ақ бас тартудың себептері жайында сұрау салушы кеден қызметіне жазбаша түрде дереу хабарланады.
13-бап
Құжаттар
1. Сұрау салу бойынша түпнұсқа құжаттарды беру осы құжаттардың ресми түрде куәландырылған көшірмелері немесе фотокөшірмелері жеткіліксіз болған жағдайда жүзеге асырылады.
2. Түпнұсқа құжаттар сұрау салып отырған кеден қызметіне мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде қайтарылуға тиіс.
3. Осы баптың ережелерін қолданғанда сұрау салынып отырған Тараптың немесе осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін кемсітпеуге тиіс.
14-бап
Алынған мәліметтерді пайдалану
Тараптардың кеден қызметтері осы Келісімге сәйкес алынған мәліметтер мен құжаттарды өздерінің хаттамаларында, хабарламаларында және өзге де материалдарда, тексерулер немесе тергеулер жүргізгенде, қаралып отырған кедендік құқық бұзушылыққа байланысты сот немесе әкімшілік талқыларда дәлелдер ретінде пайдалана алады. Осы мәліметтер мен құжаттарды бағалау, сондай-ақ оларды сот немесе әкімшілік талқыларында пайдалану мүмкіндігі мен тәртібі сұрау салушы Тарап мемлекетінің заңдарына сәйкес айқындалады.
15-бап
Шығындарды өтеу
1. Осы Келісімге сәйкес сұрау салуды орындаған кезде сұрау салынып отырған кеден қызметінде жұмыс істемейтін сарапшылар мен аудармашылардың еңбекақысын төлеу жөнінде жұмсалған шығындарды сұрау салып отырған кеден қызметіне сұрау салушы кеден қызметі өтейді.
2. Осы Келісімнің 8-бабының ережелерін орындауға байланысты шығындарды өтеу Тараптардың кеден қызметтерінің арасындағы жеке уағдаластықтардың арқауы болуы мүмкін.
16-бап
Келісімді орындау
1. Осы Келісімде көзделген ынтымақтастық тікелей кеден қызметтерінің арасында жүзеге асырылады.
2. Тараптардың кеден қызметтері өздерінің құзыреті шеңберінде осы Келісімді орындау үшін қажет нормативтік актілерді басып шығарады.
3. Осы Келісімді орындау мақсатында кеден қызметтері осы қызметтер жанынан өздерінің өкілдігін қамтамасыз етеді, өздеріне байланысты кеден органдарының арасында қажетті байланыстар орнатады және бірлесіп кеден бақылауын жүзеге асыра алады.
17-бап
Қорытынды ережелер
1. Осы Келісімнің ережелері Тараптардың басқа халықаралық шарттарға сәйкес қабылдаған міндеттемелерін қозғамайды.
2. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының Заңдарына сәйкес бекітілуге жатады және осындай бекіту туралы хабардар ететін хабар келіп түске күннен бастап отыз өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Осы Келісім бес жылға жасалады және егер Тараптардың бәрі келесі кезең аяқталуға алты ай қалғанға дейін келсімінің күшін тоқтату туралы өзінің ниетін жазбаша нысанда мәлімдемесе, ол келесі бесжылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады.
1994 жылғы 28 наурызда Мәскеу қаласында әрқайсысы екі данадан қазақ және орыс тілдерінде жасалды, әрі екі текстің де күші бірдей.
(Қолдары)
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Багарова Ж.А.