(Келісім 1999 жылғы 15 қыркүйектен қол қойылған күнінен бастап
күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
бюллетені, 2003 ж., N 12, 91-құжат)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Болгария Республикасы Егін шаруашылығы, орман және аграрлық реформа министрлігі, бұдан былай қарай "Тараптар" деп аталады,
- 1997 жылғы 30 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы Достық қатынас және ынтымақтастық туралы шарт пен Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім ережелеріне сүйеніп;
- ауыл шаруашылығы өндірісі дамуының саясаты мен стратегиясын ескеріп;
- ауыл шаруашылығы саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мен нығайтудағы екіжақты ниетті басшылыққа ала отырып;
сондай-ақ, мемлекетаралық және жеке ұйымдар мен екі елдің фирмалары өзара қызығушылығы негізінде, тікелей байланыс орнатуға игілікті мүмкіндіктерді ескеріп,
мына төмендегі туралы келістік.
1-бап
Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа қолдау көрсетіп қалыптастырады, өзара тұрақты қатынас орнататын болады, тікелей шаруашылық субъектілері, өндірістік, сауда, қызмет көрсетушілік, ақпараттық және зерттеу саласындағы ұйымдар мен ғылыми институттар арасында төтелей сауда қатынасының мемлекетте қолданылып жатқан әр тараптың заңына сәйкес дамуына ықпал етеді.
2-бап
Тараптар ұлттық егін шаруашылығы және сонымен байланысты саладағы қайта құрылым барысы жөнінде тұрақты түрде консультациялар өткізіп тұрады.
Тараптар бір-біріне салалық халықаралық ұйымдар ісіне өзінің қатынасқандығы жөнінде және олардың кепілдемесінің орындалуы нәтижесінен хабардар етіп тұрады.
Халықаралық симпозиумдар мен семинарлар ұйымдастырғанда, осындай шаралардың ұйымдастырушысы болып табылған тарап, келесі тараптың қатысуы туралы жазбаша түрде шақыру жібереді.
3-бап
Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты мына бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1. Ауыл шаруашылығы жөнінде ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын бірлесе жасауға қатысу.
2. Сүт өнімдерін өндіру, ирригациялық технологияны қолдану, қой өсіруде, ветеринария мен өсімдіктерді қорғау саласында тәжірибе алмасу.
3. Түрлі тұқым материалдарын, асыл тұқымды малдарды, ветеринарлық дәрі-дәрмекті, өсімдіктерді қорғайтын құралдарды алмасу.
4. Коммерциялық байланысты дамыту.
5. Мамандар алмасу.
Мамандардың жолсапарларын байланысты, сондай-ақ, ел ішіндегі олардың жүріп-тұруы, жатын орыны мен тамағы үшін жұмсалатын шығындарды жолдаған тарап төлейді. Ол мамандардың келетіні жөнінде бір ай бұрын жолдаушы тарап қабылдаушы тарапқа хабарлауы тиіс.
4-бап
Тараптар келесі жақтың жазбаша түрдегі келісімінсіз алмасу материалдарын дабыра етуге және жарияламауға міндеттенеді.
5-бап
Әрбір тарап жылына бір рет алмасып Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасында төмендегі тапсырмаларды шешу мақсатында өтетін жұмыс бабындағы кездесуге қатысу үшін өз өкілдеріне өкілеттік береді:
1. Дәл осы Келісімнің аясында ынтымақтастықтың бірлескен бағдарламасын жасау.
2. Аталмыш ынтымақтастықтың нәтижесіне баға беру.
3. Ауыл шаруашылығы мен өнім өндіру саласындағы ғылыми-техникалық және экономикалық байланысты бұдан ары қарай дамыту мен жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізу.
4. Ынтымақтастық барысында ұшырасқан қиындықты жеңу жөніндегі шешімді бірлесе іздеу.
5. Дәл осы Келісімнің аясында басқа мәселелерді де шешу.
6-бап
Осы Келісімді қолдану және түсінік беруге байланысты талас және келісе алмаушылық жағдайлары осы біріккен Комиссия аясында, арыз түскеннен соң 30 күнге жетпей, консультация және келіссөз жолдарымен шешіледі.
Біріккен Комиссияның төрағалығы әр Тараптың мүшелері арқылы жүзеге асады.
7-бап
Бұл Келісім екі Тараптың ұйғарымымен толықтырулар енгізіліп немесе өзгертілуі мүмкін.
8-бап
Дәл осы Келісім 5 жыл мерзіміне жасалынып, Тараптардың қол қойғанынан кейін күшіне енеді. Бұл мезгіл аяқталғаннан кейін егер Тараптар басқаша шешім қабылдамаса, Келісім автоматты түрде әр кезде де бес жылдық кезеңге созылады.
Әрбір тарап дәл осы Келісімнің күшін тоқтату жөніндегі өзінің ниетін келесі тарапқа жазбаша түрде хабарландырып, жолдай алады. Дәл осы Келісімнің ықпалы келесі тараптан сондай хабарлама алған күннен кейін алты ай өткен соң тоқтатылады.
Дәл осы Келісімнің ережесін түсіндіру барысында келісе алмаушылық жағдай туындағанда, негіз ретінде орыс тіліндегі мәтін қабылданады.
1999 жылы 15 қыркүйекте Софияда әрқайсысы қазақ, болгар және орыс тілінде екі данадан жасалынды, оның үстіне барлық мәтіндер бірдей күшке ие.
(Қолдары)