1. 1998 жылғы 6 наурызда Мәскеу қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің қарулы күштерін басқару мүддесінде өзара іс-қимыл байланысын ұйымдастыру туралы келісім бекітілсін.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің
қарулы күштерін басқару мүддесінде өзара іс-қимыл
байланысын ұйымдастыру туралы
Келісім
*
*(2000 жылғы 27 қаңтардан бастап күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
бюллетені, 2004 ж., N 10, 58-құжат)
Ресми бекітілген мәтін
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы-мемлекеттердің Үкіметтері
әскери ынтымақтастықты дамытудың қажеттілігін назарға ала отырып және ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің қарулы күштерін басқару мүддесіндегі өзара іс-қимыл байланысын ұйымдастыру мақсатында
төмендегілерге келісті:
Тараптардың бейбіт уақыттарда жыл сайын қорғаныс министрліктері бұдан әрі құзыретті органдар деп аталатын Тараптардың басқа министрліктері мен ведомстволарының қатысуымен белгілеп отыратын өзара іс-қимыл байланыстарының жиынтығы, жұмыс көлемі мен тәртібі болады.
Өзара іс-қимыл байланыстарының Тізімін түзуді және оны түзетуді Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығына қатысушы-мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі штаб Тараптар қорғаныс министрліктерінің ұсыныстары негізінде жүзеге асырады.
Өзара іс-қимыл байланыстарын қамтамасыз ету жалпы мемлекеттік және ведомстволық байланыстарды пайдалану арқылы әр Тараптың күші мен қаржысының тең жағдайында жүзеге асырылады.
Соғыс кезінде Тараптар арасындағы өзара іс-қимыл байланыстарын ұйымдастыру жеке келісімдермен белгіленеді. Өзара іс-қимыл байланыстарының нақтылы тізімдері мен оларды ұсыну тәртібі Тараптардың құзыретті органдарымен келісіледі және хаттамалармен ресімделеді.
Өзара іс-қимыл байланыстары басқа Тараптың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің әскери ынтымақтастықтығын үйлестіру жөніндегі штаб арқылы бес тәуліктен кем емес мерзімде берген жазбаша хабарламасынсыз тоқтатыла алмайды.
Жаңа іс-қимыл байланыстарын ұйымдастыруды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі штаб Тараптардың келісімдері негізінде ғана жүзеге асырады.
Тараптар өзара іс-қимыл байланыстарын ұйымдастыру үшін жалға берілетін мемлекетаралық каналдарға (жүйелерге, трактарға) тапсырыстар мен шығаруды Тараптардың бейбіт уақыттағы сұраныстарын қамтамасыз етудің қазіргі кезде қолданылып жүрген тәртібіне сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі штаб арқылы жүзеге асырады.
Тұрақты және уақытша жалдау каналдарының, байланыс жүйелері мен желілерінің шартты нөмірлерін белгілеу тәртібі сақталады.
Өз мемлекетінің аумағында өзара іс-қимыл байланыстарын ұйымдастыру үшін каналдарды (жүйелерді, трактарды) жалдау ақысын төлеуді жекелеген келісімдерде көрсетілгенінен басқа жағдайларда Тараптар өз қаржылары есебінен жүргізеді.
Тараптар ынтымақтастық барысында алынатын мемлекетаралық құпиясы бар ақпараттардың қорғалуын қамтамасыз етеді.
Ынтымақтастық барысында алынған ақпарат Тараптарға зиян келтіретін жағдайда қолданылмайды.
Ақпаратты басқа Тарапқа беруге сол ақпаратты берген Тараптың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
Тараптар өзара іс-қимыл байланыстарына ресейлік үлгідегі құпияландырушы аппаратураны пайдалануға келісті.
Бұл байланыстар үшін өзекті құрылымды ұйымдастыруды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі штаб анықтайды.
Тараптар байланысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұлттық заңдылықтарға сәйкес байланысты ұйымдастыру туралы қолданылып жүрген құжаттар, сондай-ақ өзара негізде дайындалған және қабылданған құжаттар басшылыққа алынады.
Бір Тарап басқа Тараптың байланыс желілеріне немесе басқа объектілеріне материалдық шығын келтірген жағдайда біріншісі бір тәулік ішінде оны қалпына келтіруге немесе бір айлық мерзімде келтірілген шығын құнының орнын толтыруға міндетті.
Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың барлық қажетті ішкі мемлекеттік процедуралардың орындалғандығы туралы үшінші жазбаша хабарландыруды депозитарияға сақтауға тапсырылған күннен бастап күшіне енеді. Қажетті процедураларды кештеу орындаған Тараптар үшін ол тиісті құжаттар депозитарияға тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім ол күшіне енген күннен бастап бес жыл бойы әрекет етеді. Бұл мерзім өткеннен кейін Келісім келесі әр жылға өздігінен ұзартылады.
Әр Тарап шығарынан бұрынғы алты айдан кешіктірмей депозитарияға жазбаша хабарландыру жолдау арқылы осы Келісімнен шыға алады.
1998 жылғы 6 наурызда Мәскеу қаласында бір түпнұсқалық данамен орыс тілінде жасалды. Түпнұсқалық дана осы Келісімге қол қойған әр мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Секретариятында сақталады.
Әзірбайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Грузия Үкіметі үшін Түркіменстан Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғызстан Республикасының Украинаның Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
Мәскеу,
Осы арқылы ұсынылып отырған мәтіннің 1998 жылғы 6 наурызда Мәскеу қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтерінің басшылары Кеңесінің мәжілісінде қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің қарулы күштерін басқару мүддесіндегі өзара іс-қимыл байланысын ұйымдастыру туралы Келісімнің түпнұсқалық көшірмесі болып табылатынын куәландырамын. Жоғарыда аталған Келісімнің түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы секретариатында сақтаулы.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Атқарушы хатшысының
бірінші орынбасары