Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметінің "Құлагер" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.25. N 380
қаулысымен. P010380_
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметінің өзін Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган етіп айқындау туралы ұсынысына келісім берілсін.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.25. N 380
қаулысымен. P010380_
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы:
1) телекоммуникация, жалпы республикалық және халықаралық байланыс желілерін пайдалану саласында қызметті жүзеге асыру;
2) байланыс қызмет көрсетулерін ұсыну, автоматты телефон станцияларының кабель желілері мен байланыс жабдықтары бойынша құрылыс-монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ өзге де заңдарда тиым салынбаған міндеттерді жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) Кәсіпорынның жарғылық қорын қалыптастырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.25. N 380
қаулысымен. P010380_
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі