1998 жыл үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 P981334_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: ІҮ "Шығыстар" бөлімінде: 6 "Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек" функционалдық тобында: 1 "Әлеуметтік қамтамасыз ету" ішкі функциясында: 213 "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" мекемесінде: 30 "Зейнетақы бағдарламалары" бағдарламасында: "100607442" деген сан "99770159" деген санмен ауыстырылсын; 30 "Ортақ зейнетақыларды төлеу" ішкі бағдарламасында "100607442" деген сан "99770159" деген санмен ауыстырылсын; 31 "Жалпы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар" бағдарламасында: "27186045" деген сан "2841961" деген санмен ауыстырылсын; 30 "Мүгедектігі бойынша" ішкі бағдарламасында "14323095" деген сан "14397900" деген санмен ауыстырылсын; 31 "Асыраушысынан айрылуына байланысты" ішкі бағдарламасында "12282918" деген сан "13445215" деген санмен ауыстырылсын; 32 "Жасы бойынша" ішкі бағдарламасында "580032" деген сан "576046" деген санмен ауыстырылсын; 45 "Жерлеуге берілетін жәрдемақы" бағдарламасында: "1278406" деген сан "882573" деген санмен ауыстырылсын;
30 "Зейнеткерлерді, соғысқа қатысушылар мен мүгедектерді жерлеуге берілетін жәрдемақы" ішкі бағдарламасында "1117099" деген сан "691582" деген санмен ауыстырылсын;
31 "Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларды жерлеуге берілетін жәрдемақы" ішкі бағдарламасында "161307" деген сан "190991" деген санмен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражат есебінен 292348000 (екі жүз тоқсан екі миллион үш жүз қырық сегіз мың) теңгені асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақыларды төлеу жөніндегі берешекті өтеу үшін бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.