Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 215 Жарлығын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 қаңтар N 129. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 772 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 772 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары әскери қызметшiлерiнiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерi туралы" 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 215 U990215_ Жарлығын орындау үшiн, сондай-ақ "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңына Z939000_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары әскери қызметшiлерiнiң әскери киiм нысанын кию ережесiн бекiтсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары әскери қызметшiлерiн әскери киiм нысанымен және айырым белгiлерiмен жабдықтаудың нормаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекітуiне ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қорғаныс министрлiгінiң қатысуымен, белгіленген тәртiппен отандық тауар өндiрушiлердiң әскери киiм нысандары мен айырым белгiлерiн дайындауы үшiн нормативтiк құжаттамаларды әзiрлеушiнi белгiлесiн.

      4. Мүдделi мемлекеттiк органдар пайдаланудағы заттай мүлiк

     

      нысаналарының киiлу мерзiмдерiн ескере отырып және жыл сайын республикалық

      бюджетте заттай мүлiкпен қамтамасыз етуге көзделетiн қаражаттың шегінде,

      әскери қызметшілердің жаңа киім нысаны мен айырым белгілерін киюге

      көшуінің тәртібі мен мерзімдерін айқындасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

      бірінші орынбасары

      Оқығандар:

      Қобдалиева Н.М.

      Орынбекова Д.К.

О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 22 сентября 1999 года N 215

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 января 2000 года N 129. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 ноября 2018 года № 772

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 16.11.2018 № 772.

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 22 сентября 1999 года N 215 "О военной форме одежды и знаках различия военнослужащих Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан", а также в соответствии с Законом Республики Казахстан от 19 января 1993 года "О всеобщей воинской обязанности и военной службе" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Министру обороны Республики Казахстан утвердить правила ношения военной формы одежды военнослужащими Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан.

      2. Министерству обороны Республики Казахстан совместно с заинтересованными государственными органами разработать и в установленном порядке представить на утверждение Правительства Республики Казахстан нормы снабжения военной формой одежды и знаками различия военнослужащих Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан.

      3. Министерству энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан при участии Министерства обороны в установленном порядке определить разработчика нормативной документации для изготовления отечественными товаропроизводителями военной формы одежды и знаков различия.

      4. Заинтересованным государственным органам определить порядок и сроки перехода военнослужащих на ношение новой формы одежды и знаков различия с учетом сроков носки находящихся в эксплуатации предметов вещевого имущества и в пределах средств, предусматриваемых ежегодно в республиканском бюджете на обеспечение вещевым имуществом.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Первый заместитель

      Премьер-Министра

      Республики Казахстан

      (Специалисты: Умбетова А.М.,

      Склярова И.В.)