Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы бойынша бар жерлер мен олардың пайдаланылуы туралы 1999 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жиынтық есеп бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
агенттiгi облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасы
Президентiнiң "Жер туралы" заң күшi бар
Жарлығының негiзiнде
жерлердi ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, басқа да
табиғатты қорғау шараларымен кешендi түрде жер ресурстарын қорғау
жөнiндегi тиiстi аумақтық бағдарламаларды әзiрлеудi, сондай-ақ олардың
орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.