Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "1999 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен AES корпорациясының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның шарттарын орындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 маусымдағы N 821 P990821_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қатысуымен заңдарда белгіленген тәртіппен "Семей электр бөлуші желілері" ашық акционерлік қоғамының "Семей көлік-энергетика компаниясы" жабық акционерлік қоғамының акцияларымен жасасқан мәмілелерді және "Семей көлік-энергетика компаниясы" жабық акционерлік қоғамы мен "Семей электр
бөлуші желілері" ашық акционерлік қоғамының электр энергияларын бөлу және
беру жөніндегі активтерді иеліктен шығаруға байланысты мәмілелерді
жарамсыз деп тану шараларын қабылдасын";
2) 2 және 3-тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Қасымбеков Б.А.