Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Казлизинг" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам)
таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның таратылуын;
2) Қоғам таратылғаннан кейін қалған қаражаттың республикалық
бюджетке, сондай-ақ мүліктің республикалық меншікке бағытталуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Қасымбеков Б.А.