Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметтік делегацияларының 1993 жылғы 11 қыркүйектегі кездесуінде (Көкшетау қаласы) қол жеткізілген сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі уағдаластықты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан "Прикаспийбурнефть" ресей мемлекеттік өндірістік бірлестігінің мүлкіне қатысты меншік құқықтарын реттеу туралы келісімге қол қойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан "Прикаспийбурнефть" ресей мемлекеттік өндірістік бірлестігінің мүлкіне қатысты меншік құқықтарын реттеу туралы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Мақсұтбек
Смағұлұлы Рахановқа өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан
"Прикаспийбурнефть" ресей мемлекеттік өндірістік бірлестігінің
мүлкіне қатысты меншік құқығын реттеу туралы
Келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Ресей Федерациясының Үкіметі
1992 жылы 9 қазанда Бішкек қаласында қол қойылған Меншік қатынастарының құқықтарын өзара тану және реттеу туралы мемлекетаралық келісімнің ережелерін басшылыққа ала отырып,
1993 жылғы 11 қыркүйекте Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларының Көкшетау қаласындағы кездесуінде қол жеткен уағдаластықтарды ескере отырып,
1993 жылғы 25-29 қазанда Құлсары қала үлгісіндегі кентте болған Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы өкілдері келіссөздерінің нәтижелерін назарға ала отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар осы Келісімге қосымшада көрсетілген 1993 жылғы 25-29 қазанда Құлсары қала үлгісіндегі кенттегі келіссөз қорытындылары бойынша қазақстан-ресей комиссиясы жүзеге асырған Қазақстан Республикасының Атырау облысында орналасқан "Прикаспийбурнефть" ресей мемлекеттік өндірістік бірлестігінің мүлкін бөлуге өздерінің келісетіндіктерін білдіреді.
Осы Келісімге қосымша оның ажырамас бөлігі болып табылады.
2-бап
Тараптар бөлу кезінде өздеріне көшкен мүлікке меншік құқығын өзара
растайды және мүлікті өндірістік бөлуге және көрсетілген мүлікті осы
Келісімге қол қойғанға дейін пайдалануға байланысты бір-біріне талабы
жоқтығын және талап қоймайтындығын атап көрсетеді.
3-бөлім
Осы Келісім қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.
2000 жылғы "___"_________ Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс
тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте екі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі
арасындағы Қазақстан Республикасының
аумағында орналасқан "Прикаспийбурнефть"
ресей мемлекеттік өндірістік
бірлестігінің мүлкіне қатысты
меншік құқығын реттеу туралы келісімге
қосымша
(01.01.93 ж. жағдай бойынша мың руб.)
________________________________________________________________________
N Топтардың Барлығы Қазақстан Ресей
атауы Республикасына Федерациясына
берілгені берілгені
________________________________________________________________________
1 Ғимараттар мен 928665,1 880479,1 48186,0
құрылыстар
2 Бұрғылау 454407,2 247711,1 206696,1
қондырғылары
3 Машиналар мен 377040,5 220476,8 256563,7
жабдықтар
4 Автомобиль техникасы 55338,0 12803,0 42535,0
5 Трактор техникасы 554880,7 9596,0 45284,7
6 Арнаулы техника 4512,5 4512,5 --
7 Технологиялық 66201,3 34075,2 32126,1
жабдықтар
8 Әлеуметтік-тұрмыстық 4016,9 1161,3 2855,6
мақсаттағы
мүліктер
Жиыны: 1945062,2 1410815,0 534247,2
Айналым қаражаты тең бөлінеді 50-50 (әрбір атау бойынша заттай
өлшеммен 1/1).
Қазақстан Республикасы берген мүліктің жалпы құны комиссия жұмысының
күні беретін мүліктің құнынан және кесте бойынша берілген мүліктің құнынан
жинақталады.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.