Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді: 1. 1998 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында жасалған ВИЧ-инфекциясы проблемаларын шешудегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ВИЧ-инфекция проблемаларын шешу iсiндегі ынтымақтастық туралы КЕЛIСIМ Осы Келiсiмнiң қатысушылары - Мемлекеттер, Yкiметтiң тұрғысында (әрi қарай - Тараптар),
адамның иммунтапшылығы вирусын туғызатын аурулар (әрi қарай - ВИЧ-инфекция), бүкiл әлемде жаппай етек алғанын және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң қоғамдық ұлттық қауiпсiздiгiне қатер туғызатынын, әлеуметтiк-экономикалық және демографиялық зардаптарға соқтыратынын мойындай отырып,
визасыз тәртiп пен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде белсендi миграциялық процестер жүруi жағдайындағы проблеманың әлеуметтiк ерекше маңыздылығын ескере отырып,
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы әрбiр мемлекетте
ВИЧ-инфекциялардың алдын алу бағдарламалары ұлттық мүдделердi есепке ала жүзеге асырылатындығын ескере отырып, ВИЧ-инфекцияларды кешендi алдын алудың уақтылы, тиiмдi шараларын қолдану және тұрғындардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн келiсiлген шаралар қабылдау қажеттігiн растай отырып, төмендегiлер туралы келiстi: 1-бап Осы келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде келтiрiлген терминдердiң мәнi: ВИЧ-инфекция - адамның иммунтапшылығы вирусы туғызатын аурулар; ВИЧ-инфекцияланғандар - адамның иммунтапшылығы вирусын жұқтырғандар; СПИД - еңбекке жарамсыз кезеңiндегi ВИЧ-инфекция; Уақытша келген мемлекет - бұл мемлекеттiң азаматы болып табылмайтын пациентке медициналық қызмет көрсетушi мемлекет. 2-бап Тараптар ВИЧ-инфекцияланған және СПИД-пен ауырған Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына 1997 жылғы 27 наурыздағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы Келiсiмге сәйкес медициналық көмек көрсетедi. 3-бап Тараптар, ВИЧ-инфекциялардың алдын алуды қамтамасыз ету үшiн қабылданатын шешiмдерге толық дербестiкте iс-қимылдарын үйлестiредi. 4-бап Тараптар өз мемлекеттерiнiң территорияларында ВИЧ-инфекциялардың таралуына эпидемиологиялық бақылауды жетiлдiру шараларын қабылдайды. 5-бап
Тараптар медициналық манипуляциялардың, донор қанының, медициналық
иммунобиологиялық препараттардың, биологиялық сұйықтардың, органдар мен ұлпалардың қауiпсiздігін бақылауды қамтамасыз етедi. 6-бап Тараптар ВИЧ-инфекцияларды анықтау үшiн қолайлы және тегiн медициналық куәландыру кепілдiгін азаматтығына қарамастан барлық тұлғаларға бередi. ВИЧ-инфекцияларды анықтау үшiн медициналық куәландыруды Тараптар мемлекеттерiнiң заңдарында көрсетiлген кейбiр жағдайлардан басқасын құпия және ерiктi принцип негiзiнде өкiлеттi медициналық мекемелер жүзеге асырады. 7-бап
Тараптар, өкiлеттi органдар ретiнде куәландырылатын тұлға үшiн де, куәландыруды жүргiзушi тұлға үшiн де медициналық куәландырудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге кепiлдiк бередi.
8-бап
Тараптар ВИЧ-инфекцияланған азаматтардың Ұлттық заңдарына сәйкес
барлық құқықтары мен ерiктерiнiң сақталатындығына кепiлдiк бередi. Уақытша келген мемлекетте тұратын азаматтардың, оларда ВИЧ-инфекцияның болуына байланысты құқықтары мен ерiктерiне тек ВИЧ-инфекцияланғандар тұрып жатқан мемлекеттiң заңдарымен ғана шек қойылуы мүмкiн. 9-бап Тараптар, Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына Тараптар территорияларына кедергiсiз, ВИЧ-инфекцияның жоқ екендiгiн растайтын сертификатты көрсетпей-ақ кiруіне кепiлдiк бередi. 10-бап Тараптар өз мемлекетiнiң территориясында ВИЧ-инфекцияланғандардың анықталғандығы туралы, осы тұлғалар азаматтары болып табылатын басқа Тараптарға жедел хабарлайды. 11-бап
Тараптар ВИЧ-инфекциясы проблемасы жөнiндегi ұлттық заңдардың жақындасуына қажеттi шаралар қабылдайды, сондай-ақ жаңа ұлттық нормативтiк-құқықтық актiлер туралы бiр-бiрiне уақытында хабарлайды
12-бап
Осы Келiсiмдi орындау мақсатында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған ВИЧ-инфекцияның алдын алу мен емдеу саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық бағдарламасы қабылданады (қоса берiлiп отыр).
Бұл Бағдарлама осы Келiсiмнің ажырамас бөлiгi болып табылады және ВИЧ-инфекциялардың алдын алу жөнiндегi ұлттық бағдарламалар негiзiнде жүзеге асырылады. 13-бап Тараптар бiрлескен бағдарламалар, жобалар мен әзiрлемелердiң қатысушыларына тең құқықты кепiлдендiретiн қажеттi жағдай жасайды, тұрақты байланыс, кеңес және ВИЧ-инфекция проблемалармен айналысатын ұйымдар арасындағы тiкелей қарым-қатынасты орнықтыруға мүмкiндiк жасайды. 14-бап Тараптар қабылданған келiсiмдерге сәйкес кадрлардың дайындығын, бiлiктiлiгiн көтерудi және ВИЧ-инфекция проблемаларымен айналысатын мамандар алмасуды ұйымдастырады. 15-бап Тараптар ВИЧ-инфекцияның алдын алудың қажеттi шаралары туралы тұрғындарға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрақты хабарлап отыруды қамтамасыз етедi. 16-бап Тараптар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің өздерiнің ұлттық бағдарламаларының шеңберiнде 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған ВИЧ-инфекцияның алдын алу мен емдеу саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi жұмыстарын қаржыландыруды қамтамсыз етедi. 17-бап
Осы Келiсiм оған қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi, ал оның
күшiне енуi үшiн заңдары мемлекетiшiлiк процедураларды орындауды талап ететiн мемлекеттер үшiн - тиiстi хабарламаны депозитарийге тапсырған күннен басталады. Мұндай процедураларды орындаудың қажеттiлiгiн Тараптар осы Келiсiмге қол қойған күннен бастап үш айдың iшiнде депозитарийға хабарлайды. 18-бап Осы Келiсiм күшiне енген күнiнен бастап бес жыл мерзiм бойы қолданыста болады. Бұл мерзiм өткен соң, егер Тараптар басқадай шешiм қабылдамаса, Келiсiм әр жолы 5 жылдық кезеңге өз-өзiнен ұзарып отырады. 19-бап Келiсiмнiң қолданылу барысында туындаған қаржылық немесе басқа мiндеттердi тәртiптеп, шығардан алты ай бұрын ол туралы депозитарийға жазбаша хабарлама жасай отырып, әрбiр Тарап осы Келiсiмнен шыға алады 20-бап Осы Келiсім, оның мақсаттары мен принциптерiн және осы Келiсiмнен туындайтын мiндеттемелердi өзiне қабылдауға дайын басқа мемлекеттердi осындай қосылуға құжаттарын депозитарийға беру жолымен қосылу үшiн ашық. 1998 жылдың 25 қарашасында Мәскеу Қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқалық данада жасалды. Түпнұсқалық дана осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке Келiсiмнiң куәландырылған көшiрмесiн жолдайтын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Секретариатында сақталады. Әзiрбайжан Республикасы Молдова Республикасы Yкiметi үшiн Үкiметi үшiн Армения Республикасы Ресей Республикасы Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн Беларусь Республикасы Тәжiкстан Республикасы Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн Грузия Yкiметi үшiн Түркiменстан Республикасы Үкiметi үшiн Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасы Yкiметi үшiн Үкiметi үшiн Қырғыз Республикасы Украина Республикасы Yкiметi үшiн Үкiметi үшiн Мәскеу - 25.11.98 ВИЧ-инфекциясы проблемаларын шешу ісіндегі ынтымақтастық туралы Келісімге Қосымша 1998 жылғы 25 қараша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ВИЧ-инфекциясының алдын алу және емдеу саласындағы ынтымақтастықтың 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекетаралық бағдарламасы Мәскеу - 25.11.98 Бағдарламаның төлқұжаты Бағдарламаның аты - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң ВИЧ-инфекцияның алдын алу және емдеу саласындағы ынтымақтастықтың 2005 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекетаралық бағдарламасы Бағдарлама даярлау - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының денсаулық үшін негіз сақтау саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi Кеңесiнiң 1997 жылғы 18 сәуiрдегi шешiмi Мемлекеттік тапсырыс - Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң берушілер Денсаулық сақтау министрлiктерi немесе денсаулық сақтаудың өзге орталық органдары Бағдарламаны негізгі - Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау даярлаушы министрлiгi, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлiгi Бағдарламаның мақсаттары - Достастыққа қатысушы мемлекеттерде ВИЧ- мен міндеттері инфекцияның таралуының алдын алу; ВИЧ- инфекцияның алдын алуды құқықтық қамтамасыз етудi жүйелеу, тұрғындарды ақпараттау жүйесiн дамыту, ғылыми-зерттеу әзiрлемелерiн жүргiзу, кадр дайындау жөнiндегi Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң күштерiн бiрiктiру Бағдарламаны негізгі - Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң орындаушылар министрлiктерi мен ведомстволары Бағдарламаны жүзеге - 1998-2005 жылдар асыру мерзімі Бағдарламаны - Достастыққа қатысушы мемлекеттер қаржыландыру бюджеттерiнiң есебiнен, меншiк түрiне қарамастан кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелердiң қоғамдық бiрлестiктердiң және Достастыққа қатысушы мемлекеттер азаматтарының ерiктi жарнасы, жәрдемдер, қайырымдылық көмек, сондай-ақ халықаралық қорлардың қаржысы есебiнен Бағдарламаны жүзеге асыру. - Достастыққа қатысушы мемлекеттер дың күтілетін нәтижелері территорияларында ВИЧ-инфекцияның таралуының өсуi қарқынын тежеу, ауруларды емдеу шығындарын азайту, еңбек шығынын кемiту Бағдарламаның орындалуын - Бақылау қызметтерiн Экономикалық Одақтың бақылау жүйесі Мемлекетаралық экономикалық Комитетi, Достастықтың денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi Кеңесiнiң ВИЧ- инфекция проблемалары жөнiндегi үйлестiру кеңесi орындайды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ВИЧ-инфекциясының алдын алу және емдеу саласындағы ынтымақтастықтың 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекетаралық бағдарламасы --------------------------------------------------------------------------- N ! Шараның аты ! Орындау ! Орындаушы р/! ! мерзімі ! с ! ! ! --------------------------------------------------------------------------- 1 ВИЧ-инфекцияны диагностикалау 1999-2000 Ғылым Академиялары, мен емдеудің перспективалық жұмыс. Денсаулық сақтау тарын жасаудың ғылыми-іздестіру министрліктері бағдарламасын даярлау және іске асыру Достастыққа қатысушы мемлекеттердің ден. саулық сақтауды басқаратын басқа да орталық органдары 2 ВИЧ-инфекцияның нашақорлар арасында 1998-2000 Денсақминдер және таралуының алдын алу жөніндегі үйлес. басқа денсаулық сақ. тірілген шараларды даярлау тауды басқарудың орталық органдары, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің ІІМ-і 3 Медициналық қолдануға арналған 1999 ж. Достастыққа қатысушы бұйымдарды стерильдеу мен дезинфек. мемлекеттердің циялау бойынша мемлекетаралық стандарт Денсақминдері және даярлау басқа денсаулық сақ. тауды басқарудың орталық органдары 4 Кадрлар дайындау, олардың біліктілі. 1998-2000 Достастыққа қатысушы гін көтеру және ВИЧ-инфекция пробле. мемлекеттердің маларымен айналысып жүрген мамандармен Денсақминдері және алмасу жөніндегі көп жақты және екі басқа денсаулық сақ. жақты келісімдер жасасу тауды басқарудың орталық органдары 5 Бақылаудың мемлекеттік қызметі жұмы. 1999-2000 Әділминдер, денсақмин. сына пайдалану мақсатында Достастыққа дер және басқа денсау. қатысушы мемлекеттердегі ВИЧ-инфекция лық сақтауды басқару. проблемалары жөніндегі заңдардың дың орталық органда. тәжірибесін зерттеу ры 6 Достастыққа қатысушы мемлекеттердегі 1999-2001 денсақминдер және ВИЧ-инфекцияның таралуын эпидемиоло. басқа денсаулық гиялық бақылаудың бірыңғай компьютер. сақтауды басқарудың лік ақпараттық-талдау жүйесін даярлау орталық органдары, Достастыққа қаты. сушы мемлекеттердің мемлекеттік статис. тикалық органдары, информациялау сала. сындағы саясатқа жауап беруші атқарушы билік органдары 7 ВИЧ-инфекцияның алдын алудың қолайлы шаралары туралы тұрғындарға ақпарат беру жүйесін дамыту: - өтеусіз негізде алмасу: тұрғындардың түрлі топтары үшін 1998-2005 Достастыққа қатысушы ақпараттық-нәсихаттық материалдармен, мемлекеттердің денсақ. салауатты өмір салтын, ВИЧ-инфекция. миндер және басқа ден. сының алдын алуды насихаттау жөніндегі саулық сақтауды басқа. жасөспірімдер мен жастар үшін оқу рудың орталық орган. бағдарламаларымен дары, Білім министр. ліктері ұлттық телевизия мен радио, сондай-ақ 1998-2005 Достастыққа қатысушы Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпа. мемлекеттердің теле. ниясы каналдары бойынша трансляциялау визия мен радиосы, үшін тақырыптық видеофильмдермен, ви. мемлекетаралық "Мир" деоклиптермен, теле, радио-бағдарла. телерадиокомпаниясы малармен - денсаулық сақтау қызметкерлерінің, 1998-2005 Достастыққа қатысушы ғылым, қоғамдық қайраткерлердің пресс- мемлекеттердің Денсақ. релиздерін, баспасөздегі жариялымдарын, миндер және басқа ден. телевизия және радиодан сөз сөйлеуді саулық сақтауды басқа. дайындау рудың орталық орган. дары 8 ВИЧ-инфекция проблемасы жөнінде 1999 Ресей Федерациясының халықаралық конференция өткізу Денсақмині Ұсынылып отырған мәтін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары Кеңесінің 1998 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында өткен отырысында қабылданған ВИЧ-инфекция проблемаларын шешу ісіндегі ынтымақтастық туралы Келісімнің түпнұсқалық көшірмесі болып табылатынын куәландырамын. Жоғарыда аталған Келісімнің түпнұсқалық данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Секретариатында сақтаулы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы атқарушы хатшысының бірінші орынбасары Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.