1. 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында жасалған Тәуелсiз
Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Мерзiмдi баспасөз саласындағы ынтымақтастығы жөнiндегі келiсiм бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Неофициальный перевод Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мерзімді баспасөз саласындағы ынтымақтастығы туралы КЕЛІСІМ Ресми бекітілген мәтін Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң мерзiмдi баспасөз саласындағы ынтымақтастығы туралы КЕЛІСІМ Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң үкiмет өкiлдерi (бұдан былай - Екi жақ), Достастыққа қатысушы мемлекеттерде болып жатқан оқиғаларға олардың халықтарының дәстүрлі мүдделерiн ескере отырып,
Екі жақтың аумағында өндiрілетiн мерзiмдi баспасөз өнiмдерiнiң таралуына, кеңiнен және еркiн айырбасы үшiн жағдай жасау қажеттiлiгiн ескере отырып,
жалпылама мойындалған халықаралық құқық нормаларына сәйкес, Екi жақтың аумағында өндiрілетiн баспа өнiмдерiне өз азаматтарының теңқұқықты және еркiн қол жеткiзу, ақпараттар алмасу тұрғысында әмбебап принциптерге жүгiнетiндiктерiн бiлдiре отырып,
1996 жылы 18 қазанда Достастықтың үкiмет басшыларының Кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiлген, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру Тұжырымдамасының ережелерiн ескере келе,
1992 жылғы 9 қазандағы ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмдi және 1995 жылғы 10 ақпандағы кiтап баспасы, кiтап тарату және полиграфия саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмдi назарға ала отырып,
төмендегiдей мәмлеге келiстi:
1-бап
Екi жақ алдағы уақытта келiсiмге қол қоюшы жақтардың өзара дәстүрлi байланыстарын нығайту, азаматтардың мерзiмдi басылымдарды тұтынуын қанағаттандыру мақсатында мерзiмдi баспа өнiмдерiмен алмасу және оларды тарату саласындағы ынтымақтастықты дамытады.
2-бап
Екi жақ өз азаматтарының жалпылама мойындалған халықаралық құқық нормаларына және ұлттық заңдарға сәйкес, осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттерде басылатын мерзiмдi басылым өнiмдерiне еркiн және теңқұқылы қол жеткiзуiне кепiлдiк бередi.
3-бап
Екі жақ осы Келісімге қатысушы мемлекеттерде басылатын мерзiмдi басылым өнiмдерiмен екі жақты немесе көп жақты келiсiмдер негiзiнде алмасады және таратады, саяси, экономикалық, мәдениет және ғылыми өмiрге байланысты, сондай-ақ осы Келісімге қатысушы мемлекеттер халықтарының тiлiнде жарияланатын мерзiмдi басылымдар қызметi туралы материалдарды өзара жариялауға және аударуға көмек көрсетедi.
4-бап
Екi жақ осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттерде басылатын мерзiмдi басылым өнiмдерiмен өз кiтапхана қорының толығуы үшiн шаралар қабылдайды.
5-бап
Әрбiр екi жақ өздерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес осы Келісімге қатысушы мемлекеттерде басылатын мерзiмдi басылымдарды таратумен айналысатын құрылымдардың жұмыстарына, оның iшiнде оларға салық, кеден және өзге де жеңiлдiктерiн беру жолымен оңтайлы жағдай жасауға ұмтылады.
6-бап
Екi жақ мерзiмдi басылым өнiмдерiн өндiруде жаңа ақпараттық технологияны пайдалануда бiр-бiрiне ықпал жасайды, өндiрiсте техникалық шешiмдердi бiрдей сәйкестiкке бейiмдеуге, халықаралық тұрғыда танылған үлгi есебiмен мерзiмдi басылым өнiмдерiн таратуға және беруге шаралар қабылдайды.
7-бап
Екi жақ мемлекеттiң қатысуымен мерзiмдi басылым саласында, сондай-ақ өзге де ынтымақтастық үлгiдегi бiрiккен кәсiпорындар қызметiн құруға ықпал жасайды. Ынтымақтастықтың нақты үлгiсi олардың шаруашылық субъектiлерi немесе Екi жақтың өзара келiсiмдерiмен реттелетiн болады.
8-бап
Екi жақтың өкiлеттi органдары осы Келiсiмнiң орындалу барысы туралы ақпараттармен және мәлiметтермен тұрақты алмасады.
9-бап
Осы Келiсiмдi қолдануға және өзiнше қабылдауға байланысты туындаған келiспеушiлiктер мүдделi Екі жақтың келiссөздері және өзара кеңесулерi жолымен шешуге рұқсат етiледi.
10-бап
Осы Келiсiм оның мақсаттары мен принциптерiн мойындайтын кез келген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.
11-бап
Осы Келiсiмге Екi жақтың жалпы келiсiмi бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
12-бап
Екі жақтың бірі келiсілген мерзімнің бітуіне алты ай қалғанда келiсiмдi тоқтату жөнiнде жазбаша түрде ескерту арқылы осы Келісімнен шығуы мүмкін.
13-бап
Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап 5 жыл мерзiмге жасалынады. Егер Екi жақтың бiрi оны тоқтату жөнiнде ешқандай шешiм қабылдамаса, осы Келiсiм шартты түрде келесi 5 жылдық мерзiмге тағы да ұзартылады.
14-бап
Осы Келiсiм барлық қажеттi iшкiмемлекеттiк шараларды орындау туралы
оған қол қоюшы Екi жақтың үшiншi жазбаша ескертулерi депозитарийiн сақтауға берген күннен бастап күшiне енедi. Қажеттi шараларды кештеу орындаған Екi жақ үшiн, ол сақталуға тиiстi құжаттарды өткiзген күннен бастап күшiне енедi. 1999 жылы 4 маусымда Минск қаласында түпнұсқасы жалғыз данадан тұратын орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитетiнде сақталып, осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке оның мақұлданған көшiрмесi жiберiледi. Әзірбайжан Республикасы Молдова Республикасы Үкіметі үшін Үкіметі үшін Армения Республикасы Ресей Федерациясы Үкіметі үшін Үкіметі үшін Беларусь Республикасы Тәжікстан Республикасы Үкіметі үшін Үкіметі үшін Грузия Түркменстан Үкіметі үшін Үкіметі үшін Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасы Үкіметі үшін Үкіметі үшін Қырғыз Республикасы Украина Үкіметі үшін Үкіметі үшін Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.