Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 16 наурыз N 408

      Белгілi тұрағы, жұмысы және күнкөрiс қаражаты жоқ адамдарға әлеуметтiк, медициналық және өзге де көмек көрсету, халықтың санитарлық-эпидемиялық жағдайын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртiптi нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне 2000 жылдың 1 маусымына дейiн 100 мың адамнан артық халқы бар қалаларда заңдарда белгiленген тәртiппен:
      Белгілi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарын құру;
      пайдалануға жарамды бос тұрған үй-жайларды Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарының балансына өткiзу;
      Белгілi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу орталықтарын жергілiктi бюджеттердiң және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да қаржы көздерiнiң қаражаты есебiнен қаржыландыруды көздеу ұсынылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгімен және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгімен келiсе отырып, Белгілi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмделу

 

орталықтарының қызметiн ұйымдастыру туралы Ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек

және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жүктелсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Икебаева А.Ж.      





О создании Центров социальной адаптации для лиц, не имеющих определенного места жительства

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 марта 2000 года N 408 ("Юрид. газета" N 13 от 22.03.2000 г.)

      В целях оказания социальной, медицинской и иной помощи лицам, не имеющим определенного места жительства, занятий и средств к существованию обеспечения санитарно-эпидемического благополучия населения и укрепления общественного порядка Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Рекомендовать акимам областей, городов Астаны и Алматы до 1 июня 2000 года в городах с численностью свыше 100 тысяч человек в установленном законодательством порядке:
      создать Центры социальной адаптации для лиц, не имеющих определенного места жительства;
      передать на баланс Центров социальной адаптации для лиц, не имеющих определенного места жительства, пустующие помещения, пригодные для использования;
      предусмотреть финансирование Центров социальной адаптации для лиц, не имеющих определенного места жительства, за счет средств местных бюджетов и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      2. Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан по согласованию с Агентством Республики Казахстан по делам здравоохранения и Министерством внутренних дел Республики Казахстан разработать и утвердить Правила организации деятельности Центров социальной адаптации для лиц, не имеющих определенного места жительства.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

     Республики Казахстан



(Специалисты: Умбетова А.М.,

              Склярова И.В.)