Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 21 наурыз N 421. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiндегі екi жақты және көп жақты ынтымақтастығы мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы, iстер министрлiгінiң үйлестiрушiлiк рөлiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi үшiн бекiтiлген штат саны лимитiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитетi құрылсын. 
      2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегi комитетi туралы ереже бекiтiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн. 
      1) <*> 
      2) "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 49, 472-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің ведомствосы - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитетi бар". 
       ЕСКЕРТУ. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.09. N 214  қаулысымен .
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулыдан туындайтын барлық қажеттi шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 
2000 жылғы 21 наурыздағы      
N 421 қаулысымен бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi құзыретiнiң шегiнде арнайы атқарушылық функцияларды және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiмен ынтымақтастықты ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 
      2. Комитет өзiнiң кызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметінiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады. 
      4. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
      5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 
      473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 10. 
      6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Тэуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi. 
      7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 
      8. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. 
      Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
      Комитетке заң актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқық берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 

2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары  

      9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 
      1) Қазақстан Республикасының басшылығы үшiн Тәуелсiз Мемлекеттердің Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiмен екi жақты және көп жақты қатынастарда және ТМД, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ), Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт (бұдан әрi - ҰҚШ), Орталық Азия Ынтымақтастығы Ұйымы (бұдан әрi - ОАЫ), Түркi тiлдес Мемлекеттердiң Мәдениет Министрлерiнің Тұрақты Кеңесi (бұдан әрi - ТҮРКIСОЙ), Аралды Құтқару Халықаралық Қоры (бұдан әрі - АҚХҚ) (бұдан әрi - интеграциялық бiрлестiктер) шеңберiнде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; <*> 
      2) ТМД елдерiмен екi жақты және көп жақты ынтымақтастық саласында және интеграциялық бiрлестiктерде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары қызметiнің тиiмдiлiгiн және үйлестiрiлген қызметiн қамтамасыз ету; <*> 
      3) Қазақстан Республикасы ТМД елдерiмен және интеграциялық бiрлестiктер шеңберiнде жасасқан, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру; <*> 
      4) ТМД елдерiндегi саяси және экономикалық жағдайды зерделеу; 
      5) мемлекеттiк органдарды сыртқы және iшкi саясатты жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету; 
      5-1) терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге, заңсыз көшi-қонға және заңсыз есiрткі айналымына қарсы әрекет жасау жөніндегi интеграциялық бірлестiктерге қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу; <*> 
      6) ТМД елдерiмен экономикалық, сауда және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылады. 
      6-1) қоршаған ортаны қорғау, трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға жәрдемдесу; <*> 
       ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1109  қаулысымен .
      10. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен және интеграциялық бiрлестiктер шеңберiнде ынтымақтастығын дамытудың неғұрлым перспективалы және басымдықты бағыттарын айқындау жөнiнде Қазақстан Республикасының басшылығына ұсынымдар мен ұсыныстар енгiзедi; <*> 
      1-1) интеграциялық бiрлестiктер шеңберiнде iс-шаралар өткiзудiң және өткiзілетiн iс-шараларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкiлдерi қатысуының орындылығы туралы ұсыныстарды әзiрлейдi; <*> 
      2) ТМД мемлекеттерінің сыртқы және iшкi саясатының, экономикалық дамуының түрлi аспектілерi бойынша талдамалық, ақпараттық және анықтамалық материалдарды дайындайды; 
      2-1) Қазақстан Республикасының интеграциялық бiрлестіктерге қатысушы мемлекеттермен халықаралық шарттар жасасуы жөнiнде келiссөздер жүргiзедi; <*> 
      3) интеграциялық бiрлестiктердің жарғылық органдарының мәжiлiстерiне Қазақстан Республикасының ұстанымы бойынша ұсыныстар әзiрлейді; <*> 
      4) ТМД, интеграциялық бiрлестiктердiң жарғылық органдарымен тұрақты жұмыс бабындағы байланыстарды ұстап тұрады; <*> 
      5) бiрлескен жобаларды, келiсiмдер мен уағдаластықтарды iске асыру қажеттi ақпарат пен құжаттамаларды алмасу жөнiнде Қазақстан Республикасының ТМД елдерiндегi елшіліктерiмен, сондай-ақ ТМД мемлекеттерiнiң Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктерiмен тұрақты байланысты жүзеге асырады; 
      6) ТМД елдерiнде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты қоғамдық, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрi туралы ақпарат таратуға жәрдемдеседi; 
      7) ТМД елдерiмен жоғары және биiк деңгейдегі сапарларды және интеграциялық бiрлестiктер шеңберiндегi кездесулердiәзiрлеуге және өткiзуге қатысады; <*> 
      8) ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялардың жұмысын үйлестiредi, қомиссиялардың кезектi мәжiлiстерiн өткiзудi қамтамасыз етедi, мәжiлiстердiң қорытынды хаттамаларын дайындайды және белгіленген уағдаластықтардың iске асуына бақылау жасауды жүзеге асырады; 
      9) ТМД елдерiмен Қазақстанның мемлекеттiк шекарасын делимитациялау жөніндегі келiссөздердi әзiрлеуге және өткiзуге қатысады. 
       ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1109  қаулысымен.
      11. Комитеттiң заңдарда белгiленген тәртiппен және құзыретiнiң шегінде: 
      1) Қазақстан Республикасының министрлiктерiнен, ведомстволарынан және агенттiктерінен, жергiлiктi атқарушы органдары мен шетелдiк мекемелерiнен, интеграциялық бiрлестiктердің институттарынан ТМД шеңберiндегi екi жақты және көп жақты ынтымақтастыққа қатысты анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға, сондай-ақ аталған органдар мен ұйымдарға белгiленген тәртiппен қажеттi ақпаратты беруге; <*> 
      2) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу үшiн тиiстi мамандарды тартуға; Қазақстан Республикасының интеграциялық бiрлестіктерге қатысушы мемлекеттермен екі жақты және көп жақты ынтымақтастықтың проблемалық мәселелерi бойынша тұжырымдамалық позициясын әзiрлеу жөнiндегi сарапшылардың қатысуымен уақытша жұмыс топтарын құруға;<*>
      3) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын, интеграциялық бiрлестiктерге қатысушы мемлекеттер жасасқан халықаралық шарттардың орындалуына кедергі келтiретiн Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволарының, агенттiктерінiң және жергiлiктi атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізуге; <*>
      4) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi басшылығының тапсырмасы бойынша Достастық елдерiнiң сыртқы саяси және басқа да ведомстволарының және интеграциялық бiрлестiктер институттарының делегацияларымен, аталған органдар мен ұйымдардың жұмыс топтарымен Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша келiссөздер жүргізуге; <*> 
      5) Комитеттің құзыретiне жататын проблемалар жөнiндегi республикалық және халықаралық конференцияларға, семинарларға, кеңестерге қатысуға; <*> 
      6) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң басшылығына кадр мәселесi жөнінде, оның iшiнде Комитеттің кызметкерлерiн қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру оларды қызметке тағайындау және қызметтен босату, дипломатиялық дәрежелер беру, материалдық және өзге де көтермелеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар. 
       ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1109   қаулысымен .

3. Комитеттің мүлкі 

      12. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
      13. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 
      14. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру  

      15. Комитетті Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын вице-министр - төраға басқарады. 
      Вице-министрдің - Комитет төрағасының, өзiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады. <*> 
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1109  қаулысымен.
      16. Вице-министр - Комитеттің төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Комитетке жүктелген тапсырмалардың орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершiлiкте болады. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1109  қаулысымен.
      17. Осы мақсатта вице-министр - Комитеттің төрағасы заңдарда белгiленген тәртiппен: <*>
      1) өзiнiң орынбасары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 
      2) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң басшылығымен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде Комитеттiң құрылымын айқындайды; 
      3) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң басшылығына Комитеттің қызметкерлерiн қызметке тағайындау және қызметтен босату жөнiнде ұсыныс енгізедi;
      4) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің басшылығына Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелеу және оларға тәртiптiк жаза қолдану туралы ұсыныс енгізедi;
      5) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi;
      6) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң нұсқауы бойынша басқа да тапсырмаларды орындайды. 
       ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1109   қаулысымен .

5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

О Комитете по делам Содружества Независимых Государств Министерства иностранных дел Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 марта 2000 года N 421. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 28 октября 2004 г. N 1118 (P041118)

      В целях усиления координирующей роли Министерства иностранных дел Республики Казахстан по вопросам двустороннего и многостороннего сотрудничества Республики Казахстан в рамках Содружества Независимых Государств Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Создать Комитет по делам Содружества Независимых Государств Министерства иностранных дел Республики Казахстан в пределах лимита штатной численности, утвержденного для Министерства иностранных дел Республики Казахстан.
      2. Утвердить прилагаемое Положение о Комитете по делам Содружества Независимых Государств Министерства иностранных дел Республики Казахстан.
      3. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменение и дополнение:
      1) <*>
      Сноска. Подпункт утратил силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2001 года N 214 P010214_  .
      2) в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 октября 1999 года N 1578 "Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 49, ст. 472):
      в Положении о Министерстве иностранных дел Республики Казахстан (МИД), утвержденном указанным постановлением:
      пункт 1 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Министерство иностранных дел Республики Казахстан имеет ведомство - Комитет по делам Содружества Независимых Государств".
      4. Министерству иностранных дел Республики Казахстан принять все необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан

                                   Утверждено
                           постановлением Правительства
                               Республики Казахстан
                             21 марта 2000 года N 421

     

                             Положение
            о Комитете по делам Содружества Независимых
              Государств Министерства иностранных дел
                       Республики Казахстан

                        1. Общие положения

      1. Комитет по делам Содружества Независимых Государств Министерства иностранных дел Республики Казахстан (далее - Комитет) является ведомством, осуществляющим в пределах компетенции Министерства иностранных дел Республики Казахстан специальные исполнительные функции и межведомственную координацию по вопросам сотрудничества со странами Содружества Независимых Государств (далее - СНГ).
      2. Комитет в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, международными договорами Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Комитет является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца.
      4. Лимит штатной численности Комитета утверждается Правительством Республики Казахстан.
      5. Юридический адрес Комитета:
      473000, город Астана, улица Бейбитшилик, 10.
      6. Полное наименование Комитета - государственное учреждение "Комитет по делам Содружества Независимых Государств Министерства иностранных дел Республики Казахстан".
      7. Настоящее Положение является учредительным документом Комитета.
      8. Финансирование деятельности Комитета осуществляется только из республиканского бюджета.
      Комитету запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Комитета.
      В случае предоставления законодательными актами Комитету прав по осуществлению деятельности, приносящей доходы, доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход республиканского бюджета.

              2. Основные задачи, функции и права Комитета

      9. Основными задачами Комитета являются:
      1) разработка для руководства Республики Казахстан предложений по внешнеполитической стратегии Республики Казахстан в двусторонних и многосторонних отношениях со странами Содружества Независимых Государств (далее - СНГ) и в рамках СНГ, Евразийского Экономического Сообщества (далее - ЕврАзЭС), P920997_  Договора о коллективной безопасности (далее - ДКБ), Организации Центральноазиатское Сотрудничество (далее - ЦАС), Постоянного Совета Министров Культуры Тюркоязычных Государств (далее - ТЮРКСОЙ), Международного Фонда Спасения Арала (далее - МФСА) (далее - интеграционные объединения);
      2) обеспечение эффективности и скоординированной деятельности государственных органов Республики Казахстан в сфере двустороннего и многостороннего сотрудничества со странами СНГ и в интеграционных объединениях;
      3) осуществление общего контроля за исполнением международных договоров, заключенных Республикой Казахстан со странами СНГ и в рамках интеграционных объединений, участником которых является Республика Казахстан;
      4) изучение политического и экономического положения в странах СНГ;
      5) обеспечение государственных органов информацией, необходимой для осуществления внешней и внутренней политики;
      5-1) содействие развитию сотрудничества с государствами-участниками интеграционных объединений по противодействию терроризму, сепаратизму, экстремизму, нелегальной миграции и незаконному обороту наркотиков;
      6) содействие осуществлению экономического, торгового и научно-технического сотрудничества со странами СНГ;
      6-1) содействие осуществлению сотрудничества в области охраны окружающей среды, рационального использования трансграничных водных ресурсов. <*>
      Сноска. В пункт 9 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 октября 2002 г. N 1109 P021109_  .
      10. Комитет в установленном законодательством порядке осуществляет следующие функции:
      1) вносит рекомендации и предложения руководству Республики Казахстан по определению наиболее перспективных и приоритетных направлений развития сотрудничества Республики Казахстан со странами СНГ и в рамках интеграционных объединений;
      1-1) вырабатывает предложения о целесообразности проведения и участия представителей государственных органов Республики Казахстан в мероприятиях, проводимых в рамках интеграционных объединений;
      2) готовит аналитические, информационные и справочные материалы по различным аспектам внешней и внутренней политики, экономического развития государств СНГ;
      2-1) проводит переговоры по заключению международных договоров Республики Казахстан с государствами-участниками интеграционных объединений;
      3) вырабатывает предложения по позиции Республики Казахстан к заседаниям уставных органов интеграционных объединений;
      4) поддерживает постоянные рабочие контакты с уставными органами СНГ, интеграционных объединений;
      5) осуществляет постоянную связь с посольствами Республики Казахстан в странах СНГ, а также с дипломатическими представительствами государств СНГ в Республике Казахстан по реализации совместных проектов, соглашений и договоренностей, обмену необходимой информацией и документацией;
      6) содействует распространению информации в странах СНГ о внешней и внутренней политике, общественной, социально-экономической и культурной жизни Республики Казахстан;
      7) участвует в подготовке и проведении визитов на высшем и высоком уровне со странами СНГ и встреч в рамках интеграционных объединений;;
      8) координирует работу межправительственных комиссий по сотрудничеству со странами СНГ, обеспечивает проведение очередных заседаний комиссий, готовит итоговые протоколы заседаний и осуществляет контроль за реализацией зафиксированных договоренностей;
      9) участвует в подготовке и проведении переговоров по делимитации Государственной границы Республики Казахстан со странами СНГ. <*>
      Сноска. В пункт 10 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 октября 2002 г. N 1109 P021109_  .
      11. Комитет имеет право в установленном законодательством порядке и в рамках своей компетенции:
      1) запрашивать и получать от министерств, ведомств и агентств, местных исполнительных органов и загранучреждений Республики Казахстан, Институтов интеграционных объединений справочные и иные материалы, касающиеся проблем двустороннего и многостороннего сотрудничества в рамках СНГ, а также передавать в установленном порядке необходимую информацию указанным органам и организациям;
      2) привлекать соответствующих специалистов для подготовки предложений и рекомендаций по вопросам, входящим в компетенцию Комитета; создавать временные рабочие группы с участием экспертов по выработке концептуальных позиций Республики Казахстан по проблемным вопросам двустороннего и многостороннего сотрудничества с государствами-участниками интеграционных объединений;
      3) вносить предложения о приостановлении или отмене действия нормативных правовых актов министерств, ведомств, агентств и местных исполнительных органов Республики Казахстан, препятствующих исполнению международных договоров, заключенных государствами-участниками интеграционных объединений, участником которых является Республика Казахстан;
      4) по поручению руководства Министерства иностранных дел Республики Казахстан проводить переговоры с делегациями внешнеполитических и других ведомств стран Содружества и Институтов интеграционных объединений, рабочими группами указанных органов и организаций по вопросам, входящим в компетенцию Комитета;
      5) участвовать в республиканских и международных конференциях, семинарах, совещаниях по проблемам, относящимся к компетенции Комитета;
      6) вносить предложения руководству Министерства иностранных дел Республики Казахстан по кадровым вопросам, в том числе по переподготовке и повышению квалификации сотрудников Комитета, их назначению и освобождению на/от должности, присвоению дипломатических рангов, материальному и иному поощрению. <*>
      Сноска. В пункт 11 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 октября 2002 г. N 1109  P021109_   .

                        3. Имущество Комитета

      12. Комитет имеет на праве оперативного управления обособленное имущество.
      13. Имущество, закрепленное за Комитетом, относится к республиканской собственности.
      14. Комитет не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом.
      Комитету может быть предоставлено право распоряжения имуществом в случаях и пределах, установленных законодательством.

                     4. Организация деятельности Комитета


      15. Комитет возглавляет вице-министр-Председатель, назначаемый на должность и освобождаемый от должности Правительством Республики Казахстан по представлению Министра иностранных дел Республики Казахстан.
      Вице-министр-Председатель Комитета имеет заместителя, назначаемого на должность и освобождаемого от должности Министром иностранных дел Республики Казахстан по представлению вице-министра-Председателя Комитета. <*>
      Сноска. В пункт 15 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 октября 2002 г. N 1109 P021109_  .
      16. Вице-министр-Председатель Комитета организует и руководит работой Комитета и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Комитет задач и осуществление им своих функций. <*>
      Сноска. В пункт 16 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 октября 2002 г. N 1109 P021109_  .
      17. В этих целях вице-министр-Председатель Комитета в установленном законодательством порядке:
      1) определяет обязанности и полномочия своего заместителя и руководителей структурных подразделений Комитета;
      2) по согласованию с руководством Министерства иностранных дел определяет структуру Комитета в пределах утвержденных Правительством Республики Казахстан лимитов штатной численности;
      3) вносит руководству Министерства иностранных дел Республики Казахстан предложения по назначению на должности и освобождению от должностей работников Комитета;
      4) вносит руководству Министерства иностранных дел Республики Казахстан предложения о поощрении сотрудников Комитета и наложении на них дисциплинарных взысканий;
      5) представляет Комитет в государственных органах и иных организациях;
      6) по указанию Министра иностранных дел Республики Казахстан выполняет и другие поручения. <*>
      Сноска. В пункт 17 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 октября 2002 г. N 1109  P021109_   .

                5. Реорганизация и ликвидация Комитета

      18. Реорганизация и ликвидация Комитета осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.