Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгi "ҚазТрансГаз" ЖАҚ-ның қатысуымен "Газпром" РАҚ-мен (Ресей)
келiссөздер жүргізсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
вице-министрi Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров пен "ҚазТрансГаз" ЖАҚ-ның
президентi Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалинге Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің атынан "Газпром" РАҚ-мен (Ресей) өзара ынтымақтастықтың
перспективалары мәселелерi бойынша келiссөздер жүргiзуге өкiлеттiк
берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.