Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Монғолияға 1999 жылғы қарашадағы сапары кезiнде қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мемлекеттiк экспорттық астық ресурстарынан:
1) Монғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын ұзақ диаспорасына iзгiлiк көмек көрсету үшiн 5 000 (бес мың) тонна азықтық бидай;
2) СIҒ шекара шартымен жоғарыда көрсетiлген астық көлемiн темiр жол көлiгiмен тасымалдау жөнiндегi шығындарға бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен және Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiмен бiрлесiп тиiстi тарифтердi арзандату жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
3. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы
қаулының шыққан күнiнен бастап 30 (отыз) күн iшiнде iзгілiк көмектi
"Наушки"(Ресей) станциясына дейін жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Сыртқы істер министрлігі осы қаулының орындалуы жөнінде өз
құзыретінің шегінде қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.