Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстандық бiтiмгершiлiк батальонын құру туралы" 2000 жылғы 31 қаңтардағы N 116 өкiмiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігi мыналарды әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Yкiметiне:
1) екi апта мерзiмде "Қазақстандық бiтiмгершілiк батальоны" мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiтуге;
2) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрi - БҰҰ) арасындағы БҰҰ-ның дайындық шаралары жүйесiне салымдарға қатысты өзара түсiнiстiк туралы меморандумның жобасын ұсынсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгі Қазақстан
Республикасы мен БҰҰ арасындағы БҰҰ-ның дайындық шаралары жүйесiне
салымдарға қатысты өзара түсiнiстiк туралы меморандумды қол қоюға даярлау
жөнiнде БҰҰ-мен келiссөздер жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.