Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы
Президентінің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің қызметін
қамтамасыз ету үшін 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтілмеген
шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне
3360 мың (үш миллион үш жүз алпыс мың) теңге бөлсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.