1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығын мерекелеуге байланысты әрі еңбекшілердің демалуы үшін қолайлы жағдай жасау және 2000 жылдың мамырында жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Демалыс күні 2000 жылдың 6 мамыры, сенбіден 2000 жылдың 8 мамыры,
дүйсенбіге ауыстырылсын.
2. Қажетті өнімдерді шығару, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу
үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген
ұйымдарға кәсіподақ комитеттерімен келісім бойынша 2000 жылдың 8 мамырында
жұмыс жүргізу құқығы берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмыс қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес өтеледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.