Ұлттық теледидары одан әрі дамыту, сондай-ақ инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Хабар" агенттігі" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) директорлар кеңесінің қарауына, акциялардың мемлекеттік пакетін қоғамның шығарған акцияларының жалпы санының 50 пайызы қосу бір акция мөлшерінде сақтайтын сомасына акциялардың
жаңа эмиссиясы жолымен қоғамның жарияланған жарғылық капиталын арттыру
туралы күн тәртібімен, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру
туралы мәселе енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Орынбекова Д.К.
Қобдалиева Н.М.