"Қазақстан Республикасында тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Восток-Изотоп" жауапкершілігi шектеулi серiктестiгiне (Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы), "Квант" жабық акционерлiк қоғамымен (Екатеринбург қаласы, Ресей Федерациясы) жасалған 2000 жылғы 27 қаңтардағы N С/2-75-5 шартқа сәйкес, Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына қосымшада көрсетiлген иондағыш сәуле шығаратын ампулалық көздерiн (СЭҚ ТН коды 2844) әкелуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі белгiленген тәртiппен "Восток-Изотоп" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгіне әкелiнетiн өнiм импортына лицензия берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен әкелiнетiн өнiмге кедендiк бақылау жасауды және кедендiк ресiмделуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
4 мамырдағы
N 661 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасына әкелінетін иондағыш
сәуле шығаратын ампулалық көздерінің тізбесі
(СЭҚ ТН коды 2844)
---------------------------------------------------------------------------
N !Иондағыш сәуле шығаратын ампулалық көзінің атауы ! Саны (дана)
---------------------------------------------------------------------------
1 ИГИ-Ц-4-4 39
2 ИГИ-Ц-3-5 27
3 ИГИ-Ц-3-7 1
4 ИГИ-Ц-3-4 11
5 ИГИ-Ц-3-8 5
6 Cs-137 ИГИ-Ц-4-3 5
7 Cs-137 ИГИ-Ц-4-1 10
8 Cs-137 ИГИ-Ц-3-8 57
9 Ам-241-ИГИ-А-1-5 33
10 Ам-241-ИГИ-А-1-1 2
11 Ам-241-ИГИ-А-4-1 6
12 ИБН-6 бериллий плутоны 5
13 Сb-134 ИГИ-Су-7 1
14 Pm-147 ИРИП-3 4
15 Тм-170 ИГИ-Ту-1-1 2
16 Со-60 КДУ-2 сымы 2
17 Sr-90+Y-90 ИРИС-3 4
18 Sr-90+Y-90 Т-19 2
19 3Y4-101 3
20 3Y4-102 1
21 3Y4-251 2
22 5Y4-401 3
23 3Y4-102 1
24 ОСАИ жиынтығы 1
Барлығы 227
_________________________________________________________________________
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.