Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі:
1) 2000 жылғы 10-11 мамырда Астана қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-литва үкіметаралық комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) бірінші мәжілісін өткізсін;
2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп қажетті құжаттарды дайындасын және Комиссияның литва бөлігі мүшелерінің болуы бағдарламасын әзірлесін;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен бірлесіп (келісім бойынша) Астана қаласында Комиссияның литва бөлігінің мүшелеріне көліктік қызмет көрсетілуін қамтамасыз етсін.
2. Министрліктер, ведомстволар және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Комиссияның бірінші мәжілісін әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнінде 1-қосымшаға сәйкес нақты шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі 2-қосымшаға сәйкес,
2000 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігіне "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша
көзделген қаражат есебінен, Комиссияның бірінші мәжілісін өткізуге
Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне қаражат бөлсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 10 мамырдағы
N 687 қаулысына
1-қосымша
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-литва
үкіметаралық комиссиясының бірінші мәжілісін әзірлеу
жөніндегі іс-шаралар жоспары
(2000 жылғы 10-11 мамыр, Астана қаласы)
---------------------------------------------------------------------------
Р/б! Іс-шараның атауы ! Орындау ! Орындауға
N ! ! мерзімі ! жауаптылар
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
---------------------------------------------------------------------------
Ұйымдастыру іс-шаралары
---------------------------------------------------------------------------
1 Делегацияның болуы бағдарламасын әзірлеу 2000 жылғы Экономикамині
сәуір (жинақтау),
Сыртқыісмині
2 Комиссия жұмысының регламенті жөнінде 2000 жылғы Экономикамині,
(баяндамашыға және сөз сөйлеушілерге мамыр Сыртқыісмині
берілетін уақыт), жұмыс топтарының
жетекшілері және олардың құрамы,
өткізілетін орны жөнінде ұсыныстар енгізу
3 Жұмыс топтарының отырыстары хаттамаларының 2000 жылғы Экономикамині,
жобаларын әзірлеу мамыр Энергоиндуст.
саудамині,
Көліккоммині,
Ауылшармині
4 Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 2000 жылғы Экономикамині,
қазақстан-литва үкіметаралық комиссиясының мамыр Сыртқыісмині
бірінші отырысы хаттамасының жобасын әзірлеу
5 Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 2000 жылғы Экономикамині,
қазақстан-литва үкіметаралық комиссиясы сәуір Сыртқыісмині
туралы ереженің жобасын әзірлеу
6 Литва делегациясына қызмет көрсету және 2000 жылғы Экономикамині,
қаржы шығындарын (көліктік, комиссияның мамыр Сыртқыісмині,
қазақстандық бөлігі төрағасы атынан Қаржымині,
қабылдауға, кофе-брейк, кәдесыйлар, кеңсе Президент пен
тауарларына) жабу көздері жөнінде ұсыныстар Үкіметтің Ша.
енгізу руашылық бас.
қармасы
(келісім
бойынша)
7 Комиссияның қазақстандық бөлігінің 2000 жылғы Экономикамині,
төрағасы атынан қабылдау өткізу орны мамыр Президент пен
туралы ұсыныс енгізу. Қатысушылардың Үкіметтің
санын белгілеу Шаруашылық
басқармасы
(келісім
бойынша)
8 Комиссияның бірінші отырысына залды 2000 жылғы Экономикамині,
ұйымдастыру және дайындау: комиссияның 8 мамыр Сыртқыісмині
бірінші отырысына қатысушыларды құттықтау;
жалаушалар; отырыстың әрбір қатысушысына
куверттік карточка; қойын дәптерлер,
қаламдар; сусындар, су; кофе-брейк;
отырысқа әрбір қатысушының алдында:
комиссия жұмысының бағдарламасы; күн
тәртібі; отырысқа қатысушылар тізімдері
болуы тиіс; жұмыс топтарының жұмыс істеуі
үшін үй-жайлар дайындау
9 Комиссияның бірінші отырысының жұмысын 2000 жылғы Сыртқыісмині,
жария ету үшін баспасөзді шақыру, 9-10 мамыр Экономикамині.
комиссия отырысының қорытындысы бойынша нің баспасөз
баспасөз конференциясын өткізу қызметі
Ақпараттық хабарлама
10 Қазақстан-литва комиссиясының 2000 жылғы Экономикамині,
қазақстандық бөлігі төрағасының сөйлейтін мамыр Сыртқыісмині
сөзінің жобасын әзірлеу
11 Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілінің 2000 жылғы Ауылшармині
сөйлейтін сөзін дайындау мамыр
12 Энергетика, индустрия және сауда 2000 жылғы Энергоиндуст.
министрлігі өкілінің сөйлейтін сөзін мамыр саудамині
дайындау
13 Көлік және коммуникация министрлігі 2000 жылғы Көліккоммині
өкілінің сөйлейтін сөзін дайындау мамыр
14 Сауда-экономикалық ынтымақтастық 2000 жылғы Экономикамині,
жөніндегі қазақстан-литва үкіметаралық 23 мамыр (комиссия
комиссиясының бірінші отырысының жұмысы хатшысы),
туралы есепті әзірлеу Сыртқыісмині
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 10 мамырдағы
N 687 қаулысына
2-қосымша
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-литва
үкіметаралық комиссиясының бірінші мәжілісін өткізуге шығыстардың
сметасы
(2000 жылғы 10-11 мамыр)
---------------------------------------------------------------------------
Р/б!Шығыстар баптары!Адам саны! Құны !Жиынтығы теңгемен
N ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 Кеңсе тауарларын 28 1 адамға - 500 теңге 14 000
алу 500 х 28 = 14 000
2 Кәдесыйлар сатып 14 1) тең төрағадан 34 800
алу 1 сыйлық - 25 000 теңге
2) литва делегациясы үшін
кәдесыйлар: 1 данасы -
700 теңге
700 х 14 = 9 800
Жиынтығы 25 000 + 9 800
= 34 800
3 Буфеттік қызмет 28 1040 теңге х 28 адам = 29 120
көрсету 29 120
4 Ресми кешкі 28 1 адамға - 6500 теңге 182 000
қонақасы берудің 6500 х 28 = 182 000
шығыстары
Барлығы 259 920
---------------------------------------------------------------------------
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.