Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 5 жылдығына арналған Халықаралық конференцияны Астана қаласында өткізуге дайындық мақсатында және алдағы оқиғаның Қазақстан халқы үшін маңыздылығын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 5 жылдығына арналған Халықаралық конференцияны (бұдан әрі - Конференция) өткізу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Ұсынылып отырған комиссия құрамы бекітілсін.
3. Комиссия екі айлық мерзімде:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, конференцияны өткізуге арналған шығыстар сметасын әзірлесін және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын;
2) халықаралық конференцияны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын
әзірлесін және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
3) конференцияны өткізудің мерзімдерін айқындасын;
4) конференцияға шақырылатын ресми адамдардың тізімін жасасын және
оны Қазақстан Республикасының Үкіметімен келіссін.
4. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары Комиссияның
алдына қойылған мәселелерді шешуге жәрдемдессін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 15 мамырдағы
N 720 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Конституциясы
қабылдануының 5 жылдығына арналған Халықаралық
конференцияны өткізу мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы
Ким Юрий Алексеевич - Қазақстан Республикасы Конституциялық
Кеңесінің төрағасы, төраға (келісім
бойынша)
Павлов Александр Сергеевич - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары, төрағаның орынбасары
Мұхамеджанов Бауыржан - Қазақстан Республикасының
Әлімұлы Әділет министрі
Омаров Жанай Сейітжанұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің Бұқаралық ақпарат
құралдары департаментінің директоры
Отто Иван Иванович - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрінің орынбасары
Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
министрі
Бүркітбаев Серік Мінәуарұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникациялар министрі
Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрі
Сапаров Мәлік Мұхаметжанұлы - Қазақстан Республикасы Қарулы
күштерінің Бас штабы бастығының
бірінші орынбасары, генерал-майор
Қанағатов Елсияр - Қазақстан Республикасы Туризм және
Баймұхамедұлы спорт жөніндегі агенттігінің бұқаралық
және дене тәрбиесі-сауықтыру жұмыстары
бөлімінің бастығы
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.