Итбалықтардың жаппай қырылуынан пайда болған төтенше жағдайдың қалыптасуына байланысты және халықтың және жануарлардың арасында жұқпалы аурулар таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Маңғыстау облысының әкiмiне Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен, итбалықтардың жаппай қырылуына және Каспий теңiзi су айдыны мен оның жағалауында халықтың және жануарлардың арасында болуы мүмкiн жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу жөнiндегі iс-шаралар кешенiн жүргiзуге байланысты төтенше жағдайларды жоюға 10,0 (он) миллион теңге бөлсiн.
2. Маңғыстау облысының әкiмi 2000 жылдың үшiншi тоқсанының
қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
жөнiндегi агенттiгiне орындалған жұмыстардың көлемдерi мен құны туралы
есеп ұсынсын.
3. Бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.