"Қаныш Сәтпаев атындағы Ертiс-Қарағанды каналы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қаржы-экономикалық сауықтыру және оны басқаруды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қаныш Сәтпаев атындағы Ертiс-Қарағанды каналы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын көшiру орны болып Астана қаласы белгiленсiн.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі