Отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының, "Азық-түліктік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының, "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамының және "Қазақстантрактор" ашық акционерлік қоғамының арасында жасалған отандық тауар өндірушілерді қолдау бағдарламасының шеңберінде "Т-95.4 шынжыр табанды трактор шығаруды ұйымдастыру" жобасын іске асыру үшін "Қазақстантрактор" ашық акционерлік қоғамына бөлінген 8 000 000 (сегіз миллион) АҚШ доллары мөлшеріндегі несиелік қаражатты техниканы (тракторларды) лизингке беру арқылы қайтарудың тетігін регламенттейтін 2000 жылғы 3 мамырдағы N 9-16/ келісім туралы ақпарат назарға алынсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайынғы мемлекеттік астық сатып алу бағдарламасын жасау кезінде белгіленген тәртіппен "Азық-түліктік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының ауыл тауар өндірушілерінен - "Қазақстантрактор" ашық акционерлік қоғамы шығарған ауыл шаруашылығы техникасының (тракторларының) лизингін алушылардан лизинг шарттарына сәйкес міндетті төлемдерге сай келетін көлемде астық сатып алуын көздесін және "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамы мен "Азық-түліктік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік
қоғамының Келісім бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды қамтамасыз
етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Бағарова Ж.А.