Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2000 жылғы 17-22 мамырда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегацияларының екінші кездесуі өткізілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі кездесуді ұйымдастыруды, келіссөздерге материалдар мен тезистерді, қол қоюға құжаттарды даярлауды, келіссөздерді әзірлеу мен жүргізуді жалпы үйлестіруді қамтамасыз етсін.
3. Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегацияларының жұмыс істеуіне жағдай жасауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне 2000 жылға арналған
республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген
қаражаттың есебінен кездесу шеңберіндегі іс-шараларды өткізуге қоса
беріліп отырған сметаға сәйкес қаражат бөлсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 6 маусымдағы
N 854 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы
арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі
Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының
үкіметтік делегацияларының екінші кездесуін Астана қаласында
өткізуге арналған шығыстар
Сметасы
2000 жыл, 6 күн, Астана - үкіметтік делегациялардың келіссөздері
______________________________________________________________________
Рет Көрсетілетін қызмет атауы Сомасы
N (теңге)
______________________________________________________________________
1. 25 адамға буфеттік қызмет көрсету
Бір адамға күніне 1040 теңге есебімен 156000
(25 адам х 1040 теңге х 6 күн)
2. Көліктік шығыстардың төлемі
Сағатына 700 теңге есебімен (тәулігіне 6 сағат):
- 1 шағын автобус (700 теңге х 6 сағат х 6 күн) 25200
- 2 жеңіл автомашина (2 х 700 теңге х 6 сағат х 6 күн) 50400
3. 30 адамға арналған қабылдау
Бір адамға 6500 теңге есебімен (30 х 6500) 195000
4. Өзбек делегациясының "Алтын дала" қонақ үйінде
тұруы (16 адам) (тәулігіне 63 $ х 6 х 16) 864864
6. Өзбек делегациясының тамақтануы (16 адамға
арналған таңертеңгілік ас, түстік, кешкі ас)
(бір адамға күніне 1000 теңге х 6 күн х 16 адам) 96000
_____________________________________________________________________
Жиынтығы: 1387464
_____________________________________________________________________
Ескертпе: 4-тармақ бойынша есеп айырысу бағамы 143 теңге = 1 $
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Икебаева А.Ж.