ТМД-ға мүше мемлекеттердің өкілдерінен Еркін сауда аймағын құру туралы келісімді 1994 жылғы 15 сәуірдегі және оған 1999 жылғы 15 сәуірдегі Хаттаманы іске қосу тетігін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттер басшыларының Кеңесі 2000 жылғы 25 қаңтарда қабылдаған Шешімінің 3-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Еркін сауда аймағын қалыптастыру тетігін жетілдіру мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының сыртқыэкономикалық қызметіне жауапты өкілдерінен жұмыс тобының қазақстандық бөлігі (бұдан әрі - жұмыс тобы) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Жұмыс тобының жетекшісі әр тоқсан сайын ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшылары Кеңесінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі Шешімін іске асыру туралы ақпаратты және еркін сауда аймағын қалыптастыру тетігін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 2-тармағында көрсетілген мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының ТМД мемлекеттерінің жарғылық және басқа да органдарының жанындағы Өкілетті Өкілін, Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және
Өкілетті Елшісін тұрақты хабардар етіп отырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 13 маусымдағы
N 887 қаулысына қосымша
Еркін сауда аймағы шекараларын анықтауға арналған
Қазақстан Республикасы жұмыс тобының
құрамы
Сартбаев - Қазақстан Республикасының Экономика
Медет Мақсұтұлы вице-министрі, жетекші
Алесин - Қазақстан Республикасының ТМД жарғылық
Владимир Иванович және басқа да органдары жанындағы
Өкілетті Өкілі, Қазақстан Республикасының
Беларусь Республикасындағы Төтенше және
Өкілетті Елшісі
Сәйденов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Әнуар Ғалимоллаұлы вице-министрі
Иванов - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Виктор Михайлович халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Жұмабаев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Бейбіт Теңелұлы кіріс министрлігі Кеден комитеті
төрағасының орынбасары
Әбдімолдаева - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Нәйлә Қалиақпарқызы индустрия және сауда министрлігі
Сауда департаментінің директоры
Рахметов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Нұрлан Құсайынұлы кіріс министрлігі Талдау және болжау
департаментінің директоры
Тәжмақин - Қазақстан Республикасының
Дәулет Кавазұлы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Стратегия және мемлекеттік реттеу
департаментінің директоры
Калюжный - Қазақстан Республикасының Әділет
Вячеслав Афанасьевич министрлігі Халықаралық құқық және
протокол департаментінің директоры
Әбсаттаров - Қазақстан Республикасының Көлік және
Мүтәліп Бектайұлы коммуникациялар министрлігі Үйлестіру
департаменті директорының орынбасары
Балгереев - Қазақстан Республикасының Табиғи
Марат Ахметжанұлы ресурстар және қоршаған ортаны қорғау
министрлігі Қоршаған ортаны қорғау
комитетінің басқарма бастығы
Сатыбалдина - Қазақстан Республикасы Қаржы
Лаура Сейітжанқызы министрлігі Салық және кеден саясаты
басқармасының бастығы
Иманбаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Болат Бәріұлы істер министрлігі ТМД істері жөніндегі
комитетінің бөлім бастығы
Қазыбаев - Қазақстан Республикасының Экономика
Айдар Қалымтайұлы министрлігі Сыртқы экономикалық
саясат департаментінің бөлім бастығы
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Орынбекова Д.Қ.