Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мұрағатының өртке қарсы жабдықтар сатып алуына, оны қондыруға және ескірген радиоизотопты түтін хабарлағыштарды көмуге байланысты іс-шараларды жүргізуге 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге
сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген
тәртіппен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге
асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Орынбекова Д.Қ.