Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына кіретін жобалардың тиімділігін бағалаудың ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 28 маусым N 968

      Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын іске асыру кезінде мемлекеттік және мемлекет тартқан, соның ішінде мемлекет кепілдігіндегі қаржылық қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының

құрамына кіретін жобалардың тиімділігін бағалаудың ережесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Мемлекеттік 
инвестициялар бағдарламасының құрамына кіретін жобалардың тиімділігін 
бағалауға уәкілетті орган болып айқындалсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                       Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
                                         2000 жылғы 28 маусымдағы
                                          N 968 қаулысымен
                                             бекiтiлген
     
          Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының
          құрамына кіретін жобалардың тиімділігін
                   бағалаудың ережесі
     
                    1-тарау. Жалпы ережелер
     


      1. Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасының құрамына кiретiн Жобалардың тиiмдiлiгiн бағалаудың осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасының (бұдан әрi - МИБ) құрамына кiретiн жобалардың тиімдiлiгiн бағалаудың объектiлерi мен элементтерiн бағалауды, ақпарат көздерін, нәтижелерiн жүзеге асырудың және пайдаланудың әдiстерi мен тәртiбiн айқындайды.
      2. МИБ құрамына кіретiн жобалардың тиiмдiлігiн бағалаудың мақсаты олар бойынша нақтыланған бастапқы деректердi қоса алғанда, iске асырылатын жобалардың сапасын жақсарту үшін, МИБ-ке мәлiмделетiн жаңа жобаларды талдау үшiн және МИБ басымдықтарын түзету үшiн, iске асырылатын және аяқталған жобаларды бағалау нәтижелерiн пайдалану жолымен МИБ-тi жетілдiру болып табылады. Бағалаудың нәтижелерi, сондай-ақ салалық және аймақтық стратегиялардың мақсаттарына түзету енгiзу үшiн де пайдаланылуы мүмкiн.
      3. Ереже МИБ құрамына кiретiн жобалардың тиімдiлiгiн бағалауға уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкілеттi орган), сондай-ақ МИБ құрамына кiретiн жобалардың iске асырылуын және бұдан кейiнгi пайдаланылуын жүзеге асырушы, мемлекеттiк басқарудың орталық және жергілiктi органдарының және мемлекет кепілдігіндегi мемлекеттiк емес заемдар есебiнен іске асырылатын немесе iске асырылған жобалар жөнiндегi заемшылардың (бұдан әрi - атқарушы агенттiктер) қолдануы үшiн міндетті.
      4. Жобаның тиімділігін бағалау қажеттiлiгi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1389 P981389_ қаулысымен бекітілген, МИБ-тi әзiрлеудiң және iске асырудың ережесiнде МИБ мiндеттерiнiң бiрi ретiнде айқындалған, МИБ жобаларының орындалуын бақылау жөнiнде жүйелi жұмысты ұйымдастыру талаптарынан туындады.

            2-тарау. Бағалау объектiлерi және элементтерi

      5. МИБ құрамына кіретiн және iске асыру аяқталғаннан кейiнгi (аяқталған жобалар) iске асыру кезеңiндегi (iске асырылып жатқан жобалар) және жұмыс iстеу кезеңiндегi жобалар осы Ережемен айқындалған, тиiмдiлікті бағалау объектiлерi болып табылады.
      Ереже дайындық кезеңiндегi жобалардың тиiмдiлiгiн бағалауға қолданылмайды. Мұндай бағалау уәкiлеттi орган бекiткен, МИБ құрамына мәлiмделетін Жобалардың экономикалық сараптамасын жүргiзу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Iске асырылатын жобаларды және олардың құрамдас бөлiктерiн бағалаудың элементтерi нәтижелерi болып табылады; аяқталған жобаларды және олардың құрамдас бөлiктерiн бағалаудың элементтерi салдары мен ықпалы болып табылады.
      7. Нәтижелер - жобаны немесе оның құрамдас бөлiктерін iске асыру барысында және iске асырудың аяқталуы сәтiнде қол жеткiзiлген, тiкелей материалдық немесе материалдық емес салдарлары. Нәтижелер жоспар-кестеде көрсетiлген, жоспарланған көрсеткiштермен салыстырылуы мүмкiн.
      8. Салдары - бұл аяқталған жобаның немесе оның құрамдас бөлiктерiнiң нәтижелерiнен қоршаған ортада туындаған өзгерiстер. Салдары жобаның жоспарлау кезеңiнде жасалған және техникалық-экономикалық негiздемеде тұжырымдалған мақсаттарымен салыстырылуы мүмкiн.
      9. Ықпалы - бұл аяқталған жобаның әлеуметтiк-экономикалық жағдайға әсерi. Iске асыру аяқталғаннан кейiн жұмыс iстеу кезеңiндегi жобаның немесе жобалар тобының салаға немесе аймаққа ықпалы шеңберiнде жобаның жоспарлануы және iске асырылуы жүзеге асырылған салалық немесе аймақтық стратегиялардың мақсаттарымен салыстырылуы мүмкiн.
      10. Тиiмдiлiк - бұл тиiсiнше iшкi (жобаға қатысты) және сыртқы факторлардың үлесiн бөлумен (талдаумен) нәтижелерiн, салдарларын және ықпалын жобаның жоспарланған көрсеткiштерiмен, мақсаттарымен және стратегиялардың мақсаттарымен салыстыру.

          3-тарау. Тиiмдiлiктi бағалауға арналған ақпарат көздерi

      11. Мыналар тиiмдiлiктi бағалауға арналған ақпарат көздерi болып табылады:
      iске асырылатын жобалар бойынша - орындаушы агенттiктiң МИБ-тiң құрамына енгiзiлген жоба жөнiнде орындалған жұмыс туралы есебi;
      аяқталған жобалар бойынша - орындаушы агенттiктiң аяқталған жобаның жұмыс iстеу барысы туралы есебі.
      12. Орындаушы агенттiктiң МИБ-тiң құрамына енгiзiлген жоба

жөнiнде орындалған жұмыс туралы жоспар-кесте және есеп беруiнiң
нысаны, мазмұны және мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 5 маусымдағы N 848  

P000848_

  қаулысымен бекітілген, МИБ-тi iске 
асыру мониторингiн жүзеге асыру ережесiнде айқындалған.
     13. Орындаушы агенттiктiң аяқталған жобаның жұмыс істеу барысы туралы 
есебi қол жеткен нәтижелер, салдарлары мен ықпалы туралы мәлiметтердi қоса 
алғанда, уәкiлеттi органның сұратуы бойынша берiледі және маркетинг, 
техникалық, әлеуметтiк, экологиялық, қаржы институциональдық және 
экономикалық бөлiмдер бойынша жоспарланған нақты деректердi салыстырудан 
тұрады.
     
           4-тарау. Тиiмдiлiктi бағалау әдiстемесi
     
     14. Нәтижелердi бағалау кезiнде:
     1) жобаның дайындау кезеңiнде жоспарланған және түзетілген 
жоспар-кестеде көрсетілген мынадай нақтылы өлшемдердің сәйкестiк дәрежесi 
белгiленедi:
     заттай алғандағы жұмыстар көлемi;
     iске асыру кезеңдерi;
     қаржы шығындары;
     жобалық қуаты;


      2) қол жеткiзілген көрсеткiштердiң стандарттар талаптарына және жоспарлау кезеңiнде тұжырымдалған өзге де талаптарға сәйкестiк дәрежесi белгiленедi;
      3) жоспарлау кезеңiнде қабылданған алғышарттардың (бастапқы деректердiң), сондай-ақ күтiлiп отырған ағымдағы шығындардың және оларды қаржыландыру көздерiнiң расталу дәрежесi белгiленедi;
      4) iске асыру барысында туындаған кедергілер мен оларды жою шаралары талданады және iске асыруға қатысушы тараптардың iс-қимылдары бағаланады;
      5) нәтижелер алуда iшкi (жобаға қатысты) және сыртқы факторлар үлесiнiң ара қатынасы белгiленедi;
      6) жоспарланған көрсеткiштерге қол жеткiзудiң тиiмдiлiгi туралы қорытынды жасалады.

      15. Салдарын бағалау кезiнде:
      1) жобаның қойылған мақсаттарына қол жеткізу деңгейі белгiленедi;
      2) мақсаттарға қол жеткiзуде iшкi (жобаға қатысты) және сыртқы факторлар үлесінiң ара қатынасы белгiленедi;
      3) ағымдағы шығындар туралы нақты мәлiметтер және жоспарлау кезеңiнде жасалған алғышарттарды растау деңгейiне талдау жасалады;
      4) Жобаның жоспарланған мақсаттарына қол жеткiзудiң тиiмділiгi туралы қорытынды жасалады.
      16. Әсерiн бағалау кезінде:
      1) салалық және аймақтық стратегиялардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткізуде жобаның басқа жобалар қатарында үлесiнiң ара қатынасы белгiленедi:
      2) саладағы немесе аймақтағы мемлекеттiк инвестициялардың басымдықтарына түзету енгiзу жөнiнде ұсынымдар әзiрленедi;
      3) жоспарлау кезеңiнде жасалған (бастапқы деректер) ағымдағы шығындар туралы нақты мәлiметтер және алғы шарттардың растау дәрежесi талданады;
      4) салалық және аймақтық стратегиялардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткiзуде жоба үлесiнiң тиiмдiлiгi туралы қорытынды жасалады.
      17. Бағалаудың барлық түрiн орындау кезiнде жаңа (келешек) және жұмыс iстеп тұрған жобаларды дайындау және iске асыруды және тұтастай МИБ-пен жұмысты жақсарту жөнiнде ұсынымдар тұжырымдалады.

      5-тарау. Тиiмдiлiктi бағалауды жүзеге асырудың және оның
               нәтижелерiн пайдаланудың тәртiбi

      18. Уәкiлеттi орган дербес немесе жобаны iске асыруға қатыспайтын тәуелсiз сарапшыларды және мемлекеттiк басқару органдарын тарта отырып, тиiмдiлiктi бағалауды жүзеге асырады.
      19. Iске асырылатын жобалардың тиiмдiлiгiн бағалаудың нәтижелерi туралы есеп жыл сайын жасалады және жаңа жобаларды талдау кезiнде пайдаланылатын, оларды iске асырудың жоспар-кестесiне қажеттi өзгерiстер енгiзу жолымен бағаланатын жобалардың сапасын жақсарту үшiн және алғышарттарды (бастапқы деректердi) түзету үшiн пайдаланылады. Iске асырылатын жобалардың тиiмдiлігiн бағалау нәтижелерi туралы есеп, сондай-ақ МИБ-тiң өткен кезеңдегi орындалуын талдауға қатысты. МИБ-тi талдау бөлiгінің бөлiмiн дайындау кезiнде пайдаланылады.
      20. Аяқталған жобалардың тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы

есеп әрбір жобаға қатысты оның ерекшеліктерін ескеріп орындаушы 
агенттікпен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген, жұмыс істеудің 
белгілі бір кезеңі өткеннен кейін жасалады. Аяқталған жобалардың 
тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы есеп МИБ басымдықтарын түзету 
үшін пайдаланылады және сондай-ақ, салалық және аймақтық стратегиялардың 
мақсаттарына түзету енгізу үшін пайдаланылуы мүмкін.
     
     
     
     
Оқығандар:
     
     Бағарова Ж.А.
     Орынбекова Д.Қ.
      
      


Об утверждении Правил оценки эффективности проектов, входящих в состав Программы государственных инвестиций

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2000 года N 968

      В целях повышения эффективности использования государственных и привлеченных государством, в том числе под государственные гарантии, финансовых средств при реализации Программы государственных инвестиций Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оценки эффективности проектов, входящих в состав Программы государственных инвестиций.
      2. Определить органом, уполномоченным на оценку эффективности проектов, входящих в состав Программы государственных инвестиций, Министерство экономики Республики Казахстан.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
     Премьер-Министр
   Республики Казахстан  


                                                      Утверждены           

постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2000 года N 968


                               Правила
               оценки эффективности проектов, входящих в
              состав Программы государственных инвестиций

                         Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оценки эффективности проектов, входящих в состав Программы государственных инвестиций (далее - Правила), определяют объекты и элементы оценки, источники информации, методы и порядок осуществления и использования результатов оценки эффективности проектов, входящих в состав Программы государственных инвестиций (далее - ПГИ).
      2. Целью оценки эффективности проектов, входящих в состав ПГИ, является совершенствование ПГИ путем использования результатов оценки реализуемых и завершенных проектов, включая уточненные исходные данные по ним, для улучшения качества реализуемых проектов, для анализа новых проектов, заявляемых в ПГИ, и для корректировки приоритетов ПГИ. Результаты оценки могут быть использованы также для корректировки целей отраслевых и региональных стратегий.
      3. Правила обязательны для применения органом, уполномоченным на оценку эффективности проектов, входящих в состав ПГИ (далее - уполномоченный орган), а также центральными и местными органами государственного управления, осуществляющими реализацию и последующую эксплуатацию проектов, входящих в состав ПГИ, и заемщиками по проектам, реализуемым или реализованным за счет негосударственных займов под государственные гарантии (далее - исполнительные агентства).
      4. Необходимость оценки эффективности проекта обусловлена требованием организации системной работы по контролю за выполнением проектов ПГИ, определенным в качестве одной из задач ПГИ в Правилах разработки и реализации ПГИ, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 1389 P981389_ .

                  Глава 2. Объекты и элементы оценки

      5. Объектами оценки эффективности, определенными настоящими Правилами, являются проекты, входящие в состав ПГИ и находящиеся на стадии реализации (реализуемые проекты) и на стадии функционирования после завершения реализации (завершенные проекты).
      Правила не распространяются на оценку эффективности проектов, находящихся на стадии подготовки. Такая оценка осуществляется в соответствии с Правилами проведения экономической экспертизы проектов, заявляемых в состав ПГИ, утвержденными уполномоченным органом.
      6. Элементами оценки реализуемых проектов и их компонентов являются результаты; элементами оценки завершенных проектов и их компонентов являются следствия и влияние.
      7. Результаты - это прямые материальные или нематериальные последствия, достигнутые в ходе реализации проекта или его компонентов и к моменту окончания реализации. Результаты могут быть сопоставлены с запланированными показателями, отраженными в плане-графике.
      8. Следствия - это изменения, вызванные в окружающей обстановке результатами завершенного проекта или его компонентов. Следствия могут быть сопоставлены с целями проекта, сформулированными на стадии планирования и отраженными в технико-экономическом обосновании.
      9. Влияние - это воздействие завершенного проекта на социально- экономическую ситуацию. Влияние проекта или группы проектов в отрасли или регионе на стадии функционирования после завершения реализации может быть сопоставлено с целями отраслевых или региональных стратегий, в рамках которых осуществлялись планирование и реализация проекта.
      10. Эффективность - это итог сопоставления результатов, следствий и влияния с запланированными показателями, целями проекта и целями стратегий соответственно с выделением (анализом) вклада внутренних (относящихся к проекту) и внешних факторов.

           Глава 3. Источники информации для оценки эффективности

      11. Источниками информации для оценки эффективности являются:
      по реализуемым проектам - отчет исполнительного агентства о выполнении работ по проекту, включенному в состав ПГИ;
      по завершенным проектам - отчет исполнительного агентства о ходе функционирования завершенного проекта.
      12. Форма, содержание и сроки предоставления плана-графика и отчета исполнительного агентства о выполнении работ по проекту, включенному в состав ПГИ, определены Правилами осуществления мониторинга реализации ПГИ, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 июня 2000 года N 848 P000848_ .
      13. Отчет исполнительного агентства о ходе функционирования завершенного проекта предоставляется по запросу уполномоченного органа и содержит сравнение фактических данных с запланированными по маркетинговому, техническому, социальному, экологическому, финансовому, институциональному и экономическому разделам, включая сведения о достигнутых результатах, следствиях и влиянии.

                    Глава 4. Методика оценки эффективности

      14. При оценке результатов:
      1) устанавливается степень соответствия следующих фактических параметров запланированным на стадии подготовки проекта и отраженным в откорректированном плане-графике:
      объемов работ в натуральном выражении;
      сроков реализации;
      финансовых затрат;
      проектной мощности;
      2) устанавливается степень соответствия показателей требованиям стандартов и иным требованиям, сформулированным на стадии планирования;
      3) устанавливается степень подтверждения предпосылок, принятых на стадии планирования (исходных данных), а также ожидаемых текущих затрат и источников их финансирования;
      4) анализируются препятствия, возникшие в ходе реализации, и меры их устранения и оцениваются действия сторон - участников реализации;
      5) устанавливается соотношение вкладов внутренних (относящихся к проекту) и внешних факторов в получение результатов;
      6) делается вывод об эффективности достижения запланированных показателей.
      15. При оценке следствий:
      1) устанавливается степень достижения поставленных целей проекта;
      2) устанавливается соотношение вкладов внутренних (относящихся к проекту) и внешних факторов в достижение целей;
      3) анализируются фактические сведения о текущих затратах и степень подтверждения предпосылок, сделанных на стадии планирования (исходных данных);
      4) делается вывод об эффективности достижения запланированных целей проекта.
      16. При оценке влияния:
      1) устанавливается соотношение вклада проекта в ряду других проектов в достижение запланированных целей отраслевых и региональных стратегий;
      2) вырабатываются рекомендации по корректировке приоритетов государственных инвестиций в отрасли или регионе;
      3) анализируются фактические сведения о текущих затратах и степень подтверждения предпосылок, сделанных на стадии планирования (исходных данных);
      4) делается вывод об эффективности вклада проекта в достижение запланированных целей отраслевых и региональных стратегий.
      17. При выполнении всех видов оценки формулируются рекомендации по улучшению подготовки и реализации новых (будущих) и действующих проектов и в целом работы над ПГИ.

              Глава 5. Порядок осуществления оценки эффективности и
                           использования ее результатов

      18. Оценку эффективности осуществляет уполномоченный орган самостоятельно или с привлечением независимых экспертов и органов государственного управления, не участвующих в реализации проекта.
      19. Отчет о результатах оценки эффективности реализуемых проектов составляется ежегодно и используется для улучшения качества оцениваемых проектов путем внесения необходимых изменений в план-график их реализации и для корректировки предпосылок (исходных данных), используемых при анализе новых проектов. Отчет о результатах оценки эффективности реализуемых проектов используется также при подготовке раздела аналитической части ПГИ, касающегося анализа исполнения ПГИ за предыдущий период.
      20. Отчет о результатах оценки эффективности завершенных проектов составляется по истечении определенного срока функционирования, который устанавливается уполномоченным органом по согласованию с исполнительным агентством применительно к каждому проекту с учетом его особенностей. Отчет о результатах оценки эффективности завершенных проектов используется для корректировки приоритетов ПГИ и может быть использован также для корректировки целей отраслевых или региональных стратегий.
     (Специалисты: Мартина Н.А.,
                   Петрова Г.В.)