Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсiлген және тәжiк жағымен алдын ала пысықталған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi тәжiк жағымен
келiссөздер жүргiзсiн және уағдаластыққа қол жеткiзiлгеннен кейiн, осы
ретте Келiсiмнiң жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан
көрсетiлген Келiсiмге қол қойсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi
арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық
туралы
КЕЛIСIМ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Тәжiкстан Республикасының Yкiметi арасындағы ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастықтың екi жақты ақпарат саласындағы және өзара тиiмдi экономикалық барлық кешендi байланыстардың құрамдас бөлiгi болып табылатынын ескере отырып,
төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар тең құқықты және өзара пайдалы принциптер негiзiнде ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастықтың дамуына мүмкiндiк туғызады.
2-бап
Тараптар жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар, озық технологиялар, ғылыми кадрлар дайындау, өнеркәсiп және санаткерлiк меншiктi қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытады.
Ынтымақтастықтың нақты нысандары мен шарттары Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, жоғары оқу орындары, мемлекеттiк ассоциациялар мен қорлар арасында олардың бiлiктiлiгi шеңберiнде жеке келiсiмдермен реттеледi.
3-бап
Осы Келiсiм шеңберiндегi ынтымақтастық мынадай нысандарда iске асырылады:
ғылыми қажет ететiн технологияларды құру мен игеру жөнiндегі бiрлескен ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру;
Тараптар мемлекеттерiнiң ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы, жоғары оқу орындарындағы, құжатжайлар және кiтапханалардағы, бiрлескен далалық зерттеу мен экспедицияларды қоса алғандағы ғылыми жұмыстар;
ғылыми-техникалық ақпаратпен, құжаттармен, әдебиет және кiтапнама басылымдармен алмасу;
ғылыми конференциялар, кеңестер, семинарлар және жұмысшы кездесулер өткiзу;
ғалымдармен, мамандармен, докторанттар және аспиранттармен алмасу, олардың бiлiктiлiгiн көтеру, тағылымдамалар ұйымдастыру;
өзара мүдделi ғылыми еңбектер жасау, оқулықтар мен ғылыми-әдiстемелiк оқу құралдарын жазу жөнiндегi бiрлескен туындыгерлiк ұжымдар құру;
мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды Мемлекеттiк сараптаудан өткiзуге тарту үшiн ғылым, техника және ғылымды қажет ететiн технологиялардың басым бағыттарының жетекшi ғалымдары туралы банктер мәлiметтерiмен алмасу;
ғылыми ақпаратты өте тиiмдi және жедел пайдалану мақсатында байланыстың компьютерлiк желiсi саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
4-бап
Ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру кезiнде алынған бiрлескен ғылыми зерттеу және басқа ақпарат нәтижелерiн пайдалану тәртiбi, сондай-ақ өнеркәсiптiк меншiктiң объектiлерiн және санаткерлiк меншiкке туындыгер құқықтарын қорғауға байланысты мәселелер Тараптар мемлекеттерiнiң тиiстi органдары арасында әрбiр нақты жағдайда жеке келiсiмдер жасау жолымен келiсiледi.
5-бап
Тараптар қажеттi жағдайда осы Келiсiмдi жүзеге асыру үшiн және Тараптардың өзара әрекеттестiгi бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында бiрлескен комиссия құруына болады;
Осы келiсiмдi жүзеге асыруға жауапты Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдары мыналар болып табылады:
Қазақстан Жағынан - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы;
Тәжiкстан жағынан - Тәжiкстан Республикасының Ғылым академиясы және Тәжiкстан Республикасының Бiлiм министрлiгi.
6-бап
Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамалармен ресiмделедi. Осы Келiсiмдi жүзеге асыру барысында дау-дамай немесе келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды өзара келiссөздер және консультациялар жолымен шешедi.
7-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуi қажетті iшкi мемлекеттiк процедураларды
Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен
бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм бес жылдық мерзiмге жасалады және егер Тараптардың
ешқайсысы да шарттың қолданыс мерзiмi бiткенге дейiн алты ай бұрын оның
күшiн тоқтатқысы келетiнi туралы мәлiмдемейтiн болса, өздiгiнен келесi бес
жылға ұзартылады.
2000 жылдың "____"__________________________________ қаласында екi
данада, әрқайсысы қазақ, тәжiк және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ
барлық мәтiндердiң де күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған
жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi ұстанады.
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкiметi үшiн Yкiметi үшiн
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.