Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Заттай нысанда роялти төлеу туралы және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 наурыздағы N 353 P000353_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
2 тармақтың 1) тармақшасы "шикі мұнайдың" деген сөздерден кейін "және
одан әрі қайта өңдеуге отандық мұнай өңдеуші зауыттарға берілетін роялти
төлемі есебінен алынған шикі мұнайдың" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.