Ұлы Жібек жолының аса маңызды тарихи орталығы болып табылатын Қазақстанның көне қалаларының бірі - Тараз қаласының мәдени маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Жамбыл облысы әкімінің Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен, Қазақ тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының орталық кеңесімен және шығармашылық одақтармен келісілген 2001 жылы Тараз қаласының 2000 жылдығын мерекелеу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қосымшаға сәйкес құрамда Тараз қаласының 2000 жылдық мерекесіне әзірлік және оны өткізу жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
3. Комиссия Тараз қаласының 2000 жылдық мерекесіне әзірлік және оны
өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне
бекітуге енгізсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Тараз қаласының 2000
жылдығына арналған монеталар жиынтығын шығаруды жүзеге асыру ұсынылсын.
5. Жамбыл облысының әкіміне 2001 жылға арналған жергілікті бюджетте
Тараз қаласының автомобиль жолдарын, қоғамдық үйлер мен ғимараттардың
қасбеттерін жөндеуге, көркейтуге қажетті қаражат көздеу ұсынылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 27 шілдедегі N 1141
қаулысына қосымша
Тараз қаласының 2000 жылдығына дайындық
және оны өткізу жөніндегі республикалық
комиссияның құрамы
Мұхамеджанов Бауыржан - Қазақстан Республикасы
Әлімұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Құл-Мұхамед Мұхтар ± - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Абрарұлы ақпарат және қоғамдық келісім
министрі, төрағаның орынбасары
Үмбетов Серік Әбікенұлы - Жамбыл облысының әкімі,
төрағаның орынбасары
Қасейінов Дүйсен Қорабайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім
вице-министрі
Комиссия мүшелері
Байпақов Карл Молдахметұлы - Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрлігі Ә.Х. Марғұлан
атындағы Археология институтының
директоры
Шнейдмюллер Владимир - Қазақстан Республикасының
Викторович Көлік және коммуникациялар
бірінші вице-министрі
Алдажұманов Қайдар - Қазақстан Республикасының Білім және
Сейсенбайұлы ғылым министрлігі Ш. Уәлиханов
атындағы Тарих және этнология
институты директорының міндетін
атқарушы (келісім бойынша)
Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрі
Беркімбаева Шәмшә Көпбайқызы - Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрі
Мергенов Еркін Тілекұлы - Қазақстан Республикасы Суретшілер
одағы басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)
Сауранбаев Болат Оспанұлы - Тараз қаласының әкімі
Баймағамбетов Сейіл Зейнелұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесі Аймақтық
даму бөлімінің бас инспекторы
Тілеухан Бекболат - Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
Қанайұлы келісім министрлігі Мәдениет
комитетінің төрағасы
Есдәулет Ұлықбек - Қазақстан Республикасы
Оразбайұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің
сектор меңгерушісі
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.15. N 307 қаулысымен.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.