Алматы қаласында балалар тағамын өндiрудi ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазагросыртқысауда" акционерлiк қоғамы мен "ТЕКНОСЕРВИС с.р.л." фирмасының (Италия) арасындағы 1992 жылғы 27 тамыздағы N 1905/483-110 келiсiм-шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заем бойынша 1993-94 жылдары берiлген балалар тағамын өндiретiн жабдықты заңнамада белгiленген тәртiппен 10 жылға мерзiмiн ұзарта отырып, республикалық бюджетке 18640250 (он сегiз миллион алты жүз қырық мың екi жүз елу) АҚШ долларын өтеу және өндiрiске қосу шартымен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы Алматы қаласы әкiмiнiң ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгіленген
тәртiппен:
1) 1-тармақта көрсетiлгендердi республикалық бюджетке аудару жөнiнде
Алматы қаласының әкiмiмен келiсiм жасассын;
2) Алматы қаласының әкiмiмен бiрлесiп, көрсетiлген жабдықты Алматы
қаласының коммуналдық меншiгiне беру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру
iс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Икебаева А.Ж.