Қайта өңделген уран өнiмдерiнiң экспорты туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 тамыздағы N 1193 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406 Қаулысымен.

      "Қару-жарақты, әскери техника мен екiұдай мақсаттағы өнімдердi экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы  Заңына , 1994 жылғы 26 шілдеде бекiтiлген Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Ашық үлгiдегi "ТВЭЛ" акционерлiк қоғамымен 1999 жылғы 1 қарашадағы N 30054230/ОУ-011 келiсiм-шартқа сәйкес "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ) қазақстандық табиғи уранды Ресей кәсiпорындарында конверсиялау әрi байыту жолымен алынған, уран-235 изотопы бойынша 4,95% +/- 0,05%-тен асырылмай байытылған, Ресей аумағындағы уран гексафторидiн (СЭҚ ТН коды-284420290 ) гексафторид түрiнде аз байытылған уранды беруге "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ және "Фьюэл Лоджистик ГмбХ" (Германия) фирмасы арасында 2000 жылғы 19 мамырда жасалған N 2000-05-01 келiсiм-шарттың ережелерiне сәйкес мөлшерде алыс шетелге экспорттауға рұқсат етiлсiн. 
      2. "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ-ы кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен аталған тауарларды кедендік аумақтан "тыс қайта" өңдеу кедендiк режимiнен "тауарларды экспорттау" кедендiк режимiне өзгертiп декларациялауды жүргiзсін. 
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi "Қазатомөнеркәсіп" ҰАҚ" ЖАҚ-на аталған өнiмдердi экспорттауға белгiленген тәртiппен лицензиялар берсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінің Атом энергетикасы жөніндегi комитетi ядролық материалдардың әкетiлуiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Об экспорте переработанной урановой продукции

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 августа 2000 года N 1193. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2008 года N 406.

       Сноска. Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 августа 2000 года N 1193 утратило силу постановлением Правительства РК от 04.05.2008  N 406 .

      В соответствии с  Законом Республики Казахстан от 18 июня 1996 года "Об экспортном контроле вооружений, военной техники и продукции двойного назначения", ратифицированным Договором о нераспространении ядерного оружия от 26 июля 1994 года и  постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 1997 года N 1037 "О лицензировании экспорта и импорта товаров (работ, услуг) в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Разрешить закрытому акционерному обществу "Национальная атомная компания "Казатомпром" (далее ЗАО НАК "Казатомпром") экспорт в дальнее зарубежье находящегося на территории Российской Федерации гексафторида урана (код ТН ВЭД - 284420290) с обогащением не более 4,95% +/-0,5% по изотопу урана/235, полученного путем конверсии и обогащения на российских предприятиях казахстанского природного урана в соответствии с контрактом от 1 ноября 1999 года N 30054230/ОУ-011 с открытым акционерным обществом "ТВЭЛ", в количестве и в соответствии с условиями контракта от 18 мая 2000 года N 2000-05-01 на поставку низкообогащенного урана в форме гексафторида между ЗАО НАК "Казатомпром" и фирмой "Фьюэл Лоджистик ГмбХ" (Германия). 
      2. ЗАО НАК "Казатомпром" произвести декларирование товаров с изменением таможенного режима "переработка товаров вне таможенной территории" на таможенный режим "экспорт товаров" в установленном таможенным законодательством порядке. 
      3. Министерству энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан выдать в установленном порядке ЗАО НАК "Казатомпром" лицензию на экспорт указанной продукции. 
      4. Комитету по атомной энергетике Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан обеспечить контроль за вывозом ядерных материалов. 
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. 

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан