Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 2000 жылғы 6 қазанда Астана қаласында Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң Үкiмет басшылары кеңесiнiң (бұдан әрi - Кеңес) мәжiлiсi өткiзiлсiн.
2. 1-қосымшаға сәйкес Кеңес жұмысына қатысатын Қазақстан Республикасы ресми делегациясының құрамы бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi:
Кеңес мәжiлiсiнiң шеңберiнде кездесу үшiн көзделген толық ауқымда iс-шаралар өткiзудi, сондай-ақ құжаттамалық және ақпараттық қызмет көрсетулердi қамтамасыз етсiн;
Республикалық Ұланмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң ресми делегацияларын Астана қаласының әуежайында қарсы алу мен шығарып салуды ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы (келiсiм бойынша):
ресми делегациялардың мүшелерiн, сарапшыларды, бiрге жүретiн адамдарды және алдыңғы топтарды орналастыру мен қызмет көрсету;
ресми делегациялардың орналасқан жерiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi қызметкерлерi үшiн нөмiрлер бөлу; делегациялар мүшелерiн және бiрге жүретiн адамдарды автокөлiкпен қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң атынан ресми қабылдау өткiзу;
Астана қаласы әуежайының VIР залында (қарсы алу және шығарып салу кезiнде) шай дастарқанын ұйымдастыру;
делегацияларға бекітілген ҚР СIМ-нiң қызметкерлерiне байланыс құралдарын бөлу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
5. Кеңеске мүше мемлекеттердiң делегацияларына қызмет көрсету деңгейiн арттыру мақсатында оларға 2-қосымшаға сәйкес министрлiктер бекiтiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен Кеңес мәжiлiсiне қатысушы үкiмет басшыларының арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағы үстiнен кедергiсiз ұшуын қамтамасыз етсiн;
арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудi, тұрақ берудi және жанармай құюды ұйымдастырсын.
7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша), Iшкi iстер министрлiгi Кеңес мәжiлiсiне қатысушы ресми делегациялардың қауiпсiздiгiн, әуежайда, олардың жол жүру бағыттары бойынша және болатын орындарында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн.
8. Астана қаласының әкiмi ресми делегацияларды қарсы алу мен шығарып салу (делегациялар басшыларына гүл беру), жол жүру бағыттары бойынша, Астана қаласының әуежайы мен көшелерiн безендiру жөнiндегі барлық ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етсін.
9. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Кеңес мәжiлiсi шеңберiндегi iс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария ету жөнiндегi қажеттi жұмыстарды ұйымдастырсын.
10. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Кеңес мәжiлiсi шеңберiндегi iс-шараларды өткiзуге 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен қаражат бөлсiн.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 8 қыркүйектегі
N 1359 қаулысымен
бекітілген
Кеден одағына қатысушы мемлекеттер Үкімет басшыларының кеңесі
жұмысына қатысатын Қазақстан Республикасы
ресми делегациясының
Құрамы
Ресми делегация
Тоқаев - Қазақстан Республикасының
Қасымжомарт Кемелұлы Премьер-Министрі
Ыдырысов - Қазақстан Республикасының
Ерлан Әбілфайызұлы Сыртқы істер министрі
Школьник - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич Энергетика, индустрия және
сауда министрі
Кәкімжанов - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Қалидоллаұлы Мемлекеттік кіріс министрі
Құлекеев - Қазақстан Республикасының
Жақсыбек Әбдірахметұлы Экономика министрі
Есенбаев - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы Қаржы министрі
Бірге жүретін адамдар
Қожақов - Қазақстан Республикасының
Асан Егінбайұлы Сыртқы істер министрлігі
ТМД істері жөніндегі
комитетінің төрағасы
Черепанов - Қазақстан Республикасы
Александр Михайлович Премьер-Министрі
Хатшылығының меңгерушісі
Қанапиянов - Қазақстан Республикасы
Сержан Мұсаханұлы Премьер-Министрінің
Кеңсесі Сыртқы байланыстар
бөлімінің меңгерушісі
Нүкенов - Қазақстан Республикасының
Маратқали Ордабайұлы Мемлекеттік кіріс министрлігі
Кеден комитетінің төрағасы
Асанов - Қазақстан Республикасының
Жандос Әнуарұлы Премьер-Министрі
Хатшылығы меңгерушісінің
орынбасары - Хаттама
қызметінің жетекшісі
Әділбаев - Қазақстан Республикасының
Жалғас Жұмайұлы Сыртқы істер министрлігі
Протоколының бастығы
Жұмалы - Қазақстан Республикасы
Расул Берекетұлы Премьер-Министрінің
Баспасөз хатшысы
Сарапшылар
Ахметов - Қазақстан Республикасының
Әбутәліп Ібіжанұлы Сыртқы істер министрлігі
ТМД істері жөніндегі
комитеті төрағасының орынбасары
Мұқұшев - Қазақстан Республикасының
Айдарбек Қасымұлы Сыртқы істер министрлігі
ТМД істері жөніндегі
комитетінің референті
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 8 қыркүйектегі
N 1359 қаулысымен
бекітілген
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің делегацияларына бекітілген
Қазақстан Республикасы министрліктерінің
Тізімі
____________________________________________________________________
Беларусь Республикасы !Қазақстан Республикасының
!Мемлекеттік кіріс министрлігі
!(З.Қ. Кәкімжанов)
____________________________________________________________________
Қырғыз Республикасы !Қазақстан Республикасының
!Экономика министрлігі
!(Ж.Ә.Құлекеев)
____________________________________________________________________
Ресей Федерациясы !Қазақстан Республикасының
!Энергетика, индустрия және
!сауда министрлігі
!(В.С.Школьник)
____________________________________________________________________
Тәжікстан Республикасы !Қазақстан Республикасының
!Қаржы министрлігі
!(М.Т.Есенбаев)
____________________________________________________________________
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.