"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Изотоп" ғылыми-өндiрiстiк-коммерциялық бiрлестiгi" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiкке (бұдан әрi - "Изотоп" ҒӨКБ ЖШС) Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына:
1) "Маяк", Ресей, өндiрiстiк бiрлестiгімен жасалған 2000 жылғы 21 наурыздағы N 398/07622740/45003 келiсiм-шартқа сәйкес жалпы активтiлiгi 26 370 (жиырма алты мың үш жүз жетпiс) кюри, 248 600 (екi жүз қырық сегiз мың алты жүз) АҚШ доллары сомасына саны 1046 (бiр мың қырық алты) дана радиоактивтi сәулелену көзiн - өнеркәсiптiк мақсаттағы жасанды радиоактивтiк изотоптарды (ТМД СЭҚ ТН коды 284440);
2) жалпы активтiлiгi 1 066,3 (бiр мың алпыс алты бүтiн оннан үш) кюри (бөлiнетiн материалдың 261,7 грамы), 1 221 200 (бiр миллион екi жүз жиырма бiр мың екi жүз) АҚШ доллары сомасына саны 1 408 (бiр мың төрт жүз сегiз) дана радиоактивтiк сәулелену көздерiн - ядролық материалдарды (ТМД СЭҚ ТН коды 2844):
"Маяк", Ресей өндiрiстiк бiрлестігiмен жасалған 2000 жылғы 21 наурыздағы N 398/07622740/45004 келiсiм-шартқа сәйкес, жалпы активтiлiгi 863,5 (сегiз жүз алпыс үш бүтiн оннан бес) кюри (бөлiнетiн материалдың 50,2 грамы), 805 844 (сегiз жүз бес мың сегiз жүз қырық төрт) АҚШ доллары сомасына саны 148 (бiр жүз қырық сегiз) дана плутоний-238 негiзiндегi көздердi;
"Маяк", Ресей өндiрiстiк бiрлестiгiмен жасалған 2000 жылғы 21 наурыздағы N 398/07622740/45005 келiсiм-шартқа сәйкес жалпы салмағы бөлiнетiн материалдың 0,3 (нөл бүтiн оннан үш) миллиграмы, 3000 (үш мың) АҚШ доллары сомасына саны 50 (елу) дана уран-234 негiзiндегi көздердi;
"Маяк", Ресей өндiрiстiк бiрлестiгiмен жасалған 2000 жылғы 21 наурыздағы N 398/07622740/45009 келiсiм-шартқа сәйкес жалпы активтiлiгi 202,8 (екi жүз екi бүтiн оннан сегiз) кюри (бөлiнетiн материалдың 207,5 грамы), 409 400 (төрт жүз тоғыз мың төрт жүз) АҚШ доллары сомасына саны 1160 (бiр мың бiр жүз алпыс) дана плутоний-239 негiзiндегi көздердi;
"Маяк", Ресей, өндiрiстiк бiрлестiгiмен жасалған 2000 жылғы 21 наурыздағы N 398/07622740/45010 келiсiм-шартқа сәйкес жалпы салмағы бөлiнетiн материалдың 4 (төрт) грамы, 3000 (үш мың) АҚШ доллары сомасына саны 50 (елу) дана уран-238 негiзiндегi көздердi әкелуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi белгiленген тәртiппен:
1) "Изотоп" ҒӨКБ ЖШС-не өнiм импортына лицензия берсiн;
2) Қазақстан Республикасы бақылаушы органдарының әкелiнетін өнiмнің түпкiлiктi пайдаланылуын тексеруге қол жеткiзуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен әкелiнетiн өнiмге кедендiк бақылау жасауды және оның кедендiк ресiмделуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы
жөнiндегi комитетiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.