Екiбастұз көмiр бассейнi "Северный" разрезiне байланысты қосалқы бөлiмшелердiң маңызды технологиялық мәнiн ескере отырып, көмiр өндiрушi разрездердiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртiппен "Северный" разрезiмен технологиялық байланысты қосалқы бөлiмшелердiң мүлкiн 1996 жылғы 5 желтоқсандағы N 04/008-96 сатып алу-сату келiсiмшартына N 6 қосымшаға сәйкес, "Трудовая" және "Ударная" станцияларын қоспағанда, "Екiбастұз энергоорталығы" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына берудi қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағына сәйкес берiлген мүлiктiң базасында
"Солтүстiк жүк тиеу-көлiк басқармасы" жауапкершiлігі шектеулi
серiктестiгiн құруды;
2) "Солтүстiк жүк тиеу-көлiк басқармасы" жауапкершiлігi шектеулi
серiктестiгiнде қатысудың жүз пайыздық үлесiн "Ресей БЭЖ" РАҚ-ның
меншiгiне берудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.Н.