Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2000 жылғы 6 наурызда Тегеранда жасалған ЭКО мүше-елдер арасындағы Сауда ынтымақтастығы туралы шектемелі келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Эко мүше-елдері арасындағы сауда ынтымақтастығы туралы шектемелі келісім Кіріспе
Осы келiсiмге қол қоюшы-елдердiң Үкiметтерi (бұдан әрi - "Уағдаласушы тараптар"); Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымдарының (бұдан әрi - "ЭКО") мүше-елдерi бола отырып;
ЭКО Жарғысы-Измир Шартында баяндалған мақсаттары мен мiндеттерiн және ЭКО аймағы үшiн Экономикалық Ынтымақтастық Стратегиясының ережелерiн ескере отырып,
ЭКО мемлекет және үкiмет басшыларының 1-шi Кездесуiнiң Тегеран коммюникесi туралы (1992 ж. ақпан), мемлекет және үкiмет басшыларының 2-шi Кездесуiнiң Бiрлескен коммюникесi мен Декларациясын (Стамбул, 1993 ж. шiлде), мемлекет және үкiмет басшыларының 3-шi Кездесуiнiң Бiрлескен коммюникесi мен Исламабад Декларациясын (Исламабад, 1995 ж., наурыз), мемлекет және үкiмет басшыларының 4-шi Кездесуiнiң Ашхабад декларациясы мен мемлекет және үкiмет басшыларының кезектен тыс Кездесуiн (1996 ж. мамыр және 1997 ж. мамыр) және мемлекет және үкiмет басшыларының 5-шi Кездесуiнiң Алматы Декларациясын (Алматы, 1998 ж. мамыр) есте сақтай отырып;
Аймақтың тұрақтылығы мен гүлденуi үшiн маңызды болып табылатын барлық мүше-елдердiң экономикалық өсуi мен дамуын қамтамасыз ету мақсатында ЭКО шеңберiнде сауда ынтымақтастығын тереңдетуге ұмтыла отырып;
Халықаралық ережелер мен нормаларға сәйкес келетiн аймақiшiлiк сауданы қамтамасыз ету тетiгiн құру туралы өзiнiң шешiмiн растай отырып және көбiнесе, ЭКО аймағында сауданы ырықтандыруды қамтамасыз етудiң маңыздылығына мән бере отырып;
Бүкiлдүниежүзілік Сауда Ұйымына (БСҰ) әлi енбеген мүше-елдердiң осы бағыттағы қажеттi шараларын жүзеге асыру ниеттерiн қолдай отырып;
Ынтымақтастықты кеңейту қажеттiлiгiн, БСҰ кiру процесiнде тұрған мүше-елдерге қолдау мен көмек көрсетудi мойындай отырып;
Тарифтiк емес кедергiлер аймақ iшкiлiк тауар айналымына айтарлықтай кедергiлер туғызатындығын сезiне отырып;
Соңғы жылдары Келiсушi тараптардың өзiнiң саудасын ырықтандыру және өзiнiң экономикасын одан әрi ашу мақсатында қабылдаған елеулi бiржақты күш салуларды атай отырып;
Сауданы бiрте-бiрте ырықтандыру жөнiндегi өзiнiң мiндеттемелерiн растай отырып;
Қазiргi уақытта ЭКО аймағындағы жалпы сауда көлемiнде өте аз үлес құрап отырған iшкi аймақтық саудаға жәрдемдесудiң аса қажеттiлiгiн ескере отырып;
Кедергiлердi, әсiресе тарифтiк емес, жоюға, саудаға айтарлықтай жәрдем көрсету үшiн бiрте-бiрте толық шешімдiлiкте бола отырып;
Төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап. Принциптер
1. Уағдаласушы тараптар аймақiшiлiк сауданы кемсiтпеу және бiр-бiрiне қатысы бойынша теңдік принципiнде жүзеге асыруға келiседi.
2. Уағдаласушы тараптар аймақiшiлiк және кейiнгi аймақ аралық сауданы қолдау мақсатында сауданы ең бастысы сауданы ырықтандыру жолымен сауда ынтымақтастығын нығайту бойынша күш салады.
3. Уағдаласушы тараптар ЭКО аймағында сауда ынтымақтастығын тереңдетуге бағытталған шараларды немесе бастамаларды iске асыру кезiнде ортақ пайдалылық принципiн басшылыққа алады.
2-бап. Сауды ынтымақтастығының салалары
1. Уағдаласушы тараптар тарифтiк емес кедергiлердi бiрте-бiрте жоюды, сондай-ақ ақталымды уақыт кезеңiнде тарифтердi бiрте-бiрте төмендетудi қарастыратын ЭКО (ЕСОТА) Сауда Келiсiмiне қатысуға келiсiм бередi.
2. Уағдаласушы тараптар сауданы ырықтандыру процесiн қолдау үшiн ынтымақтастықтың басқа салаларын зерттейтiн болады.
3-бап. ЕСОТА дайындау
Сарапшылар тобы жоғары деңгейде (ГЭВУ) ЭКО аймағында тарифтiк және тарифтiк емес кедергiлер бойынша тәсiлдердi, қамтуды және ЕСОТА iске асырудың кестесiн қоса алғанда ЕСОТА жобасын дайындайды. Бұл топ сонымен бiрге 9-бапта көзделгенiндей сауда министрлерiне олардың функцияларын орындауға көмектесетiн болады.
4-бап. ЭКО елдерiнiң басқа аймақтық және
халықаралық ұйымдармен сауда ынтымақтастығы
Уағдаласушы тараптар арасындағы сауда ынтымақтастығын толықтыру мен кеңейту және әлемдiк сауданың тез өзгерiп тұратын сыртқы шарттары мен үрдiстерiне ден қою мақсатында Уағдаласушы тараптар аймақтық және халықаралық деңгейде ынтымақтастықты нығайту үшiн тұрақты түрде консультациялар өткiзетiн болады.
5-бап. Сауда саласының ақпараты аясындағы
ынтымақтастық
Уағдаласушы тараптар сауда жөнiндегi ЭКО ақпарат жүйесi өзiнiң сыртқы саудасының құрамы мен бағыттылығы тарифтiк құрылымы, сауда ережелерi мен сақтандыру мәселелерi, банк iстерi, көлiктiк iскерлiк ұсыныстар ауысымы, әрiптестiк ұсыныстар, тендерлер бойынша елдер мен секторларды, компанияларды бiлдiру мүмкiндiк шектерiнде және басқа да қызмет көрсетулер бойынша мәлiметтер мен ақпараттарды жинау үшiн құрылу тиiстілігiмен келiседi. Бұл мәлiметтердi Уағдаласушы тараптардың мемлекеттiк және жеке ұйымдары пайдалану үшiн қол жеткiзiлiмдi болады. Сауда ақпараттарын ұсынатын Уағдаласушы тараптардың кез келген ұлттық ұйымдарының ақпараттық жүйе құру iсiндегi ынтымақтастығы көтермеленетiн болады.
6-бап. Сауданы қаржыландыру.
Осы Келісiмде баяндалған сауда нәтижелерiн жеңiлдету үшiн уағдаласушы тараптар сауда саласындағы ЭКО-ның қазiргi Келiсiмдерiн тиiмдi орындауда және сауданы қаржыландырудағы, банк iсiндегi және сақтандырудағы өзiнiң ынтымақтастығын кеңейтуде ынтымақтасатын болады.
7-бап. Зерттеулер жүргізу және кадрларды оқытудағы
техникалық ынтымақтастық
Халықаралық сауда саласында оқу және зерттеу мүмкiндiктерi бар Уағдаласушы тараптар Уағдаласушы тараптарға, бәрiнен бұрын Орта Азия елдерi мен Әзiрбайжанға оқу курстарын, зерттеулер тәжiрибесiмен алмасуды ұсынады және оларға техникалық көмек (мысалы, сарапшылары мен консультанттары бар қызмет көрсету түрiнде) көрсетедi.
8-бап. Мемлекеттік және жеке кәсiпорындар
арасындағы сауданы қолдау
Аймақтық iшкi сауданы көтермелеу мақсатында Уағдаласушы тараптар мемлекеттiк және жеке кәсiпорындар арасында қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты орнату бойынша күш салады.
9. Министрлер конференциясы, орындау барысын
қарау және мониторинг
1. Сауда/сыртқы сауда министрлерiнiң конференциясы ЭКО-ның сауда саласындағы басқа келiсiмдерiнiң iске асуын бақылауды, үйлестiрудi және зерделеудi жүзеге асыратын болады. Министрлер конференциясы, қажетiне қарай, шектемелi келiсiмнiң және одан туындайтын басқа да келiсiмдердiң орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру үшiн жоғары лауазымды қызмет иелерiнiң тобын тағайындай алады.
2. ЭКО сауда-өнеркәсiп палатасының төрағасы министрлер конференциясына бақылаушы ретiнде қатыса алады.
10. Келiспеушiлiктердi реттеу.
Уағдаласушы тараптар арасындағы осы келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға қатысты кез келген келiспеушiлiктер тараптар арасындағы мүмкiншiлiктi достық ахуалда шешiлетiн болады. Қажет кезде пiкiр қайшылықтары сауда/сыртқы сауда министрлерiнiң конференциясымен шешiлетiн болады.
11-бап. Басқа келiсушiлiктер
1. Осы Келiсiм немесе осы бойынша қабылданған кез келген iс-қимыл уағдаласушы тараптардың олар тараптары болып табылатын қандай да болмасын бар келісімдерi бойынша құқықтары мен мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.
2. Осы Келiсiмде ештеңе де келiсушi тараптардың осы Келiсімнiң шарттары мен мақсатына қайшы келмейтiн басқа келiсiмдер жасау құқығына ықпал етпейдi.
12-бап. Жалпылама ерекшелiктер
Осы Келiсiмде ештеңе де уағдаласушы тараптардың кез келгенiне өзiнiң ұлттық қауiпсiздiгiн, дiни құндылықтары мен қоғамдық моральды, адам өмiрi мен денсаулығын, жануарлар мен өсiмдiктердi, көркем, тарихи және археологиялық құндылығы бар заттарды қорғау үшiн қажет деп табатын iс-
қимыл мен шараларды қолдануына, сондай-ақ осы шектемелi келiсiмнiң ережелерiне қайшы келмейтiн басқа шаралар қолдануына кедергi келтiрмейдi. 13-бап. Түзетулер Осы Келiсiм уағдаласушы тараптармен келiсiлген түзетулер енгiзу жолымен өзгертілуi мүмкiн. Келiсiмге енгiзiлген түзетулер оларды келiсушi тараптар қабылдағаннан кейiн күшiне енедi. 14-бап. Күшiне ену Осы Келiсiм ЭКО-ның, ең болмағанда, бес мүше елi ЭКО хатшылығына қабылдау немесе бекiту туралы хабар бергеннен кейiн ғана күшiне енедi. 15-бап. Қорытынды ереже Осы Келiсiм оның расталған көшiрмесiн уағдаласушы тараптың әрқайсысына кешiктірмей жiберетiн ЭКО Хатшылығына берiлетiн болады. Төменде қол қойғандар растау үшiн ЭКО сауда ынтымақтастығы туралы осы шектемелi келiсiмдi жасады. 2000 жылғы 6-наурызда Тегеранда ағылшын тілiндегi жалғыз данада қол қойылды. Ауғанстан Ислам Мемлекетiнiң Yкiметi үшiн _________________ Әзiрбайжан Республикасының Yкiметі үшiн _________________ Иран Ислам Республикасының Yкiметi үшiн _________________ Қазақстан Республикасының Yкiметi үшiн _________________ Қырғыз Республикасының Yкiметi үшiн _________________ Пәкiстан Ислам Республикасының Yкiметi үшiн _________________ Тәжiкстан Республикасының Yкiметi үшін _________________ Түрік Республикасының Үкіметі үшін _________________ Түрікменстан Үкіметі үшін _________________ Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін _________________ Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.