1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетiнiң құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 45 P000045_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 2, 18-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетiнiң кейбiр ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 тамыздағы N 1227 P001227_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағының күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 18 қазандағы N 1552 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегінде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы салааралық үйлестiрудi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) ведомствосы болып табылады.
Комитеттiң мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық бөлiмшелерi болады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, министрлiк туралы ережеге, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң (мемлекеттiк орган) ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өзiнiң мемлекеттiк тiлдегi атауы жазылған мөрi және мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кiруге және егер ол осыған заңнамаға сәйкес уәкiлеттi болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша, заңнамада белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтармен ресiмделген шешiмдер қабылдайды.
5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Пушкин көшесi, 166/5.
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеті (Мемстандарт)" мемлекеттiк мекемесi.
8. Комитеттiң құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының Үкiметi,
Комитеттiң құрылтайшылық құжаты - осы Ереже болып табылады. 9. Комитеттiң және оның мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке өзiнiң функциясы болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджетке жiберiледi. 2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары 10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 1) стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;
2) стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру;
3) Қазақстан Республикасының стандарттау, сертификаттау мемлекеттiк жүйелерiнiң жұмысын жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру өлшем бiрлiгiн және эталондық базасын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеудi қамтамасыз ету;
5) стандарттау метрология және сертификаттау саласындағы бiлiктiлiктi кадрларды дайындауға қатысу;
6) мемлекеттiк органдардың қызметiн, жеке және заңды тұлғалардың бiлiктiлiгi мен кодтау жөнiндегi техникалық экономикалық ақпаратын үйлестiру, өнiмдердi тiзiлiмдемелеу;
7) метрология саласындағы iргелi зерттеулердi ұйымдастыру және жүргiзу;
8) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарын сақтауға, өнiм сапасына, өлшем құралының жай-күйi мен қолданылуына, сондай-ақ сертификаттау және сынақ зертханалары, орталықтар бойынша тiркелген органдардың қызметiне мемлекеттiк қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру;
9) сертификаттау сертификациялық сынаулар жөнiндегi жұмыстарды, өлшемдердi орындау әдiстемелерiн әзiрлеудi және аттестациялауды, өлшем құралдарын, олардың үлгiлерiн бекiту мақсатында және бекiтiлген үлгiге сәйкестiгiн тексерудi және сынауды жүргiзу құқығына мемлекеттiк сертификаттау және ұйымдардың өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жүйелерiнде тiркеу.
11. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес және заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобасын әзiрлеуге қатысады және әзiрлейдi;
2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысады, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметiн үйлестiредi;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес және халықаралық тәжiрибенi ескере отырып мемлекеттiк стандарттау, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету, сертификаттау жүйесiн жетiлдiредi және дамытады;
4) мемлекеттiк эталондардың шамалар бiрлiгiн құру, бекiту, сақтау және қолдану ережесiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасының эталондық базасын жетiлдiредi;
5) республикадағы қолдануға рұқсат етiлген шамалар бiрлiгiн белгiлейдi;
6) өлшем құралдарына әдiстерi мен нәтижелерiне жалпы метрологиялық талаптарды анықтайды;
7) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында iргелi зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;
8) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбiн анықтайды, Қазақстан Республикасының негiзгi стандарттарын әзiрлеудi және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын тиiстi халықаралық және аймақтық стандарттармен үйлестiру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
9) өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiн тiркеудi жүргiзедi;
10) сертификаттау мен сертификациялық сынақ бойынша жұмыстарды жүргiзу құқығына заңды тұлғаларды тiркеудi жүргiзедi;
11) сертификаттау бойынша сарапшы-аудиторлар ретiнде мамандарды тiркеудi жүргiзедi;
12) өлшемдердi орындау әдiстемелерiн аттестаттауға, өлшем құралдарын калибрлеуге, өнiмдердi, өндiрiстiк қызмет көрсетулердi және сапа жүйелерiн, сертификациялық сынақтарды сертификаттау құқығына заңды тұлғаларды тiркеу тәртiбiн белгiлейдi;
13) өз құзыретiнiң шегiнде заңды және жеке тұлғалардың қызметiн лицензиялайды және берiлген лицензиялар мен тiркеу аттестаттарының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi;
14) стандарттау, метрология, сертификаттау, тiркеу сапа жүйесi, мемлекеттiк қадағалау мен инспекциялық бақылау саласында мамандарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлау жөнiндегі жұмыстарды үйлестiруге қатысады; көрсетiлген бағыттар бойынша жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқу бағдарламаларын келiседi;
15) саудадағы техникалық кедергiлердi жою мақсатында стандарттау, метрология және сертификаттау саласында халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
16) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық және аймақтық ұйымдарда өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi;
17) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды тiркеудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасы стандарттарының мемлекеттiк қорын, мемлекетаралық, аймақтық халықаралық және басқа елдердiң ұлттық стандарттарын қалыптастыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi;
19) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын, мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық ұйымдардың ережелерi мен ұсынымдарын шығаруды, қайта шығаруды және таратуды ұйымдастырады;
20) орталық, жергiлiктi атқарушы органдарды, басқа да ұйымдарды өнiмге және шығарылатын өлшем құралдарына арналған, тiркелген нормативтiк құжаттар туралы, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы нормативтiк кесiм талаптарының өзгерiстерi туралы хабарлайды;
21) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық және аймақтық ұйымдарға мүше елдерге Қазақстанның пiкiрi бойынша сауда қатынастарында техникалық кедергiлер келтiруi мүмкiн әзiрленiп жатқан жобалар мен қолданылып жүрген халықаралық және аймақтық нормативтiк құжаттарға түсiндiрмелер (пiкiрлер) жолдайды;
22) өнiм сапасына, өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуына, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының, сертификаттау ережелерiнiң, метрологиялық ережелердiң сақталуына мемлекеттiк қадағалауды, сондай-ақ сертификаттау жөнiндегi органдар мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiне мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады;
23) Қазақстан Республикасының аумағына көптеп шығарылатын немесе топтап әкелiнетiн өлшем құралдарының үлгілерiн бекiтедi;
24) азаматтық және қызметтiк қару-жарақ пен олардың патрондарының мемлекеттiк кадастрын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi, сондай-ақ оны шығаруды және жүргiзудi ұйымдастырады;
25) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзiне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
12. Комитет өзiне жүктелген негiзгi мiндеттердi өз құзыретiнiң шегiнде iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеуге және дайындауға қатысуға;
2) стандарттаудың, сертификаттаудың және өлшем бiрлiгiнiң халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттiк жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн орталық, жергіліктi атқарушы органдарға және басқа да ұйымдарға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыруға қатысуға;
3) шет елдердiң тиiстi ведомстволарымен, халықаралық ұйымдарымен және шет елдердiң заңды тұлғаларымен стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттар жасасуға, келiссөздер жүргізуге және келiсiмдерге қол қоюға;
4) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға, нұсқау беруге және орындалуы үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
5) өнiм сапасына, өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуына мемлекеттiк қадағалау, сондай-ақ сертификаттау жөнiндегi органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде меншiк нысандарына қарамастан ұйымдарда болуға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шаруашылық субъектiлерiн тексерудi жүзеге асыруға;
6) заңды және жеке тұлғаларға заңнамада белгiленген стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар талаптарының бұзылу фактiлерi анықталған кезде заңды және жеке тұлғаларға заңдарда белгiленген шаралар қолдану жөнiндегi шешiмдер қабылдауға;
7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайларда өнiмдер мен тауарларды жою жөнiндегi комиссияның жұмысына қатысуға;
8) басқа мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандарды стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы бiрлескен жұмыстарға тартуға;
9) өлшем құралдарының үлгiлерi бекiтiлген сертификаттарын, тауардың шығу сертификаттарын беруге;
10) шетелдiк сертификаттарды, тану шарттарын белгiлеуге, сынақ орталықтарын, салыстырып тексеру зертханаларын және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сертификаттау жүйесiндегi сертификаттау жөнiндегi органдарға тiркеу жүргiзуге;
11) мемлекеттiк органдармен және басқа да заңды тұлғалармен бiрлесiп стандарттау, метрология және тiркеу саласындағы нормативтiк құжаттарды әзiрлеу үшiн стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердi құруға;
12) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындармен мемлекеттiк басқару органы болуға, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға;
13) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқы бар.
3. Комитеттiң мүлкi
13. Комитеттiң оқшауланған мүлiктi жедел басқару құқығы бар.
Комитеттiң мүлкi өзiне мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және құны Комитеттiң меңгерiмiнде көрсетiлетiн, мүлiктiң негiзгi және өзге де қорларынан тұрады.
14. Комитетке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төраға бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының стандарттары мен өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауапкершiлiкте болады.
18. Төраға осы мақсатта:
1) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң және оның стандарттар мен өлшем құралдарын мемлекеттiк қадағалау жөнiндегі аумақтық бөлiмшелерiнiң, өзiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының функциялық мiндеттерi мен өкiлеттiгiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Комитет аппаратының қызметкерлерiн, стандарттар мен өлшем құралдарын мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аумақтық бөлiмшелерiнiң, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн, стандарттар мен өлшем құралдарын мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аумақтық бөлiмшелерiнiң, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын марапаттайды, сондай-ақ оларға тәртiптiк жаза қолданады;
4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi, стандарттар мен өлшем құралдарын мемлекеттік қадағалау жөнiндегi аумақтық бөлiмшелер туралы ережелердi, өзiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың Жарғыларын (Ережелерiн) бекiтедi;
6) мемлекеттiк мекемелерде және өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан
өкiлеттiк етедi; 7) құрылымдық бөлiмшелердiң, стандарттар мен өлшем құралдарын мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аумақтық бөлiмшелерiнiң және өзiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн үйлестiредi және бақылайды; 8) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 19. Комитет жанынан санын және жеке құрамын Комитеттiң төрағасы бекiткен консультативтiк-кеңес органы-алқа құрыла алады. Алқаның құрамына Комитет аппаратының қызметкерлерi мен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк ұйымдардың басшылары кiре алады. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 18 қазандағы N 1552 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң құрылымы Басшылық Стандарттау, метрология мен сертификаттау басқармасы Аккредиттеу және сапа жүйелерi бөлiмi Қаржы, кадр жұмысы және халықаралық ынтымақтастық бөлiмi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 18 қазандағы N 1552 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi ------------------------------------------------------------- Р/с ! Кәсiпорын атауы ! Орналасқан жерi N ! ! ------------------------------------------------------------- 1. "Қазақстан метрология Астана қаласы институты (ҚазМетрИн)" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 2. "Қазақстан стандарттау Астана қаласы мен сертификаттау институты (ҚазСтИн)" шаруашылық жүргiзу құқындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.