"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне Еуропалық Комиссияның "Ядролық төтенше жағдайларға дайындық" тегiн iзгілiк көмек бағдарламасының шеңберiнде Қазақстан Республикасының аумағына үш иондаушы сәулелену көзiн (Цезий-137, 333 КБк, Америций-241, 1 КБк және Стронций-90, 2 КБк) (СЭҚ ТН коды 284440) Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгіне жоғарыда көрсетiлген өнiмдердi әкелуге лицензия берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлігiнің Кеден
комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен көрсетiлген өнімнің кедендiк
бақылануы және кедендiк ресiмделуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы
жөніндегі комитетiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.