"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Изинта" Сауда ЖШС-мен (Венгрия Республикасы, Будапешт қаласы) 1999 жылғы 30 маусымда жасалған қызмет көрсетулерге арналған ауқымды келiсiм-шартқа сәйкес химия комбинаттарын салу және монтаждау жөнiндегi "Ведепсер" акционерлiк қоғамына (Венгрия Республикасы, Будапешт қаласы) Венгрия Республикасынан Қазақстан Республикасына саны 10 дана жалпы активтiлiгi 27.75 ТБк Иридий-192 иондаушы сәулелену көзiн (СЭҚ ТН коды 2844) әкелуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен жоғарыда көрсетiлген өнiмдi экспорттауға химия комбинаттарын салу және монтаждау жөнiндегi "Ведепсер" акционерлiк қоғамына лицензия берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi өнiмдердi кедендiк бақылауды және кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз
етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика,
индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетiне
жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.