Іле-Балқаш бассейні экологиялық жүйесінің күйреуі қаупіне әлемдік қоғамдастық пен әлемдік қаржы институттарының назарын аудару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстары әкімдерінің және "Табиғат" Қазақстан қауымдастықтары мен кәсіпорындары экологиялық одағының 2000 жылғы 16-18 қарашада Алматы қаласында "Балқаш-2000" халықаралық экологиялық форумын өткізу туралы бастамасы мақұлдансын.
2. Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстары жергілікті атқарушы
органдарының ұсыныс бойынша форумды өткізу жөніндегі шығыстар тиісті
облыстық бюджеттерден жүзеге асырылатыны ескерілсін.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігі форумды өткізудің қорытындысы жөнінде есеп әзірлесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Балабекова Г.Г.