Тікелей инвестицияларды тарту, отандық өндірісті қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Өскемен қаласында автомобиль құрастыру өндірісін құру туралы бастамасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі
заңнамада белгіленген тәртіппен "БИПЭК АВТО" ЖШС-мен келісім-шарт жасасу
мүмкіндігін қарасын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі, Қазақстан
Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі жоғарыда көрсетілген
келісім-шарт жасалған жағдайда тікелей инвестицияларға мемлекеттік қолдау
көрсету жөнінде тиісті шараларды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.