Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 P000367_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 13-14, 140-құжат)
мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралардың жоспарында:
4-басымдық. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және игілігі
тарауында:
4.7. Мәдениет және спорт бөліміндегі:
реттік нөмірі 4.7.1.22-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Орынбекова Д.К.
Қобдалиева Н.М.