Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 2000 жылғы 13 маусымда Душанбе қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігi мен Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Кеден комитетінің арасындағы шекаралар арқылы заңсыз тасымалданатын мәдени құндылықтарды ұстау және қайтару мәселелерi жөнiндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігi мен Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Кеден комитетінің арасындағы шекаралар арқылы заңсыз тасымалданатын мәдени құндылықтарды ұстау және қайтару мәселелерi жөнiндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы
КЕЛIСIМ
(2000 жылғы 30 қарашада күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Тәжiкстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Кеден комитетi,
мәдени құндылықтардың заңсыз әкелiнуi, әкетілуi және транзитi, оны қорғауға кеден және мемлекеттiң өзге құзыретті органдары қорғауға мiндетті халықтың мәдени байлығына нұқсан келтiретiнiн атай отырып,
мына төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң атынан осы Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру жөнiндегi құзыреттi орган Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi болып табылады.
Тәжiк Тарапынан осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру жөніндегi уәкiлетті орган Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Кеден комитетi болып табылады.
Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар бойынша уақтылы хабарланатын болады.
2-бап
Тараптар мемлекеттерiнiң мемлекеттiк шекаралары арқылы мәдени құндылықтардың заңсыз тасымалдануымен күрестi күшейтуге ұмтылады.
3-бап
Мәдени құндылықтар Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарында қарастырылған жағдайларда осы мемлекеттерден әкетуге рұқсаттар бойынша әкетiлуi мүмкін.
Осы Келiсiм бойынша мәдени құндылықтар түсiнiгi әр Тараптың ұлттық заңдарына сәйкес анықталады.
4-бап
Мәдени құндылықтарды әкетуге рұқсатты әкету жүзеге асырылатын аумақ мемлекетiнiң уәкiлеттi органдары береді.
Тараптар рұқсат бланкiлерi үлгiлерiнiң қажеттi санымен және олар расталатын мөрлердiң бедерлемелерiмен алмасады.
5-бап
Мәдени құндылықтарды тасымалдаушы жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалардың өкілдерi өздерiнде осындай құндылықтардың барлығы туралы хабарлауы және кедендік бақылау үшін әкетуге рұқсаттармен бiрге көрсетуге тиiс.
Мәдени құндылықтарды әкетуге рұқсаттар болмаған кездерде соңғылары тоқтатылады және олар туралы осы құндылықтар әкетiлген аумақ мемлекетi Тараптарының бiрiне дереу хабарланады. Осындай жағдайларда, мәдени құндылықтарды әкетуге рұқсаттар көрсету үшiн екi айдан аспайтын мерзiм белгiленедi.
6-бап
Тараптар:
- әкетуге рұқсаттарымен алып жүрілмеген, ұсталған мәдени құндылықтарды әкетiлген мемлекетке қайтаруды;
- мәдени құндылықтарды заңсыз тасымалдау үшін ұсталған тұлғаларды жауапқа тартқан жағдайларда, осы құндылықтарды әкетілген мемлекетке қайтару аталған тұлғалардың жауапкершілігі туралы шешім заңды күшіне енгеннен кейін жүргізуді;
- қайтарылатын мәдени құндылықтарды тапсыру мен қабылдау үшiн өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн тағайындауды;
- Тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес әкетуге тыйым салынған мәдени құндылықтар туралы ақпаратпен өзара алмасуды қамтамасыз етуге келiстi.
7-бап
Тараптардың кеден органдары ұстаған мәдени құндылықтар осы Келiсiмнiң 5-бабының 1-тармағына сәйкес тiкелей осыған уәкiлеттi өкiлдерiне қайтарылады және мәдени құндылықтарды қайтаруға байланысты барлық кiнәраттарды аумағынан әкету жүзеге асырылған мемлекет қарастырады.
8-бап
Тараптар осы Келiсiмді қолдану жөнiнде бiр-бiрiне өзара көмек көрсетедi, мамандардың сапарларымен (егер Тараптардың бiрi қажет санаса), ұсталған мәдени құндылықтарды сақтау, тасымалдау әкелiнген немесе транзит мемлекетiнен әкетілген мемлекетке қайтаруға байланысты шығындарды өтеуден басқа. Аталған шығындарды әкетiлген мемлекеттiң кеден қызметi өтейдi.
Осы Келiсiмге сәйкес қайтарылатын мәдени құндылықтарға кедендiк немесе басқа төлемдер салынбайды.
9-бап
Тараптар ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде тұрақты түрде кеңеседi және осы Келiсiмдi орындау шеңберiнде тәжiрибемен алмасуды жүзеге асырады.
10-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн пайымдауға және орындауға байланысты барлық даулы мәселелер Тараптар арасындағы келiссөздер жолымен шешiледi.
Тараптардың келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi және Келiсiмнiң 14-бабында белгiленген тәртiпте күшiне енедi.
11-бап
Тараптар арасындағы хат жазысу орыс тiлiнде жүргiзiледi.
12-бап
Осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн екi ай барысында Тараптар олардың мемлекеттерінде мәдени құндылықтарды әкелудiң тәртiбiн анықтайтын нормативтiк құқықтық актілердiң көшiрмелерiмен алмасады және келешекте осы нормативтiк құқықтық актiлердегi барлық өзгерiстер туралы жүйелi түрде хабарлап тұрады.
13-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың басқа халықаралық шарттарға сәйкес қабылданған міндеттемелерін қозғамайды.
14-бап
Осы Келiсiм Тараптардың бiр-бiрiне дипломатиялық каналдар бойынша Келiсiмнiң күшiне енуiн қамтамасыз ететiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы хабарлағаннан кейiн күшiне енедi және 5 жыл бойы қолданылады, одан кейiн, егер Тараптардың бiрде-бiрi тиiстi мерзімге алты ай қалғанда оның қолданылуын тоқтату туралы өзiнiң ниетiн жазбаша нысанда мәлімдемесе, ол автоматты түрде келесi 5 жылға ұзартылады.
1999 жылғы 13 маусымда Душанбе қаласында қазақ, тәжiк және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi бұл ретте барлық мәтiндер бiрдей болып табылады.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру қажет болған кездерде орыс тiлiндегi мәтiн негiзге алынады.
Қазақстан Республикасы Тәжікстан Республикасы
Мемлекеттік кiрiс министрлiгінiң Үкiметiнiң жанындағы
Кеден атынан комитетiнiң атынан
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.